семантикалық көнерген аталымдар деп қарау керек.
Тіл білімінде көнерген аталымдар халық тарихымен тығыз байланысты.
Н. Кенжеғұлұлы мен Е. Көлдейбекұлы шығармаларындағы көнерген
аталымдардың түрлерінің бір-бірінен ерекшеліктері мен әрқайсысының өзіне
тән басты-басты белгілері бар. Ақындар шығармаларындағы
тарихи аталымдардың (историзм) өзіне тән белгілері:
Қазір мүлде жойылып кеткенімен, бір заманға тән көне дәуірдегі шындықты көрсететін тарихи аталымдар тобын құрайды. Мысалы,
құл, күң, атшабар, қосшы, жауырыншы т.б.
Тарихи аталымдардың қазіргі әдеби тілде синонимі болмайды. Мысалы,
құл, күң сияқты сөздерге қазіргі әдеби тілден синоним іздеу мүмкін
емес.
Тарихи аталымдарға көбінесе термин сөздер жатады. Мысалы,
хан, патша, таж сияқты сөздер әкімшілікке байланысты қалыптасқан термин
сөздер;
махшар, мәуліт діни ұғымға қатысты терминдер.
Тарихи аталымдар қолданыста жоқ заттар мен уақиғаның атауы болғандықтан, қазіргі әдеби тілде жаңа мағынаға ие бола алмайды. Мысалы,
болыс, сұлтан, жасауыл сияқты ұғымдардың жоғалуымен бірге бұл
сөздердің білдіретін атаулары да заңды түрде жойылды. Дегенмен тарихи
аталымдардың (историзмдердің) да қазіргі әдеби тілде жаңа мүмкіндігінің бар
екенін айтуға тиістіміз. Ол қазақ тіліндегі ұлттық терминдерді
қалыптастырумен байланысты болуы керек деп ойлаймыз.
Тарихи аталымдар көркем әдебиетте, тарихи шығармаларда өздерінің бастапқы тура мағынасында қолданылады. Нұртуған мен Ерімбет
шығармаларында
патша, құл, күң сөздері көптеп кездеседі. Мысалы,
22
Патшадан да сескенбей, Мінін айтқан олардың. Өлемін деп сескенбей, Зорлығын айтқан заманның [Н.К.Іт]
. «Түнімен жүк тасыған