Жолшы −
жолда жүрген адам, жолаушы. Жоқ жоғалтқан
жолшы едім,
Бағып жүрмін малыңды
(Нұртуған). Жөһит (жөһіт) −
1) күш, қуат; 2) қабілеттілік;3) күш салу, тырысу, еңбек . Таласты патшалыққа Мағауия, Арыстанға
жөһит қылған Әлидей-ақ
(Ерімбет). От жанып өзегімнен отыра алмаймын, Күйінем қасіреттеніп һәм
ішпекте ас.
Жөһітте ұрыста Хамзе шаһит болды, Һәм тісін пайғамбардың
оһаши бір тас
(Ерімбет). Қылмаққа мені
жөһит сонша тілеп, Ей інім бұған
неғып барады-ақ?
(Кете Жүсіп). Жұмла −
1) жиынтық, бәрі, жинақ, қосынды; 2) біразы; 3) жігерлі түрде барлығы бірлесіп кірісу. Араб тілінде
жумлатун −
жиынтық, сумма, қосынды дегенді білдіреді
(АРС., М., 1958, 172). Жолына бұл батырдың
жұмла халық, Қойдан қошқар, ешкіден айтты теке. Сары күз сүмбіленің айлары еді,
Қос атпен Ғалиды іздеп кетті Мекке
(Ерімбет). Періште көкте қуанды, Зікір,
тәспи көп айтқан.
Жұмла әулие тебіренді, Жәдігер жақсы тұяқтан
(Нұртуған). Елеуреп екі-үш ауыз әпсанаға, Айтыпсың білгеніңнің бәрін
жұмла. «Айыбын
айтамын» деп бір-бірінің, Масқара болған жоқ па ед сәк пен құрба...
(Тұрмағамбет). Киелі сойдан шыққан әулет еді, Әзелден
жұмла халық
құрметтеген
(Оразымбет).
172
Жұмырына жұқ болмады −
қарны жарымады, қарны тоймады. Жұмырына жұқ болмады дегендегі
«жұмыр» күймелі малдың бөлшек-бөлшек
қарындарының бір бөлігі
(І. Кеңесбаев). Халқының ие болған сеніміне,
Наданның нан піседі қарқынына.