Көнерген аталымдардың (архаизм) қазіргі әдеби тілде ауыспалы
мағынасы көп болады.
Мысалы,
байтақ
сөзінің бір мағынасы:
хандық, ел
(көнерген жағы). Ал, екінші бір мағынасы:
ұшы-қиыры жоқ, кең байтақ жер
деген мағынада қолданылады.
Көнерген аталымдардың (архаизм) қазіргі әдеби тілде синонимдері
болады.
Мысалы:
құн –
баға – нарық;
найз
а – сүңгі – шанышқы т.б. Бұл туралы
К. Аханов та өз еңбегінде атап өтеді: «Әрбір архаизмнің қазіргі тілде синонимі
болады. Бірақ мұндай синонимдердің архаизм сыңары активті сөздіктен шығып
қалады» [20, 149 б.].
Кейбір көнерген аталымдар (архаизм) мағынасы жаңарып, активті
сөздікке қайта ауысып отырады.
Мысалы,
бай, қалыңдық, бәйбіше
т.б.. Бұл
сөздердің ескі мағыналары жойылады да, заманға сай конкреттік шындықты
көрсетерлік үстеме мағыналарға ие болады.
Көнерген аталымдар (архаизм) көркем әдебиетте көтеріңкі стиль
жасауға қажетті аталымдар.
Мысалы,
Даңғой мен надандарын үміт артар,
Малындай өргізетін жүр қоралап. Ажалы ондай жанның қырағы көз, Салып
өт
сөз найзасын
тек туралап!
[Н.К.Іт].
Сөз мағынасының дамуы нәтижесінде мағынаның не кеңейіп, не тарылып
отыру заңдылықтары туады. Халықтың экономикалық, әлеуметтік, саяси,
мәдени өміріне, адамдардың өндірістік қызметіне байланысты туған
өзгерістердің бәрі ең алдымен сөздік құрамға әсерін тигізеді. Қоғамның тарихи
дамуында болған барлық процесс лексикада өзінің ізін қалдырып отырады.
Азамат қоғамының үнемі өзгеруі мен дамуы, адам санасының жетілуі оның
тіршілігін жаңа аталымдармен толықтыру мәселесін туғызады. Ол өз кезегінде
тілдің сөзжасам заңдылықтарына сәйкес жаңа аталымдар жасап, жаңа
номинативті белгілер түзеді. Осымен байланысты, тіл білімінде анықталған
екіншілік мағына – сөзжасамдық үдерістер нәтижесінде жасалған жаңа
аталымның мағынасы.
Атаулар әлемі – бұл халықтың, ұлттың бүкіл тарихи тәлім- тәрбиесі, ұлт
тарихының түпсіз тереңіне ашылған жол, одан халықтың генетикалық түп-
тамыры, өзге халықтармен қарым-қатынасы, оның реалды материалдық және
рухани мәдениеті, өзара және өзге халықтармен мәдени байланыстарының
әлемі көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |