құл-құтанның келген бағын! [Н.К].
Құл-құтан, кедей, қара мағыналас сөздер. Мысалы,
Құл-құтан мен кедейдің, Арылмаған қашанда Маңдайына біткен сор, қайғы. Байлардан тепкі көрген соң, Құл-құтан мен қаралар, Аулаққа салды кетегін [Н.К.ІIт].
Барлық деректерді қорытындылай келе,
«құл-құтан», «кедей», «қара» ортақ мәндес сөзер болғандықтан, бұлардың өзексемасы
ертеде байлардың қол астында жалшылықта жүрген, күн көрісі өте төмен адамдар. Нұртуғанның «Ақ Кете Шернияз» дастанында
төренің күтушісі мағынасын беретін
«төлеңгіт» сөзі ұшырасады. Мысалы,
...Бұл кезде хан қасындағы төре, төлеңгіттер жиналып қалып еді [Н.К.ІIт].
Төлеңгіттер қазақ сұлтандары мен ханның қасындағы феодалдарға тәуелді
адамдардың әлеуметтік қауымы. Бұлар − әртүрлі әлеуметтік жіктерге жататын
сұлтандар мен хандарды паналап, бұл үшін оларға қызмет етуге міндетті болып
келгендер. Төленгіттің енді бір бөлігі – сұлтанның немесе хан ортасында
олардың тапсырмаларын орыдаушы шабармандар, малайлар [96, 127 б.]. Ал,
ғалым Ә. Нұрмағанбетов
«төленгіт» сөзіне талдау жасай келіп, оны «төрені күт
тіркесінің өзгерген түрі» деген пікір айтады [101, 73 б.]. Бұл сөздің қырғыз
тілінде де осындай мағынасы бар екенін К.К. Юдахиннің «Киргизско-русский
словарь» еңбегінен байқауға болады: «толенгут ист. ханский челядинец» деп
көрсетсе [38,737 б.]. С.И.Ожегов «Словарь русского языка» еңбегінде
челядь (төлеңгіт) сөзінің мағынасы:
«челядь – 1. при крепостном праве; дворцовое
слуги помещика; 2. перен. Чьи-нибудь прислужники, приспешники» деп
берілген [102, 718 б.].
Жоғарыда келтірілген деректердің бәрінде де
төленгіт сөзі − әлеуметтік
топ ретінде
хан-сұлтандардың шабарманы, малайы, қызметшісі мағынасында
қолданылған. Келтірілген деректерді қорытындылай келе, Ә. Нұрмағамбетов
пікірімен толықтай келісуге болады. Себебі, «төленгіт» пен «төрені күт»
тұлғаларына сәйкес келетіні, дыбыстық заңдылыққа бағынып, кірігіп кетуі
мүмкін.
65
Ақындар шығармаларында өздері өмір сүрген дәуірдегі әкімшілік, ел
басқару орындарындағы адамдарға қатысты атауларды шебер де орынды
қолданылғанын көреміз.