Жұқ болмас жұмырына
қомағайдың Нар
жүгін тастасаң да алқымына
(Нұртуған).
Жұпты (жүпті)
−
некелі.
Жұпты болу
–
некелі болу, заңды түрде ерлі-
зайыпты болып, жұрт алдында қосылу.
Сафиге Хауа-ананы етіп
жұпты,
Бір
еркек, бір ұрғашы жаралдыңдар
(Ерімбет).
«Баршын атты жан балам, сұлтанға
жүпті
болсын деп»
(«Алпамыс батыр»).
Жүзбасы
− жүз адамның басшысы. Омар соғыс кезінде жүзбасы болып
қызмет атқарды (ТС., Іт., А., 1959,247).
Танып қап жолаушыны ер Едіге,
Шақырып
жүзбасыға
тәртіп берді: Аңғысын − бұл елдегі менің досым,
Ұмытып, Нұрадин танған есін
(Нұртуған).
Жүраһат (жұрат, жұрағат)
− жекжат, туыс, ұрпақ, шөбере, ілік,
шөпшектің баласы (ТС., Іт., А., 1959,245).
Сөзіме құлақ салсаңдар, Көкірекке
тоқып алсаңдар, Ұрпақтарың көбейсін! Мәуесін шашқан шынардай,
Жүраһаттарың
көгерсін!
(Нұртуған).
Алаш пенен Наурыз – Қазақтан туып,
түледі. Наурыздан болмай
жүраһат
, Іштен тынып жүдеді
(Нұртуған).
Адал
жүр, анық басып, адыраймай, Жетеді асықпаған мұратына. Кері қайтып
кеселеген жарамайды, Халықтың әділ туған
жұратына
(Нұртуған).
Қарасар
ағайын жоқ өзі жалғыз,
Жұрағат
ілік те жоқ жаны ашыр
(Ғ. Малдыбаев).
Алаштан азар көрдім, өлген соң батыр қапыда, Әлді болған адам жоқ. Өзім
түгіл
жұрағат
Жеті атадан затымды
(О. Шипин).
Жыға
−
1) ерте кезде соғысқанда басқа киетін дулығаның артынан
мойынды қылыш қиып кетпес үшін қаптап жауып қоятын темірден жасалған
заттың аты; 2) ауыс. абырой, атақ, бедел.
Иран тілінде тәжіге қадайтын
алтын қауырсын. Бұрынғы уақытта қыздардың бас киіміне тағылатын
(шаншылатын) қырғауыл сияқты құстың құйрығы не үкіні жыға деп атаған.
«Жыға»
− сәукеле, − дейді Иманжан ақсақал
(І. Кеңесбаев).
Бұл
ұғымның жақ сөзімен қарым-қатынасы болу керек. Кейбір түркі тілдерінде
джіғақ
– жақ дегенді білдіреді
(Малов С. Е. Яз. жел. уйгур. А., 1957, 29).
Күндердің күні болғанда, Кіреуке алтын тағыңды, Сол мінер деп қорқамын!
Достарыңызбен бөлісу: |