Билерім отыр білімпаз Танытқан талай таланын [Н.К.ІIт]
– деген өлең жолдарындағы
би −
дау-жанжалға билік айту үшін үстем таптың қолдауымен сайланған өкілі: Қазан төңкерісінен бұрынғы қазақ ауылындағы сот [14, 113 б.] деп түсіндіріледі. «Қазақ тілінің түсіндірме
сөздігінде».
Келтірілген мәтіндегі «би» дау-жанжалдың ақ-қарасын ажыратып
беретін адам мағынасында қолданылса, қазір тек
би өнері ретінде қалыптасқан
аталым және мағынаның даму нәтижесінде
билік, билік өкілдері, билеп алу, билікке таласу деген сияқты тіркестерде кездеседі. Араб тілінде
бей /титул/
атақ дегенді білдіреді [71, 63 б.]. Ойрат тілінде
бий /чиновник, господин/
мырза, қожа [98, 30 б.] деген мағынада қолданылады.
Нұртуған шығармаларында ерекше қолданысқа ие
«хан» сөзі кездеседі.
Хан −
феодалдық құрылыстағы мемлекетті тежеусіз билейтін басшы. Көне
түркі тілінің жазу нұсқаларында
қаған хан түрінде кездеседі [73, 97 б.].
Парсы
тілінде де
хан /титул повелителей у монголов/
моңғол әмір иелерінің титулы делінген [83, 186 б.]. Монғол тілінде
ханан хад, тік құз, тік жартас [81, 261 б.].
Хан деген титул
биік шыңның, асқар таудың атынан келіп туған болу керек.
1914 жылы жазған «Ақ Кете Шернияз» дастанында Нұртуған ақын былай
жырлайды:
Сұрқия Кенесары қашаған хан , Серғазы сексен сегіз жасаған хан. Құдайым Байекеме бақыт беріп, Қазақты Сырдан бері асаған хан [Н.К.ІIт].
Ақын әрбір хандықты иемденген адамдардың «хан» болып тұрғанда халыққа
жасаған іс-әрекеттерін сипаттайды. Қазіргі тіл қолданысында
«хан» сөзінің
мағынасының тарылуы да, кеңеюі де кездеспейді, тек антопонимдік атауларда
(Нұрхан, Айхан, Болатхан, Маратхан) ғана түбірге үстеме мағынада бірігіп
айтылады.
Нұртуған
шығармаларында
жиі
ұшырасатын