құлдар мен күңдер де көз шырымын алуға қисайғанды» [Н.К.ІІт]
. Патшасы бұйырған соң біреу келді, Ғалидың айбаттысын көзі көрді [Е.К].
Қоғам формацияларының өзгеруіне байланысты бұл көнерген аталымдар
да мүлдем қолданыстан шықты. Тіл фактілерін қарастыру сол тілді игеріп,
түрлендіріп, бір грамматикалық арнаға қалыптастырған жасаушы халықтың
өмірімен тығыз байланысты болады. Тілдегі әрбір жеке сөздің мәнін ашу үшін
әдеби тілді құраған қоғам тарихына зер салған дұрыс. Кей жағдайда тарихи
аталымдар (историзмдер) мен көнерген аталымдардың (архаизм) шекарасын
ажырату да қиынға түседі. Мұндағы басты қиыншылықтардың бірі − көнерген
аталымдардың бұл екі тобындағы кейбір ұғымдардың көп мағынада
қолданылатындығы.
Тіл қоғамдық формациялардың бәріне де талғамай қызмет атқара береді,
әрі ол да дамып, күрделенеді. Бірақ сөйте тұрса да, қоғамдық формациялардың
жойылып кетуіне байланысты сол дәуірдегі шындықты көрсететін көптеген
аталымдар көнере бастайды. Сыр бойы ақындарының шығармаларында
кездесетін
падиша // патша, ханым, батыр, би, бай, молда, мырза, бек сияқты
сөздер осы салаға жатады. Мысалы, Нұртуған ақында:
Падишаға сәлем айт, Тұл қалған тақ пен жығадан. Ханымына сәлем айт, Айырылған баладан. Батырына сәлем айт, Қолынан туы құлаған. Билеріне сәлем айт, Құлқыны үшін билік сұраған. Байларына сәлем айт, Елін емес, малын құраған. Молдасына сәлем айт, Мағызы берген құраннан, Мырзасына сәлем айт, Қонақасыға ғана жараған [Н.К.ІІт]
− деп жырланады, ал Ерімбет ақын
шығармаларында былайша сипат алады:
Ұлығы Түркістанның Қожа Ахмет,