жейдең бұйырса үш қат, Көрпеңіз тақтай ағаш жамылмаққа [Е.К].
«Жейде» сөзін қазақ тілінің сөздігі былай деп түсіндіреді:
Жейде –
ерлердің сырт көйлегі [68, 226 б.].
«Жейде» деген атпен 1988 жылы «Еңбек туы» газетінде әңгіме жазылған.
Онда:
Үстімдегі жейдемді апыл-ғұпыл шештім де, етегінен дар еткізіп жыртып алдым [76, 4 б.] дейді.
Жоғарыда келтірілген үзінділердегі
жейде сөзі диалектизм ретінде қазірде
де көптеген аудандарда «ер адамның көйлегі» деген мағынада қолданғанымен,
өткен ғасырдың өзінде-ақ бұл вариантты көйлек сөзі ығыстыра бастағанға
ұқсайды.
Ғалым Р. Сыздық: «Жейде» сөзі Абай тұсында көйлектің (ерлер
көйлегінің) көне фасонды түрін білдіріп, сол мағынада қолданудан ығыстырыла
бастағанын өзге материалдан да байқаймыз [77, 111-112 бб.], − деген пікір
айтады. Ал, Н. Ильминский
жейдені сол кезде тек қарттар киетін ескі үлгіде
тігілген көйлек деп көрсетеді:
жейде – рубаха старинного киргизского покрая.
Это бязевый халат с воротом шалью, на правой стороне завязывается
шнурками. Теперь носят только старики [2, 133 б.]. Соған қарағанда, жейде бір
кезде бүкіл қазақ даласында түгел түсінікті болып, белгілі бір үлгіде тігілген
ерлер көйлегін білдіріп, жалпы халықтық тілде тегіс қолданылған көнерген
аталым болу керек.
Сондай-ақ, Нұртуған мен Ерімбет қазақтың өткен ғасырлардағы заң
жүйесін әңгіме еткен жырларында
жарғы//шарғы (Жеті жарғы) термині еркін
қолданады. Мысалы,
Зор дөһімет мұнан кейін тағы да бар, Қоспастай мерекеге әмір, жарғы-ақ [Е.К]
. Арам жеген «ардақты» Құрсақтары салынып. Мең-зең болып манаурап, Заң-шарғыдан жаңылып [Н.К.Іт].
Иеменнен әр жыл сайын келеді адам, «Падиша «қой!» − деді, − деп,− бұл ниетті!»