Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет49/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   292
 
Көп конусты проекцияның 
 
картографиялық торларын глобустың градус торларының 
бөліктерін бірнеше жанасатын конустарда жобалап, ко-
нус жолақтарының бетінде түзілген кескіндерді біріктіріп 
жазықтыққа көшіру арқылы құрады [2.17-сурет]. Көп кону-
сты проекциямен картографиялық торды жобалаудың жалпы
қағидалары 3.19-суретте көрсетілген. 
2.17 А суретте конустың шыңы белгіленген. Сəйкес келетін 
конустың əр жолағында глобуспен жанасқан ендіктер телімдері 
жобаланады. Конустарды жазғанда сол телімдердің жолақтары 
алынады да, олар орталық меридианда бір-бірімен жанстырып 
жиналады. Содан кейін аралықтарындағы жыртылулар жойы-
лып картографиялық тордың ең соңғы нұсқасы құрылады. 
Көп конусты проекциямен құрылған картографиялық 
тордың меридиандары қисық, орталық меридианы мен эква-
тор түзу, параллельдері эксцентрлі доға тəрізді болады. Көп 
конусты проекциялар дүниежүзінің карталарын құру үшін 
қолданылады. Экватор маңы телімдері жанасатын цилиндрде 
жобаланатындықтан алынған тордың экваторы түзу.


79
2.17-сурет.
Көп конусты проекцияларды құру қағидалары
Көп конусты проекцияларды құру қағидалары: А – глобусқа 
жанасатын диаметрі əр түрлі конустардың шыңдары (S
1
, S
2

S
3
) жəне экваторда жанастырылға цилиндр, Ə – конустарды 
жазықтыта жайғанда алынған телімдердің жолақтары, Б – 
картографиялық тордың ең соңғы нұсқасы
Дүние жүзінің картасын құруға қолданылатын көп кону-
сты проекциялардың картографиялық торларының экватор 
маңы телімдерінде ұзындық масштаб бас масштабқа жақын, 
ал параллельдер мен меридиандардың бойында бас масштаб-
пен салыстырғанда əсіресе шеткі бөліктеріне қарай біртіндеп 
артады. Сəйкесінше осы телімдерде аудан мен бұрыштың 
бұрмалануы жоғары болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет