Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар


«Шарғы  емес,  бұл – падиша әмірі» деп, Сақи да тәрк қылмады бұл әдетті [Е.К] . Мұндағы  «жарғы»



Pdf көрінісі
бет43/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   393
Байланысты:
жыр әдеби тил

«Шарғы
 емес, 
бұл – падиша әмірі» деп, Сақи да тәрк қылмады бұл әдетті
[Е.К]
.
Мұндағы 
«жарғы»
термині қазақ қоғамының әкімшілік заңдарының жинағы деген 
мағынада қолданылып тұр. «Жарғы» көнерген аталымын қазіргі баспа 
беттерінде де кездестіруге болады. 
2008 жылы шыққан «Жас қазақ» газетінде «Жарғыны жыртқан Мергенов» 
деген атпен мақала жарияланған. Онда: 
Амандос Ақанов бастаған топ
одақтың 
жарғысын
 аяқ асты етіп, суретшілердің құқығын табанға таптап 
отырған Мергеновты сотқа бермекші. Қазақстан суретшілер одағы қазір 


42 
адасып жүр, өзінің 
жарғысы 
бойынша 100 пайыз жұмыс істеп отырған жоқ, 
− деді Анабек Мыңжасарұлы
[78, 3 б.]. 
Сондай-ақ, 2005 жылы шыққан «Шекарашы» журналында да 
«
Жарғыға
 
сай тәртіп қажет» деген тақырыптағы мақалада Полковник Тұрғамбек 
Станбеков өз ойын былай білдіреді: 
Шекара заставаларын басқарып отырған 
офицер мамандардың көбісі жастар. Барлығы да күні кеше әскери институт 
қабырғасынан тәлім алған өзімнің шәкірттерім. Кәсіптік деңгейлері жақсы 
мәлім, қайткенде де теориялық білімді қызметтік тәжірибемен ұштастыра 
білу керек. Бұл бағытта көңілдегідей нәтижеге қол жеткізу үшін олардың 
бойында еңбекқорлық қасиет және, тағы да қайталайын, 
жарғыға 
сай тәртіп 
талап етілуі аса қажет
[79, 8-9 бб.]. 
Қазақ тілінің сөздігінде «жарғы» сөзінің екі мағынасы түсіндірілген:
І Жарғы 
– көне. Қазақ қоғамының әкімшілік заңдарының жинағы.
ІІ Жарғы 

белгілі бір ұйымды құрудың, ұйымдастырудың, оның тәртіптерінің ережелер 
жинағы 
[68, 212 б.]. 
Келтірілген деректердегі аталымның жасалуына 
заң, ереже
уәжділік 
негіз болған. 
Көнерген аталымдар да басқа лексикалық бірліктер сияқты терминделеді. 
Терминжасам 
жөнінде 
жан-жақты 
қарастырып 
жүрген 
ғалымдар
Ш. Құрманбайұлы, Е. Әбдірәсілов, Қ. Айдарбектің еңбектері көнерген 
аталымдардың терминденуі жөнінде мол ықпал етті. 
Қазақ тіл біліміндегі терминтану мәселесін cан қырлы жағынан танытып 
жүрген ғалым Ш. Құрманбайұлы сөздердің терминденуі туралы мынадай 
қорытындыға келді: «терминдену дегеніміз – тілдің жалпы лексикасынан 
немесе арнаулы лексикасынан терминделуші ұғымға сәйкес келетін сөзді 
тауып, оны сол ұғымға қатысты болатын терминологиялық өріске өткізу 
арқылы аталған ұғымның атауы ретінде терминдік мағына жүктеу процесі» [34, 
143 б.]. 
Сондай-ақ, ғалым ақындар шығармаларындағы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет