Бақылау сұрақтары:
Сырым Датұлының батырлығы туралы не білесіз?
Бала би Досбол шығармашылығы жайлы баяндаңыз.
Бөлтірік Әлменұлы жайлы не білесіз?
Әдебиеттер:
Г.Қосымова. Қазақ шешендік өнерінің негіздері. Білім баспасы, 2003ж.
Тіл мәдениеті. Шешендік өнер: Оқулық / Б.Қ.Қапасова.-Алматы, 2014-224б.
№8 практика тақырыбы: Сырым, Досбол, Бөлтірік шешендер.
Мақсаты: Майқыби, Асан қайғы, Жиренше шешендердің өмірі мен шығармашылығын талдау.
Қарастырылатын мәселелер:
Сырым Датұлы 1712-1802 жылдары өмір сүрген қазақтың батыр әрі шешен биі.
Бала би Досбол шығармашылығымен танысу
Бөлтірік Әлменұлы – қара қылды қақ жарып сөйлейтін шешені, батыр.
Әдістемелік нұсқау Сырым Датұлының шешендік өнері. Ұлтымыздың тарихында асқан батырлық-ерлік істерімен, асқақ сипатты, тапқырлық даналық, шешендік сөздерімен, әділетті билік-кесімдерімен жарқын із қалдырған заңғар тұлғалардың бірі - Сырым Датұлы. Сырым Датұлы 1712-1802 жылдары өмір сүрген қазақтың батыр әрі шешен биі.
№9 Тақырып: Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің шешендік сөздері
Мақсаты: Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің шешендік сөздері туралы мәлімет беру
Жоспар:
Төле Әлібекұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы.
Қаз Дауысты Қазыбек Би ақылгөй абыз, шешен би.
Әйтеке, шын аты (Айтық) Бәйбекұлы - кіші жүзден шыққан қазақтың атақты шешен биі.
Кілт сөздер: тарихи кітаптар, аңыз, хисса – хикаялар, тапқыр, өнегелі нақыл, шешен сөздер,
терме,тоғаулар.
Төле Әлібекұлы (1663 - 1756) қазіргі Жамбыл облысы Шу ауданының Жайсаң жайлауында дүниеге келген. Қазақ шежіресінде: Дулаттан Жаныс, одан Жарылқамыс, Жанту би, одан Жайылмыс би, одан Құдайберді би. Сол тоғыз ұлдың бірі Әлібектен Төле би туады. Төле жастайынан ескіше оқып, сауатын ашады. Арапша, парсыша тарихи кітаптарды, аңыз, хисса – хикаяларды көп оқиды. Бір жағынан қазақтың аңыз әңгіме, өлең, жырларын, шежіре тарихтарын ел арасынантыңдап, өзінен бұрын өткен шешен – билер мен хандар, әсіресе, өзінің бабалары Жанту, Жарылқамыс билердің кесімді, тапқыр, өнегелі нақыл, шешен сөздерін ойында сақтап өседі. Төленің әкесі Әлібек те ділмар, би болған кісі. Төле бала әкесіне еріп жүріп ел көреді., жұрт таниды. Онбес жасынан билікке араласып, өзінің ақыл, парасаттылығы, әділ шешім, шешендік өнерімен көзге түседі.
Ол жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп, батасын алады.
Төле бала Әнет бабаға барыпты. Жасы жүзге келген Әнет баба ынтымак, елбірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. Төле «Қалай еткенде де бірлік болады, оның күші қандай болмақ» дегенді сұрайды. Сонда Әнет баба, әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады:
Балам мынаны сындырып көрші?
Төле буылған шыбықты олай – бұлай иіп сындыра алмайды.
Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы? – Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп, пырт – пырт оп – оңай сындырып береді. Әнет баба:
Бұдан не түсіндің, балам? – дейді
Сонда Төле бала:
Түсіндім, баба, бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды, «Саяқ жүрген таяқ жейді» демекші, «бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп – оңай алады» дегеніңіз ғой.
Бәрекелді балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауыз бірлікке, ынтымаққа шақыра біл. «бақ қайда барасың – ынтымаққа барамын» дегеннің мәнісі осы, - депті.
Елді Қазықұрт тауының бөктеріне көшіп қонып жатқан көктеу кезі екен. Бір күні Төленің әкесі Әлібек биге екі дауге жүгіне келіпті. Біреуі:
Қырдан қуып індеткен түлкіме мынау таласып, бермейді – дейді. Екіншісі:
Сыртынан жүні жетілсін деп бағып жүрген түлкім еді, оның үстіне жер де, ін де менікі, демек түлкі менікі. Екеуі осылайша біраз дауласады. Әлібек би даугерлердің сөздерін тыңдап алған соң, баласына сілтеп, «мұның билігін Төле берсін» дейді. Даугерлер Төлеге келсе, ол бір шыбықты ат қылып, Бір шыбықты қамшы қылып, далада «айт, шулеп» ойнап жүр екен. Алдына келіп дауларын баяндаған соң, бала:
Түлкі арлан болса сенікі, - дейді, «жер менікі» деген жігітке. Баланың бұл билігіне түсінбей әлгілер әкесіне қайтып келеді.
Балаңыздың сөзіне түсінбедік...
Төлежан төрелігін дұрыс берген екен, - дейді Әлібек би.
Түлкінің ұланы түз сақтайды, ұрғашысы ін сақтайды. Түлкі еркек болса, сенікі, сенің қырдан қуып келіп, індеткенің рас, түлкі саған тиеді, ал ұрғашысы болса, жер иесі саған тиеді.
Тағы бір аңызда Төле би қанжыға ұрлаған ұрыға атшапан айып кеседі. Мәнісін сұрағанда «қанжыға тон сақтайды, тон жан сақтайды», - деп жауап береді. Сондай – ақ тұсау ұрлағанға да айып салады. Оның мәнісін «тұсау ат сақтайды, ат ерсақтайды, ер ел сақтайды» деп түсіндірген.
Қаз Дауысты Қазыбек Би
Қазақ шежіресінің деректері бойынша Келдібекұлы Қазыбек (1667-1764) аралығының Қаракесек руынан. Сол Қаракесектің бір атасынан Бұлбұл, одан Шаншар туады. Бұлар да тоқығаны көп, ақылгөй абыз, шешен би боп өткен.
Балам – ау, басқа сұлу қыздар тұрғанда, өңі –түсі келіспеген мына қызды қайтесің, ал біздер уәделесіп қойған құралдар жағын қайтеміз? – деген де Келдібек:
Шаншардың екінші әйелі Айбикеден Келдібек, Тыныбек, Жәнібек, есіркеп тарайды. Кеклдібек кезінде аузына ел қаратқан белгілі шешен би болыпты. Ол отыз жасқа келгенше үйленбей жүріп алса керек. Соның себебін ел былай аңыз етеді: Бұлбұл бабасы түсінде «Сен қатын алмайсың, ешбір әйелге көзіңді салмайсың. Алатын әйелің мынадай болады: ұзын бойлы сары қыз, оң аяғы ақсақ, оң жақ құлағының түбінде меңі, екі емшегінің арасында алақандай қалы болады. Сен соған үйленесің», депті. Айтқанындай Келдібек сол қызға көш – жөнекей кездесіп, танысады. Ол қыздың аты Тоқмейіл екен. Айттырып алмақ болып жүргенде әке – шешесі:
Қаймағын піскен сүттің алдым қалқып,
Аяғы ақсақ болғанымен, ақылы артық.
Көзі қыли болса да, сөзі түзу
Сөйлескеннен өн бойым кетті балқып, - депті. Тағы бірде құрбы құрдастары Келдібектің үйінде отырып, оны кекетіп, келемеждей беріпті. Келемеждің ара – арасында келіншегінің кемістігі де айтылып кетсе керек. Сонда жаңа түскен жас әйел әдеппен ғана:
Көзім қыли, жасырмаймын, ақсақпын,
Келдекеңмен сондай тату жақсы – ақпын
Татулықтың белгісіндей тамаша,
Төрт Боршанды билейтін ұл таппақпын, - дегенде, әлгілер «бұл тегін адам емес екен, енді қалжыңды қояйық» десіпті. Айтқанындай –ақ Тоқмейіл анадан атақты қазыбек би дүниеге келеді. Сол Тқмейілден Қазыбекпен қоса Сәдімбек, Асан, Балапан, Үсен, Бөдене деген барлығы алты ұл туылады. Бұларды ел «ақсақтың алтауы» деп атап кетеді. Қазыбек туғанда анасы:
«Айналып – толғанып өсірсем
Ақ сүтімді сіңірсем
Адалдан болар нәсібің,
Тіліңнен болар кәсібің » - депті.
Сәдімбек туғанда айтыпты: «Осы шіркін ызақор болар, емшегімді емерде ашуланып тырналаушы еді» депті.
Асан туғанда «Осы шіркін доңғай болады - ау» депті. Үсенге «кербез болар, сірә» депті. Бөдене туғанда «батыр болар ма екенсің» депті. Бәрі де сол дуалы ауыз анасының айтқанындай боп ер жетіпті.
Қазыбек бала жасынан шешендік өнерге бейім өседі. Ол ел арасындағы айтылып жүрген дана сөздерді, мақал – мәтел, нақыл өнерді, өткендегі ақын – жыраулардың тақпақ, терме,тоғауларын, шешен – билердің ұтымды айтқан сөздерін есіне сақтап жүреді. Әсіресе, әке тәрбиесі оған мол әсер етеді. Жасынан ел билігіне араласады.
Әйтеке, шын аты (Айтық) Бәйбекұлы (1683-1722) - кіші жүзден шыққан қазақтың атақты шешен биі.
Әйтеке бидің қай ауылда, қай жылы туғаны әзірше анық емес, әркім әртүрлі жазып жүр, Қазақ энциклопедиясының 1 томында: «Айтық, Әйтеке (17ғ. Аяғы, 18ғ.басы) - Әбілқайырға дейінгі кіші жүзді басқарған би. Есім ханның тұсында Самарқанды билеген атақты Жалаңтөсбатырдың немересі деп көрсетілген. Ел аузында айтылып жүрген бір шежіре аңызда Қаражігіт би (халық Әйтекені де осылай атап келген) Ташкент шаһарының қасындағы Келес өзенінің бойында туған. Ташкентті билеген Төле биден 18 -19жас кіші еді» дейді. Бұл дерекке қарасақ, Әйтеке би 1681 – 82 жылдары туылған болып шығады.
Ертеде Тле би мен қаз дауысты қазыбек бір өлген кісінің құнын даулап Алшының еліне барады. Дау ұзаққа созылып, жуық арада бір бітімге келе қоймайды. Сонда есік жақта отырған жігіт:
Асқар тау сенде бір мін бар,
Асауға жол бермейсің
Тасқын су сенде бір мін бар,
Өтерге өткел бермейсің.
Ау, билер, сендер де рас мін бар,
Басқаға сөз бермейсің – деп орнынан тұрып жүре беріпті.
Сөз сыңайын байқаған Қазыбек би:
Шақырыңдаршы ана жігітті? – дейді, жігіттер оны қайта ертіп келеді.
Шырағым, қай баласың? Аты – жөнің кім? – деп сұрайды Қазыбек. Сонда әлгі жігіт бөгелместен:
Әкемді сұрасаң - жетесіз,
Шешемді сұрасаң – некесіз.
Тау салған бір баламын,
Тегімді сұрап нетесіз?!- депті.
Жігітім, сөзің жетті. Енді осы даудың билігін өзіңе бердім, өзің шешіп тындыршы, - дейді төле би. Сонда Қаражігіт қасқайып тұрып:
Алты алқасын арқалап жүргенді кім көріпті? Жеті атасын жетелеп жүргенді кім көріпті? Ескіріп кеткен дау екен, бірақ құр қайтасыңдар ағалық назаларына қалармын. Ердің құны жүз қара ғой. Кіші жүз санын жүзге толтырып тайынша торопақ берсін. Соған разы болыңдар?! – дейді.
Екі жағы да осы төрелікке тоқтап, өзара келісім тарқасыпты. Бұл - Әйтекенің жігіт шағындағы айтқан бір төрелігі екен.
Әйтеке Байбекұлы — қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Шешендік қасиетінің ашылуына әкесі мен Қосуақ бидің ықпалдары тиеді. Жеті жасынан бастап Әйтеке Жалаңтөс батыр мен атасы Ақша ханның тәрбиесінде болады. Ол алғаш Ұлықбек медресесінде, кейін Жалаңтөс салдырған әйгілі «Тіллә-кари» (Алтынмен апталған), «Шердор» (Арыстанды) медресесінде білім алады. Нәтижесінде дін, құқық, аспан әлемі, тарих, математика пәндерін, араб, парсы, шағатай, өзбек тілдерін меңгеріп шыққан.
Ақша бабасынан елшілік, ел басқару жолдарын үйренеді. Ал Жалаңтөс әскери қолбасшылық дағдыларына үйреткен.
Медресені тамамдаған Әйтеке туған ауылына оралып, әкесімен ел басқару істеріне араласа бастайды. 21 жасында Бұқара мен Самарқан төңірегіндегі қазақ, өзбек, қарақалпақтардың бас биі болады. Ал жиырма бес жасында Кіші жүз халқы оны бас би етіп сайлайды. 1680 жылы Салқам Жәңгірдің ұлы Тәукені хан етіп сайлауға айрықша ат салысады. Кейін Тәуке хан құқықты «Хан кеңесін» сайлап, Әйтеке Кіші жүз атынан осы кеңестің мүшесі болып сайланған. Осы тұста елге жаңа заң үлгілерін жасау керек болды. Тәуке хан, Әнет баба, Соқыр Абыз, Майлы, Төле, Қазыбек т. б. билердің қатысуымен 1684 жылы «Жеті жарғы» қабылданды. Бұл заңдар жинағы қазақ қоғамындағы феодализмді нығайту бағытында маңызды рөл атқарды.
Әйтеке ресми түрде хан кеңесшісі болды. Ол орталықтандырылған біртұтас қазақ хандығын құру жолында белсене атсалысты. Төле және Қазыбек билермен бірге Тәуке ханнан Абылайға дейін қазақ мемлекеттігінің эстафетасын алып өткен секілді. Қазақ елінің үш жүзінің бірлікте, тату өмір сүруінің қамын ойлаған қамқоршы болды. Өзін дана, әділ би, аузы дуалы шешен, ішкі және халықаралық күрделі мәселелерді шешуде төреші, жоңғар басқыншыларына табанды қарсылық көрсетуді ұйымдастыру жолында үлкен үлес қосқан озық ойлы қайраткер ретінде таныта білді.
Әйтеке би 25 жасынан бастап Кіші жүздің бас биі ретінде алғашында Ордабасыда, сонан кейін Күлтөбе мен Ұлытауда жыл сайын өткізілетін үш жүздің басшылары мен беделді адамдары бос қосқан жиындарға тұрақты қатысып тұрады. Тәуке ханнан бастап дәстүр тапқан бұл жиындарда ұлт бірлігін нығайту мәселелері талқыланып, жүздер мен рулардың арасындағы өзара келіспеушіліктен туындайтын даулар шешілетін болған. Қызу айтыстартыстар ушығып кетер тұста тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні іспетті жұрт тоқтасар бәтуаны Әйтеке би айтады екен.
«Жеті жарғыда» Әйтеке ұсынған баптардың ішінде — «Сүйек құны», «Өнер құны» белгілі. 1685 жылы Әлі сұлтан мен қарапайым халық арасындағы үлкен жанжал дауға айналып кете жаздайды. Әлі сұлтанның тентек ұлы бір кедейдің сұлу, ақын, әнші-домбырашы қызына дегеніме көнбедің деп өшігіп, бір күні қыз қызыл орамал тартып, үйден ұзай бергенде, бүркітін шүйітіп, қастандық жасайды. Бүркіт қыздың басын мылжалап өлтіреді. Ашынған ағайындары төреден құн сұрайды.
Әлі сұлтан оларды маңына жолатпай, барған билерді ит қосып қуып жібереді. Ақыры ел арасы екіге жарыла бастайды. Ең соңында құн сұраушылар жағы Әйтеке биге келіп өтініш жасайды. Ол қасына сіргелі батыры Қазыбекұлы Жабайды, байбақты батыры Шоланды ілестіріп Әлі сұлтанға барады. Әйтекенің айбарынан ығысатын Әлі сұлтан амалсыз құн төлеуге келіседі. Әйтеке қыз құнына қосымша оның өнерлі екенін айтып, «өнер құнын» және қыздың жоқтаушыларын келеке қылып, сүйек сындырғаны үшін «сүйек құнын» төлеуді талап етеді. Бұл екі құнның әрқайсысы негізгі құнның жартысына тең екен. Сөйтіп, Әйтекенің қаһарынан қаймыққан Әлі сұлтан толық екі құн төлеуге мәжбүр болады. Бұл оның ата дәстүр-салтына жетіктігімен бірге, өнерлі адамға айрықша құрметін көрсетеді.
Ел аузында Әйтеке айтқан билік, шешендік сөздер, толғаулар, баталар көп сақталған. Биді халық «айыр тілді Әйтеке» деп атаған.
Әйтеке қайтыс болғаннан кейін Нұрата тауы маңын мекендеген төртқара ауылдарының көпшілігі Сыр бойына көшіп кеткен. Одан тараған алтыншы-жетінші ұрпақтары мен аталастары Қызылорда, Ақтөбе облыстарында, бірқатарлары Өзбекстандағы Нұрата ауданында тұрады. Ақтөбе облысының бұрынғы Қарабұтақ және Комсомол аудандары біріктіріліп, қазір Әйтеке ауданы аталады. Қазақстанның ірі қалаларында Әйтеке би аты көшелерге берілген. Ол Ташкенттен 75 шақырым жердегі Қауыншы және Шыназ ауылдарының маңында жерленген.
Достарыңызбен бөлісу: |