29
Құрсақтары салынып...
«Басшы» отыр жалаңдап,
Тоқалынан айрылып.
Жалшысы кетіп бай отыр,
Қанатынан қайрылып.
«Молдалар» отыр ойбайлап,
«Шариғат» деп қайғырып...
(«Он үшінші назым»).
Мәтіннің коммуникативтілік деңгейі автордың белгілі бір мақсат
көздеуімен де өлшенсе керек. Бірақ жыр − өнер туындысы, оның мақсат
мүддесі тар аяда қала алмайды. Ол адамзат баласының мүддесіне қызмет етуі
тиіс. Сондықтан да Нұртуған ақын ауыл-үйдің әзіл-қалжыңын айтқан болып
отырып тыңдаушысын жалпы адамгершілікті насихаттайтын, олардың дүниеге
танымын шыңдайтын, ой салатын ауқымды мәселелерді қозғауды ұмытпайды.
Біз бұны жыр мәтіні коммуникациясындағы түпкі мақсат деп түсіндіреміз және
бұл барлық жыр табиғатына тән ерекше болмыс болып табылады.
Кейде мәтін коммуникациясы тыңдаушыны бір мақсатқа жұмылдыру,
белгілі бір оқиғаға итермелеу масатын да көздейді. Мұндай кезде тыңдаушы
психикасына ерекше әсер ететін, тыңдаушының эмотивтілігін арттыратын
экспрессивті, эмоционалды сөздер, бағалауыштық қолданыстар таңдалынады.
Мәтіннің дүниеге келу шартына байланысты неғұрлым түсінікке жеңіл
ұғымдар, оңай ұйқастар іске қосылуы мүмкін, бірақ оның өзі ақынның ұтқыр
ойлылығы мен суырыпсалма шешендігін талап етеді. Мұндай кезде
экстралингвистикалық (тыңдаушының таным-түсінігі, оған әсер ететін тілден
тыс фактілер: өзінің ерекше қасиетін айтып мақтау), паралингвисикалық
(мимика, қимыл-қозғалыс) факторлар да мәтін коммуникативтілігіне үлес
қосатыны сөзсіз.
Нұртуғанның әйел тақырыбына деген көзқарасы
Достарыңызбен бөлісу: