Бақылау сұрақтары:
Қазақтың шешендік сөздерін зерттеген ғалымдарды атаңыз.
Әдебиетші ғалым С. Негимовтің "Шешендік өнер" зерттеуі не жайлы?
Әдебиеттер:
Г.Қосымова. Қазақ шешендік өнерінің негіздері. Білім баспасы, 2003ж.
Тіл мәдениеті. Шешендік өнер: Оқулық / Б.Қ.Қапасова.-Алматы, 2014-224б.
№6 Тақырып: Көне түркі және Алтын орда дәуіріндегі шешендік өнер
Мақсаты: Көне түркі және Алтын орда дәуіріндегі шешендік өнер туралы мәлімет беру.
Жоспар:
Орхон жазбаларының жанрлық синкреттілігі, фольклормен байланысы мәселесі.
Түркі қағандығы дәуірінде шығарылған ерлік эпосының бірі — «Қорқыт ата кітабы» жайлы.
«Кодекс Куманикустың» фольклорлық материалдары жайлы.
Кілт сөздер: түркі қағандығы, жазбалар, жанрлық синкретизм, қайта өркендеу дәуірі, эпостық жырлар, лексикалық ұғымдар, гуманистік идеялар.
Түркі тілдес жазба мұралардағы ғылыми түжырымдардың үш жүз жылдық бастауы белгілі. Бүл мұралардың тарихи-әлеуметтік, философиялық, дидактикалық мәні әдебиетшілер, тарихшылар, философтар, мәдениеттанушылар тарапынан, этнопедагогика мен этнопсихологиялық түрғыдан жемісті зерттелуде. Тілшілер тарапынан мұралардың тілдік-көркемдік элементтері тұтастай болмаса да жеке-жеке зерттеу еңбектерінде қарастырылуда.
Түркі халықтарына ортақ көне түркі әдебиеті мен мәдениетіне, сөз өнеріне үңіле қарасақ, біріншіден, оның Орхон ескерткіштері (Ү11 ғ.) «Қорқыт» (Ү111ғ.), «Оғыз-нама» (1Хғ) секілді өзіндік жәдігерлік төл мұралары табылады. Екіншіден, парсы-араб әдебиеті мен мәдениетімен түптас, тамырлас, жүйелес келетін поэзиялық, фольклорлық жанрлар айқын. Үшіншіден, ежелгі қытай-үнді ойшылдарының философиялық-этикалық көзқарастарының идеялық ықпалын сезінгені аңғарылады. Төртіншіден, ғылыми деңгейге көтерілген грек философиясын жаңғыртудың басалқы тармағы, еселі аясы жаңғырды. Бұл кезең адамзат өркениетінің ежелгі грек-рим кезеңінен кейінгі қайта өрлеу, екінші мәрте жаңғыру асуы болып табылады. Сондықтан аталынған төл шығармалар түркі халықтары мәдениетінің ғана емес, әлемдік мәдениеттің тарихынан орын алған бағалы жәдігерлер. Олардың танымдық-тағлымдық мәнін және көркемдік-тілдік сипатын зерттеген әдеби-ғылыми еңбектер молшылық. (Әдебиетті қараңыз)
Алтын Орда дәуірінде (ХІІІ-ХҮ ғғ.) Қыпшақ даласындағы түркі халықтарының әдебиеті мүлдем жаңа сапалық деңгейге көтерілді. Сол кезеңде жасалған туындылар арасында "Кодекс Куманикус" сияқты авторы беймәлім ескерткіштерді, сондай-ақ Хорезмидің "Мұхаббат-наме", Құтбтың "Хұсрау-Шырын", Сәйф Сарайдың "Гүлистан би-т-түрки", Дүрбектің "Жүсіп-Зылиха", Рабғузидің "Қиссас-ул әнбия" атты шығармаларын және т.б. ерекше атап көрсетуге болады.
"Кодекс Куманикус" (XІV ғ.) - Жоңғар қақпасынан Дунайға дейінгі ұлан-байтақ жерді қамтыған қыпшақтар үстемдігі кезіңде туған еңбек. Оған көркем әдебиеттің үлгілері де енгізілген. Мазмұны мен құрылымы жағынан бұл еңбек - Ордаға түрлі мақсаттармен келген және латынша білетін европалықтарға, сондай-ақ, латынша білгісі келген қыпшақтарға (парсыларға да) арналған арнайы сөздік және қыпшақ тілінің оқулығы іспетті. Сөздік екі бөлімнен тұрады. Түркітанушылардың пайымдауынша, оларды түрлі мақсаттар көздеген бірнеше автор жазған. Итальяндықтар жазған болуы мүмкін деген бірінші бөлім жақсы ойластырылған үш тілді латын-парсы-қыпшақ (құман) сөздігі болып табылады. Бұл бөлім қолжазбаның 110 бетін қамтиды. Одан әрі бірнеше бетте "аudіo" ("есіту") сөзінің бірнеше түрі берілген. Мұның өзі сөздікті лексикография принциптерін жақсы білген және Дешті Қыпшаққа келіп, тіл жөнінен қиналған адамдарға көмек көрсету мақсатын ғана көздеген адам құрастырғанын байқатады. Ғалымдардың пікірінше, бірінші бөлімді құрастырушы латыншаны өте жақсы білген, ал құман-қыпшақ тілі жөнінде бұлай деп айтуға болмайды.
"Кодекс Куманикустың" екінші бөлімін негізінен алғанда фольклорлық материалдар құрайды. Олар: жергілікті ертегілер, аңыздар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар және христиан уағыздары мен Мария ананың, Христос пен оның апостолдарының өмірі туралы аңыздар. Бөлім қолжазбаның 161 бетін қамтиды, оны тегінде миссионерлік мақсатпен немістер құрастырған болса керек. Бұл бөлімде көптеген сөздер құман-неміс тілінде, ал өзге лексикалық ұғымдар құман-латын тілінде берілген. Мысал ретінде келтірілген мәтіндер, сондай-ақ сөздер сол кездің тілін ғана емес, сонымен қатар Дешті Қыпшақтың көркемдік мәдениетін де сипаттайды. Сөздер мен сөз тіркестерін айтпағанның өзінде, көптеген жұмбақтар, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер мен қанатты сөздер қазіргі қазақ тілі мен фольклорында сақталған.
XІV ғасырдың басында Насреддин Рабғузидің халық арасында "Қиссас ул-әнбия" деген атпен көбірек мәлім "Қисса-и Рабғузи" деген қолжазба кітабы пайда болды. Қолжазба ғасырлар бойы бірнеше рет көшіріліп, көптеген көшірме нұсқалары көптеген елдерге тарады. ХҮ ғасырға жататын ең ерте нұсқасы Британ мұражайында сақтаулы. Ол 1990-1991 жылдары Ташкентте басып шығарылды. Автор Мауараннахрда, Рабати Оғыз деген жерде туған (оның Рабғузи деген бүркеншік аты да содан шыққан). Кітап Мұхаммедке дейінгі пайғамбарлардың өмірі мен олардың бастан кешкен оқиғаларын және Мұхаммедтің өзі мен мұсылман халифтарының өмірін баяндауға арналған. Онда дүниенің жаралуы туралы, жер жүзін топан су басуы туралы және Жер бетінде жаңа тіршіліктің басталуы туралы мифологиялық әңгімелер, түрлі аңыздар, ертегілер мен мысал әңгімелер бар. Жекелеген хикаялар ерте орта ғасырлардағы тарихи оқиғаларға, мысалы, ат-Табари "Тарихына" барып тіреледі.
"Қисса-и Рабғузиге" енгізілген шығармаларды идеялық-тақырыптық мазмұны бойынша үш топқа бөлуге болады: а) дүниенің, аспанның, жердің пайда болуы туралы, адамның, жануарлардың, жын-шайтандардың және басқа да тіршілік иелерінің шығуы туралы әңгімелер; ә) пайғамбарлар мен халифтар, әулиелердің өмірі туралы хикаялар, шығыс нақылдары, халық аңыздары мен ертегілері; б) хижраның алғашқы он жылындағы негізгі оқиғалар тізбегі, жылдардың, айлар мен күндердің атаулары туралы, мұсылман күнтізбесіндегі айтулы күндер туралы мәліметтер. Осылардың бәрі ислам діні тұрғысынан баяндалады. Бірақ мұнда халықтың дүниетанымы мен кейіпкерлерді фольклорлық дәріптеу айқын байқалады. "Қисас ул-әнбия" құран сюжеттерін, уағыздары мен сүрелерін баяндап беретін танымал прозалық шығарма ғана емес, онда автордың үлкен дарын иесі екенін дәлелдейтін дидактикалық әңгімелер мен өлеңдер көп. Бұл ретте Жүсіп пен Зылиха туралы хикаяттағы махаббат сипатындағы өлең жолдары ерекше назар аударарлық. Ал құран хикаялары мен аңыздарының сюжеттері адамдарға түсінікті, тартымды да қарапайым тілмен баяндалған. Олардың діни ғана емес, танымдық мағынасы да зор, оларда өмір шындығы мен уақыт белгілері көрініс тапқан. Кітапта түркі халықтарының ғана емес, хикаяттарда айтылатын басқа халықтардың да әдет-ғұрыптары туралы мәліметтер бар.
Алтын Орда дәуіріне жататын елеулі шығармалардың бірі - "Хұсрау-Шырын" дастаны, оның авторы - шыққан тегі қыпшақ Құтб ақын. Ақын өмірі туралы толық мәліметтер жоқ. Оның 1330-1340 жылдарда Ақ Орданың астанасы - Сығанақ қаласында туып, өз дастанын сонда жазғаны, бұл туындысын билеуші Тыныбек пен оның әйелі Мәлике ханымға арнағаны мәлім. Автор дастанының түпнұсқасын билеушіге тарту еткен болуы мүмкін, өйткені ақын билеушіден өзін қызметке қабылдауды өтінгенде әмірші Құтбтың тілегін орындаған. Алайда Тыныбек елді ұзақ билеген жоқ, кейбір деректер бойынша - 1337 жылдардан 1340 жылға дейін, басқа деректерге қарағанда 1342 жылғы наурыздан 1343 жылдың басына дейін ғана билік еткен. Сарай төңкерісі нәтижесінде Тыныбекті өз інісі Жәнібек өлтірген, ал Құтбтың одан арғы тағдыры туралы деректер жоқ.
Негізінен Құтб өз дастанын 1341-1342 жылдарда жазып бітірген. Қолжазбаның бірнеше көшірмесі болса керек. Дастанның бір көшірмесін қыпшақ ақыны Берке Факих (Берке ибн Беракез ибн Едгу Қыпшақи) Мысырға алып кетіп, онда 1383 жылы өзінің туысы Құттықожаның өтінуімен даста
Фольклор мен көне әдебиет үлгілері әдетте синкретті сипатта болады. Ежелгі дәуірлерде туған көркем туындылар синкреттілігімен ерекшеленетініндей, синкретизмнің екі түрі де белгілі дәрежеде Орхон ескерткіштерінде де көрініс тапқан. Орхон ескерткіштеріндегі жанрлық синкретизм олардың өнердің басқа түрлерімен, жоқтау, арнау, шешендік сөздер, мақал-мәтел сияқты фольклорлық шағын жанрлармен байланыстылығынан байқалады.
Орхон жазбаларының жанрлық синкреттілігін, фольклормен байланысын айқындай түсетін белгілердің бірі – онда арнау, толғау үлгілерінің кездесетіндігі. Осы сипаттағы көркем сөз үлгілерін Түркі қағанаты дәуіріндегі жазбалардан – Орхон жазба ескерткіштерінен көптеп кездестіреміз. Ол жазбаларда арнаулардың айтылуының тарихи негіздері де көрініс тапқан.
Орхон жырларының кіріспе, қорытынды бөлімдерінде кездесетін ғибрат сөз, көпшілікке арнап көтеріңкі екпінмен үндеу тастап ақыл-өсиет айту, сұрақ қоя сөйлеу дәстүрі ежелгі түркі дастандарында да, қазақтың батырлық жырларында да үлкен орын алады.
Орхон жазбаларының синкреттік сипатын оларда мақал-мәтел үлгілерінің жиі қолданылуы да айқындай түседі. Ол жазбалардан мақалдармен қатар, айтар ойды тұспалдап қана білдіретін мәтелдерді де, кейбір лепті, өлеңді тіркестердің ұтымды түрлерін де көптеп кездестіреміз. Жазбалардағы айтар ойды қысқа түрде, әрі бейнелі етіп жеткізу үшін қолданылатын «Мұқият тыңда, терең ұқ», «Жырақ болса, жаман сыйлық берер, Жақын болса, жақсы сыйлық берер», «Аштықта тоқтықты түсінбейсің, Бір тойсаң, аштықты түсінбейсің» деген жолдардың да түркі тайпаларының тыныс-тіршілігінен туғаны анық. Сол секілді: «Тағдырды тәңірі жасар, Адам баласы бәрі өлгелі жаралған» деген мақал мәндес жолдар, кейбір сөз тіркестері жалпы сипаты – ішкі мазмұны мен құрылысы, сөз кестесі жағынан фольклорлық туындыларда жиі кездесіп отыратын қолданыстарға, мақал-мәтелдерге жақындығымен ерекшеленеді.
«Тоныкөк» жырында да қайталанып келіп отыратын көркем фольклорда жиі қолданылатын тұрақты бейнелі, өсиет, нақыл, мақал-мәтелге жуық сөздер мол. Бұл жырда тапқырлыққа құрылған шешендік сөз үлгілерінің көптеп кездесуі кездейсоқ құбылыс емес. Қазақ ауыз әдебиеті салаларының ішінде өзінің жанрлық табиғаты жағынан күрделісі болып саналатын шешендік сөздерді тудырып, дамытушы да көбінесе сол Тоныкөк сияқты билер мен жыраулар болған. Түркі халықтарының эпостық жырларында жиі қолданылып, жырға рең, көрік, әр беріп отыратын мұндай өсиет, нақыл сөздер ертедегі жырларымыздың да ең басты құралдарының бірі болғаны анық.
Түркі қағандығы дәуірінде шығарылған ерлік эпосының бірі — «Қорқыт ата кітабы». Ал, бұдан кейінгі Қарахан мемлекеті тұсындағы немесе ислам дәуірі (10 — 12 ғ.) деп аталатын тарихи кезеңдегі түркі халықтарының қоғамдық-мәдени даму тарихындағы Қайта өркендеу — Ренессанс дәуірі деуге болады. Бүкіл түркі қауымын әлемге танытқан Әбу Наср әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, Әбу Райхан әл-Бируни, Махмұт Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Ахмед Иүгінеки, Қожа Ахмет Иасауи, Сүлеймен Бақырғани, т.б. осы Қайта өркендеу дәуірінде тарих сахнасына шықты. Олар өзерінің ғылыми және көркем туындыларында гуманистік идеяларды, адамгершілік пен қайырымдылықты, т.б. ізгі қасиеттерді көтерді. Бұған әл-Фарабидің «Риторика», «Поэзия өнері туралы», ибн-Синаның «Данышнамесі» («Білім кітабы»), әл-Бирунидің «Хикметтері» («Даналық сөздері»), Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» («Түркі сөздерінің жинағы»), Баласағұнидің «Құтты білігі», Иасауидің «Диуани хикметі» («Ақыл кітабы»), Бақырғанидың «Бақырғани кітабы», т.б. толық дәлел бола алады.
Алтын Орда дәуірінде (13 — 15 ғ.) Қыпшақ даласындағы түркі халықтарының әдебиеті мен мәдениеті мүлдем жаңа сапалық дәрежеге көтерілді. Бұл кезде мемлекет астанасы болған Сарайшық қаласына Батыс пен Шығыстың аса көрнекті ғалымдары, сәулетшілері, ақындары, өнер қайраткерлері, т.б. жиналған еді.
Алтын Орда дәуірі әдебиеті тұсында әл-Хорезмидің «Мұхаббат-наме», Сайф Сараидің «Гулистан бит-турки», («Түркі тіліндегі Гүлістан», Құтбтың «Хосрау — Шырын», Дүрбектің «Жүсіп — Зылиха» дастандары ерекше мәшһүр болды. Сондай-ақ, Насреддин Рабғузидің «Қиссасул әнбия» деп аталатын прозалық шығармасы да кең тараған болатын. Қыпшақ тілінің сөздігі — «Кодекс куманикус» атты кітап та заман талабы бойынша өмірге келген туынды еді.
«Кодекс Куманикустың" екінші бөлімін негізінен алғанда фольклорлық материалдар құрайды. Олар: жергілікті ертегілер, аңыздар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар және христиан уағыздары мен Мария ананың, Христос пен оның апостолдарының өмірі туралы аңыздар. Бөлім қолжазбаның 161 бетін қамтиды, оны тегінде миссионерлік мақсатпен немістер құрастырған болса керек. Бұл бөлімде көптеген сөздер құман-неміс тілінде, ал өзге лексикалық ұғымдар құман-латын тілінде берілген. Мысал ретінде келтірілген мәтіндер, сондай-ақ сөздер сол кездің тілін ғана емес, сонымен қатар Дешті Қыпшақтың көркемдік мәдениетін де сипаттайды. Сөздер мен сөз тіркестерін айтпағанның өзінде, көптеген жұмбақтар, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер мен қанатты сөздер қазіргі қазақ тілі мен фольклорында сақталған.
Достарыңызбен бөлісу: |