«қол», «жасақ», «жасауыл» сөздері кездеседі. Мысалы,
Мақұл көрді бәрі де, Жасақ санын көбейтіп, Межелі күні жиғанды [Н.К.ІІт]. Бұл жерде
«жасақ» қару жарақтанған бір топ жауынгерлер архисемасын білдіретін аталым.
Сөздікте
жасақ −
1) әскер, қол, қару жарақтанған бір топ жауынгерлер; 2) ерте кезде мал басынан алынатын салықтың бір түрі деген екі мағынаны
білдіреді
. Мал басына төленетін
жасақ салығы үй салығына қарағанда
заңдылығы жөнінен салық салудың дұрыс түрі болды.
Жасақ әрбір түліктен
/түйені қоспағанда/ бір пайыз мөлшерінде алынды. Алғашында заттай
алынатын бұл салық кейіннен ақшаға ауыстырылды
(М.Елеусізов). Нұртуған шығармаларында жиі ұшырасатын сөз
«жасауыл». Жасауыл сөздікте −
1) патша үкіметі кезіндегі қазақтың офицерлік шені; 2) ауыс. қарулы топ, шапқыншы [70, 221 б.] деген мағынаны білдіреді. Зерттеушілердің
көбісі
жасауыл монғол тілінің сөзі деп көрсетеді. Орыс, украин, поляк, болгар
тілдеріне енген
жасауыл термині орыс жылнамаларында XVII ғасырдан бастап
кездеседі. Қазақ әскерлерінде
жасауыл капитанға тең әскери атақ болған
[88, 255 б.]. Зерттеуші Т. Байжанов: «Қазақ тілінде жасауыл сөзі алғашқы кезде
«ханның шабарманы» мағынасында жұмсалып кейін әскери мағынасы пайда
болған болу керек. Жасауыл сөзі қазақ тілінде Қазан төңкерісінен кейін
қолданудан шығып қалған» [95, 302 б.], − дейді. Мысалы, Нұртуғанның
«Қарасай-Қази» дастанында: Қалипа Мүсілімді «бері шық» деп ордадан
шығарып алды. Ордадан шығарып алып:
«Бұған өкпелейтін орнымыз жоқ еді. Ашуы басылсын деп босқа өкпелеп отыр едім. Сен енді мына