Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар



Pdf көрінісі
бет25/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   393
Байланысты:
жыр әдеби тил

«Коммуникативтік»
термині қоғамдық-әлеуметтік мәні бар 
тілдік қатынас деген ұғымды білдіреді. Қоғамнан тыс адам болмайтыны 
сияқты, адамнан тыс тіл де болмайды. Бірақ ол тіл – жеке адамның тілі емес, 
белгілі бір қоғамда өмір сүруші адамдардың өзара түсінісу, сөйлесу құралы. 
Сондықтан тіл әрі қоғамдық, әрі коммуникативтік қасиетке ие болады. 
«Коммуникация» сөзінің негізгі мазмұны жалпы қарым-қатынас, араласу, 
хабарласу, байланыс деген сияқты мағыналарды білдіре келіп, адамдардың тіл 
арқылы сөйлесу процесін, тілдесу ерекшеліктерін, тілдің әлеуметтік мәні мен 
қоғамдық қызметін, адамдар арасындағы қарым-қатынасты, өзара түсінушілікті 
көрсетеді [40, 39 б.]. 
Ақын-жыраулар шығармаларының мәтіні ауызша дүниеге келу үстінде 
айтушы мен тыңдаушының тікелей қарым-қатынас ерекшеліктерін бойына 
сақтайды. Шығарма тыңдаушысына тікелей ауызша арналады. Ақын 
тыңдаушысымен бетпе-бет отырып, сөз жүйесін түзеді. Мәтін түзілімінде 
реципиенттің әртүрлі эмоциясы, білімдік аясы, тіпті жас ерекшелігі ескеріледі. 
Репициенттің ыңғайына қарай сөз таңдау, сөз мағынасын құбылта беру, сөз 
құрылымын ырғақ пен ұйқасқа, интонацияға бағындыру сияқты уәждемелер 
жүзеге асырылады. 
Ғалым Н. Уәлидің пайымдауы бойынша, мәтін коммуникациясы үш 
кезеңнен тұрады: коммуникацияға дейінгі кезең, вербалды кезең, 
коммуникациядан кейінгі кезең. «Осымен байланысты белгілі бір мәтіннің сөз 
сапасын талдап, сипаттау, тексеруді ойдағыдай жүзеге асырып, сенімді 
нәтижелерге қол жеткізу үшін тілдік құрылымдарды обьективті ақиқат, 
психология, когниция, әлеуметтік, эстетикалық, этикалық т.б. тілдік емес 
мәнділіктермен байланысты қарау негізге алынады» [46, 49 б.] – деп жазады. 
Жыраулар шығармаларының коммуникациясы жырдың дүниеге келуі көп 
жағдайда 
суырыпсалмалық 
(импровизация) 
жағдайда 
өтетіндіктен, 
коммуникацияға дейінгі кезең жырдың арналатын ортасының (жыраулар 
тілімен айтсақ, алқаның) психологиялық қалпына, менталды деңгейіне, 
сонымен бірге жырды дүниеге келтіруге «мәжбүрлеген» алғы шарттарға 
байланысты өрбиді. Шығарманың табиғатына байланысты мәтін қабылдау 
процесінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет