Оқу пәнінің мазмұны Шешендік өнер туралы түсінік



бет14/20
Дата29.05.2022
өлшемі0,77 Mb.
#35869
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрлігі а мола облыс

Бақылау сұрақтары:
Төле Әлібекұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы айтыңыз.
Қаз Дауысты Қазыбек Би өмірінен қандай деректер есіңізде қалды.
Әйтеке Бәйбекұлының шешендік сөздерінен үзінді оқыңыз.


Әдебиеттер:

  1. Г.Қосымова. Қазақ шешендік өнерінің негіздері. Білім баспасы, 2003ж.

  2. Тіл мәдениеті. Шешендік өнер: Оқулық / Б.Қ.Қапасова.-Алматы, 2014-224б.


9 практика тақырыбы: Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің шешендік сөздері.
Мақсаты: Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің шешендік сөздерін оқу және талдау.
Қарастырылатын мәселелер:

  1. Төле Әлібекұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы.

  2. Қаз Дауысты Қазыбек Би ақылгөй абыз, шешен би.

Әдістемелік нұсқау Әйтеке, шын аты (Айтық) Бәйбекұлы - кіші жүзден шыққан қазақтың атақты шешен биі Төле Әлібекұлы (1663 - 1756) қазіргі Жамбыл облысы Шу ауданының Жайсаң жайлауында дүниеге келген. Қазақ шежіресінде: Дулаттан Жаныс, одан Жарылқамыс, Жанту би, одан Жайылмыс би, одан Құдайберді би. Сол тоғыз ұлдың бірі Әлібектен Төле би туады. Төле жастайынан ескіше оқып, сауатын ашады.
10 Тақырыбы: Шешендік өнердің өзге ғылым салаларымен байланысы
Мақсаты: Шешендік өнердің өзге ғылым салаларымен байланысы туралы мәлімет беру
Жоспар:
Шешендік өнер ғылымының әдебиеттану, тіл, этнография, тарих, философия, педагогика ғылымдарымен байланысы
Шешендік өнер - этнос тарихының көркем шежіресі.


Кілт сөздер: дүниетанымдық, теориялық, методологиялық ғылым, фольлорлық туындылар, дереккөз, әдебиеттану, тіл, этнография, тарих, философия, педагогика.

Фольклордың әдебиеттану, өнертантану, этнография, тілтану, тарих, философия ғылымдарына қатысы қатысы қандай болса шешендік өнермен де қатысы соншалық.


Шешендік өнер ғылымы өзімен-өзі томаға-тұйық дамымайды, әдебиеттану, тіл, этнография, тарих, философия, педагогика ғылымдарымен тығыз байланыста болады.
Ең алдымен этнографиямен байланысын қарастырайық. «Этнография гректің «этнос» - халық, «графия» - жазу, үйрену деген екі сөзінен құралған. Өзінің мағынасы бойынша, этнография – халықтардың қоғамдық құрылыстарын, олардың арғы тектерін, өзара қарым-қатынастарын, заттай және рухани мәдениеттерін зерттейтін ғылым» (5, 5б.).
Этнография әлемдегі барлық халықтардың тіліндегі, шаруашылығындағы, мәдениетіндегі және қоғамдық құрылысындағы ерекшеліктеріне айрықша көңіл бөледі. Жер бетіндегі әр ұлттың өзіне ғана тән тұрмысы мен мәдениеті болады. Қазақ халқының рухани мәдениетінің аса құнды бір саласы – шешендік өнер оның ұлттық болмысын танытатын маңызды дерек көзі. Шешендік өнерді этнографияға сүйенбей зерттеу мүмкін емес. Этнографиялық материалдарды пайдалану жанрлардың шығу тегін анықтау үшін қажет. Себебі, жанрлардың, сюжеттер мен мотивтердің пайда болуы, өзіндік ерекшеліктері, өмір сүру, өзгеру жолдары да тұрмыспен, болмыспен тығыз байланысты.
Шешендік өнердің өзі халық ауыз әдебиетінің бір саласы болып табылатындықтан фольклормен тығыз байланысты.
Қазақ халқы ертеден ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Ауыз әдебиеті үлгілеріне көз жіберсек, қазақ халқының педагогикалық көзқарастар жүйесі мен сан тарау тағлымдық ойларының мәні ашылады. Ауыз әдебиетінде еңбекке баулу, отансүйгіштік сезімді ардақтап, батырлықты мадақтаған, ақылдылық, парасаттылық, көрегенділік, тапқырлық, достық, тату-тәттілік сияқты адамгершілік игі қасиеттерді дәріптеген сан алуан өлең-жырлар, аңыз-ертегілер баршылық. Сондай-ақ, халық даңққұмарлық, мақтаншақтық, қорқақтық, ездік сияқты жаман қасиеттерден бойын аулақ салуды уағыздаған. Ағайын-туыстар арасындағы жарастық пен татулықты, сыйласу мен қадірлеуді ардақтаған. Кіршіксіз мөлдір махаббатты дәріптеген, өнер иесі болуға үгіттеген. Қыз балаға қатаң талап қойған. «Қызды қырық үйден ти», «Қызым үйде, қылығы түзде», «Ана тұрып, қыз сөйлегеннен без, ата тұрып ұл сөйлегеннен без» т.б. аталы сөздер қыздың қылықты, ибалы болуына, ар-намысын бала жастан сақтауына әсер етеді.
Қазақтың этнопедагогикасы бесік жыры мен тұсау кесер, жұмбақтар мен жаңылтпаштар, ертегі мен аңыз, жыр-дастандар арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жетті. Халық ұрпақ тәрбиесіне қатысты өзекті ойларын фольклорлық туындыларға жинақтаған. Ертедегі халқымыздың тәрбие туралы тәжірибесін қорытып, оны жаңа заманға лайықтап, бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне негіз ету педагогика ғылымының алдында тұрған зор міндет. Сондықтан педагогика мен фольклортану ғылымы тығыз байланысты.
Енді шешендік өнердің философиямен байланысына келейік. «Философия – дүниетанымдық, теориялық, методологиялық ғылым. Философия бүкіл әлемді, оның басты салалары – табиғат, қоғам, адам санасын тұтас құбылыс ретінде алып, оның жалпы заңдылықтарын ашады...» (6,7б.). Философиясыз халық жоқ. Өз болмысына үңілмеген, алдын болжамаған, өткен тарихына терең ой жібермеген, өмір мен өлімнің мәні жайлы түйін жасамаған халық болмайды. Қазақ халқының философиялық болжам-түйіндеулері, тұжырымдаулары шешендік сөздерден көрініс тапқан. Ежелгі Грек-Рим дәуірінің шешендірінің басым көпшілігі философтар болған. Шешендік өнер – халықтың дүниеге көзқарасының жиынтығы. Одан зерттеушілер ұлтымыздың адам туралы, көсемдер туралы, халық туралы, табиғатқа көзқарасы, адамның қоғамдық қызметі туралы деректер іздеп табады.
«Сөз өнерінің басы - фольклорда», - деген М.Горькийдің қағидасын басшылыққа алатын болсақ, халық әдебиеті тіл арқылы жасалатын өнердің негізі және ұлт тілінің ең көне қабаттарының көзі ретінде тілтанушыға аса құнды материал бола алады. Мәселен, «Ауру батпандап кіріп, мысқалдап шығады» деген мақалды алайық. Осы мақалдағы «батпан» мен «мысқыл» сөздерінің мәнін білмей мақалдағы айтылмыш ойды түсіну мүмкін емес. Осындағы батпан да, мысқал да иран тіліндегі өлшемдер (батпан – 24 кг, мысқал – грамның 4,6 бөлігі) екен. Бұл сөздердің мәнін ашу арқылы жобалап болсын мақалдың шыққан уақыты араб шапқыншылығынан кейінгі дәуірлерде, яғни тілімізге араб-парсы тілдерінің әсері күшейген уақытта деп топшылауға болады. Тілдің тарихын, қазіргі тіліміздегі заңдылықтардың мәнін, тіл мен ойлаудың, тіл мен мәдениеттің байланысын ашу үшін ауыз әдебиетін дереккөзі ретінде пайдалану қажет-ақ. Сондықтан шешендік өнердің тіл білімі ғылымымен де байланысын аңғарамыз.
Шешендік өнердің тарихпен байланысы - қазақ би шешендерінің ел басқарудағы атқарған қызметтері тарихи уақиғалардың көрінісі.
Шешендік өнер - этнос тарихының көркем шежіресі, белгілі бір тарихи оқиғалардың елесі, жаңғырығы. Сондықтан тарих ғылымы этностың өткенін қазақ халық ауыз әдебиетінің деректеріне сүйеніп зерттейді. Керісінше, фольклорлық жанрлардың тарихын, фольлорлық туындыларды жасаушы шығармашыл тұлғалардың (басқы, жырау, жыршы, термеші, ертекші т.б) генезисін айқындап, жекелеген туындыларда суреттелген оқиғалардың мәнін ашамыз десек, тарихқа жүгінуіміз керек.
Қорытындылай келе айтарымыз қазіргі жаһандану дәуірінде бірде-бір ғылым саласы томаға-тұйық дамымайды. Кез-келген ғылыми нысан сан тарау ғылым салаларының кешенді түрде зерттеуін қажет етеді.
Орта ғасырда өмір сүрген ғұламалар жан-жақты энциклопедист ғалымдар, философтар болумен қатар, тіл өнерінің жетістіктерін меңгерген дарынды шешендер болғандығы мәлім. Батыс пен Шығыс ғалымдары жетістіктерін ұштастырған кемеңгер ғалым Аристотельден кейінгі екінші ұстаз-Әл мұғаллим ас-сани атанған Әл-Фараби де заманында талантты да білімді, шешен тілді ақын болған. Әл-Фарабидің өз заманында аты әйгілі ақын болғандығы туралы пікір айтушылар аз емес. Ақын Аян Нысаналин Әл-Фарабидің төрт жолды, он шақты өлең шумақтарын қазақ тіліне аударып, жариялады.
Ақындық өнер, шешен тіл мен дарынды таланттар шынайы қамқорлық көрсетілген ортада туындаған, оған кейбір білімді, ойлы, адамгершілігі жоғары халифтер мен әміршілер қолдау көрсетіп отырған. Сондай ел билеушілердің бірі Сирияның Халаб қаласын билеген Сайф ад-Даула болған. Сайф ад-Даула сарайында өнер жарысы болып тұрған, оған небір данагөйлер мен ақиық ақындар қатысқан. Әбу Насыр әл Фараби де оған жиі қатысқан. Ол Фарабидің көп тілдерді білетін полиглоттық, музыканттық, ойшылдық, шешендік қабілеттерін зор бағалаған, оның философиялық тұжырымдарын, өлеңдерін сүйсіне тыңдайтын болған.
Әл-Фараби шешен дегенде біз ғұлама ғалымның поэтика туралы көркем сөздің қағидалары жайында жазған еңбектерін де есепке аламыз. Әл-Фараби Аристотельдің грек поэзиясын жіктеу әдістеріне және ол көрсеткен көркем туындының ежелгі түрлеріне түсінік жазған, солардың бір түрі ретінде риториканы атайды. Фарабидің айтуынша, нағыз көркемдік өнерді табиғи таланты зор ақындар туғызады.
Данышпанның поэзия туралы айтқан осы пікірлері сөз өнерінің, шешендік өнердің бұлжымас қағидаларына айналуы тиіс. «Әлеуметтік-этикалық трактаттарында» әл-фараби: «Риторика»-әңгіме жүргізу қабілеті; соның арқасында қалауды немесе аулақ болуды керек қылатын жеке заттар жөнінде сендіру шеберлігі» десе, «Риторика» еңбегінде: «Шешеннің түпкі мақсаты-риторикалық тәсілдердің көмегімен тыңдаушылардың жан дүниесіне сенім ұялату» екендігін айта келіп, риторикалық тәсілдерді он екіге топтайды. Олар: энтимемдер мен мысалдарды пайдалану; шешеннің ізгілігі, адамгершілігі; қарсыласының ойын бекерге шығару; тыңдаушыларының сезімін ояту; көркемдеу, бейнелеу, әсірелеу; сілтемелер жасау; дәлелдемелер келтіру; сөйлеушінің ниеті; болжау; ант-су ішу; сөйлеушінің бет-жүзі, қимыл-әрекеті; дауыс сазы, сөйлеу мәнері».
Ежелгі Рим жұртында да сөз шеберлерін төрт топқа бөлген: 1) ақындар; 2) философтар; 3) шешендер; 4) тарихшылар. Сөз өнері сияқты киелі өнердің иелерін бұлайша топтарға бөлу олардың қоғамдық-әлеуметтік қызметінен, өз кезеңінің саяси ірі тұлғалары болғандығынан еді.
Тіл мәдениеті, шешендік өнер жайлы пікір айтқан ғалым жан дүниенің қозғалыстары дене қимылымен ұштасатындығы жайында психофизиологиялық тұжырым да жасаған. Баласағұн «Адамның сәні бетінде, бетінің сәні көзінде», «Ақыл көркі- ойлы сөз, тілдің көркі-сөз, адам көркі-жүз, жүздің көркі-көз» деу арқылы жақсы сөз, жақсы мінез адамдардың бет пішінінен байқалады деген . Ғалымның бұл пікірі атақты рим ойшылы Цицеронның пікірімен ұштасып жатыр. С.Негимов қазақ тілінде сөйлеткен Цицерон сөзі мынадай: «...Мәселенің мәселесі адамның жүзінде. Барша қуаттың ұясы-көз. Орындаудың қозғаушы күші жан дүниесі болса, жанның бейнесі-бет, оның ішінде ерекшесі-көз. Өйткені ол көңіл-күйі толқындарын, өзгерістерін мейлінше толық, жетік, жан-жақты жеткізетін құдіретті мүше. Ойлы сөйлеп, мәнерлі жеткізуде дауыстан соң бет-жүз, ал ол көз арқылы көріктенеді».
Адам санасы-гносеологиялық тұрғыда рухани категория ретінде материалдық дүниемен қатысты алғанда кейінгі құбылыс. Ол ойлауда бейнеленіп, тіл қатпарларында ғана өмір сүреді, осылайшы ұрпақтан ұрпаққа тұрақталған образ түрінде жетеді. «Тіл сананы бейнелеудің қарапайым құралы ғана емес, оның басты мұраты-ойлау атаулыны, жалпы айтқанда, ойлаудың барлық мазмұнын білдіреді». Сөз мағыналарын білдірудің әр алуан жолдарын зерттеген М.Малбақовтың: «Тарихта болып өткен алуан түрлі өрениет үлгілерінің өзіндік ерекшеліктері олардан қалған сөздерден, сөздіктерден байқалады»,-деген пікірінде пайымдаудың рөлі көрінеді.
Шешендік сөз ақыл-парасатқа негізделсе, мазмұнды болады. «Ақыл», «парасат», «ес» сөздері белгілі дәрежеде «мән», «мағына» сөздерімен төркіндес. Шешен сөздің мазмұндылығы сөйлеушінің ақыл-ой дәрежесіне, жан-жақты білімділігіне байланысты. Шешендік ғылымының теориясын жасағандардың бірі-Цицерон жақсы шешен болу үшін, жан-жақты білім керектігін айтқан еді.Оның өзі де ғылымның барлық салаларынан хабардар болған:ол гуманитарлық білімдерге қоса, жаратылыстану ғылымдарын меңгерген. Атақты шешен ғылым түрлерін «мынау керек, мынау керек емес» деп айырмаған. Барлық ғылым жетістіктерін меңгерген, сондықтан да кез-келген тақырыпта еркін, мазмұнды сөйлеп кете берген. Мазмұнды сөз ол лекция болсын, мақала болсын, баяндама болсын туындаушылары мен оқырмандарын ляззатқа бөлейді, қуаныш әкеледі, жаңа білімдермен толықтырады. Мына бір технологтың әңгімесін мысалға келтірейік: «Маған бір дәрежелі адаммен сөйлесуге тура келді. Біз таза техникалық мәселелер төңірегінде сөйлестік. Осы тұста бізде қиындықтар туындады. Мәселені талқылау кезінде техникалық терминдерді жеткілікті білмейтіндігімді сезіндім».
Шешендік өнердің қайта жаңғырығуы-қоғамдық қажеттілік. Шешендік-зайырлы қоғамның әлеуметтік және экономикалық өсуінің кілті.
Қазақ ауыз әдебиеті үлгілерінің заманалар бойы ауызша сақталып, біздің дәуірімізге жетуінің өзі-оның тамаша көркемдігінің, шын мәніндегі шешен тіл негізінде туғандығының кепілі. Мұндай көркемдік дәрежеге жетпеген дүние бірнеше ғасыр емес, бірнеше жыл қырқасынан да аса алмаған болар еді. Қазақ ауыз әдебиетінің үлгілері сөз өнерінің үздік табыстары ретінде сақтала отырып, сол өнердің дамуына өлшеусіз зор үлес қосты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет