азбан қошқардай, Сөзіңді мен отырмын. Сірә да сенің ұнатпай
(Жамбыл). Азбар//албар − қора, жабық кішкене қора. Атты
азбарға байла.
Сиырды бұзауымен
азбарға енгіз. Бұл сөз орыс тілінде
амбир түрінде алынған.
Арғы төркіні көне түркі тіліндегі
анбар болуы тиіс
(Ушаков Д. Н. Толк. сл. русс. яз. т.І. М., 1936). Қазіргі тілімізде бұл сөз
албар, азбар түрінде кездеседі
(Досқараев Ж. ҚТЖЕ., А., 1955, 8). Азбар – қора ішінен салынатын кішкене
қора. Қазақ оны қараңғылап ішіне соғым малын бордақылайды. Көбіне қараңғы
азбар жасайды
(Қыдырбекұлы Қ. ТСТБ. А., 1993, 32). Еті арып, тулақ болған
тұлпарларың,
Азбарға өзі келді жемін жерге
(Нұртуған). Айбалта −
ұзын сапты, өткір жүзді балта сияқты көне соғыс құралы. ХV–ХVІ ғасырлардан қалған деп жүрген нұсқауларда бұл қару
ала балта болып келген. Кейін
айбалта сөзіндегі
ай компоненті сол қарудың формасына
(жарты ай тәрізді иілген) байланысты айтылған болу керек. Руластар сойылмен,
айбалтамен, найзамен қаруланған жасауыл жасақтап, оларды берешек
адамның руының бір ақсақалының малын барымталап келуге аттандырады
(М.Елеусізов). Байлаған белге саржа, оқ соғады ерге сартылдап! Белбауға ілген
айбалта, Ұрғылайды жамбасты
(Нұртуған). «Найза, мылтық,
айбалта Арқалап
жаяу қайтем» деп, Қарамады садаққа
(Нұртуған). Айғабақ –
тудың басына ілінетін ай сияқты темір зат (ТС., Іт., А., 1959, 17). Мұны заттың тегіне қарап
алтын қабақ, күміс қабақ деп те атайды.
Спорттық ойындардың қиын түрі
алтын қабақ ату болды. Мергендердің
қабақ атып түсіруі жоғары бағаланды, атып түсіргендері үлкен жүлде алып отырды.
Кейінірек
алтын қабақпен қатар
жамбы ату /күміс қабақ ату/ да орын алды
(ҚСТ. Іт., А., 1957);