Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысы



Pdf көрінісі
бет16/181
Дата06.07.2022
өлшемі7,89 Mb.
#37526
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   181
Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысы
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


23
басталды. Бүкiл қазақтың ұлы ханы бо луға 
Әбiлқайыр мен Сәмеке дәмелi болатын. Алай-
да қазақ ақсү йек терiнiң тобы бұл ең жоғары 
лауазымды орынға iс жүзiнде ешқандай айту-
лы қызметiмен көзге түспеген 
Әбiлмәмбеттi 
сайлауды лайық деп тапты. Өйткенi аймақтық 
билеушiлерге билiк басында күштi тұлғаның 
отыруы керек емес еді. 
Қазақтың бi рiккен әскери күштерiнiң бас 
қолбасшысы, Кiшi жүздiң ханы Әбiл қайыр 
мен Орта жүздiң ықпалды ханы Сәмеке әл-
гi шешiмге келіспейді. Сондықтан олар со-
ғыс қимылдары жүрiп жат қан аумақтан өз 
әскерлерiн алып кетеді. 
Өкiнiшке қарай, зор қиыншылықпен құ -
рыл ған жалпықазақтық әске ри жасақ аяқас-
ты нан ыдырап шыға келдi. Қалыптасқан қи-
ын жағдайдан шығудың ендiгi жолын әр жүз 
өздерiнше жеке-жеке iздес тi ру ге көштi. Мә-
се лен, Ұлы жүз жоңғарларға әлi де уақытша
ба ғына тұ руға мәжбүр болды. Оларға аманат 
берiп, жыл сайын алым-салық төлеп тұрды. 
Жоңғар шапқыншылығының зардабын бә-
рiнен де көп тартқан Орта жүздiң жауға қарсы 
күрестi одан әрi жал ғастыра беру iне тура келдi. 
Ал Кiшi жүз үшiн мүлде басқаша жағдай қа-
лыптасты. Ол жан-жағындағы халықтардың 
қоршауында қалып қойды. Олар хиуалықтар, 
түрiкмендер, Едiл қалмақтары, Жайық ка зактары және башқұрттар едi. 
Өйткенi бұл кезде олардың қай-қайсы сымен де қарым-қатынас нашарлап, 
шие ленiсiп тұрған болатын.
?
1. Бұланты және Аңырақай шайқастарын салыстырып, талдау жаса.
Салыстыру сұрақтары
Бұланты
Аңырақай
Өткен жері
Болған жылы
Нәтижесі
Тарихи маңызы
Мұхтар Мағауин: «Егер Бұланты 
мен Аңырақайдағы жеңістер 
болмаса, Қазақ Ордасы осыдан 
жүз жыл бұрын мүлде тозып, 
құрып біткен Ноғай Ордасының 
кебін киері анық-ты», – деп 
жазған. Бұл шайқасты сен қалай 
бағалар едің?
Біліп жүр!
Қанжығалы Бөгенбай-
дың ұсынысымен 
жоңғарлармен шай-
қаста қаза тапқан 
қазақ жауынгерлерінің 
денесі Ұлытаудың 
басына шығарылып 
жерленді.
Орталық биліктің ыдырауына 
әсер еткен жағдайларды атаңдар. 
Салдарына талдау жасаңдар. 
Әбілқайыр мен Сәмекенің іс-
әрекетіне баға беріңдер.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


24
2. Қазақ-жоңғар соғысына өз өлкеңнен қатысқан батырлар жайлы шағын әңгіме 
жазыңдар.
Аманат – кепiлдiкке берiлген адам. Көршi мемлекеттiң басшылары жа сал ған
шартқа адалдық белгiсi ретiнде қазақ хандарының, сұлтан да рының, би лерi мен 
батырларының ба лаларын кепiлге алатын болған.
Қарақалпақтар – Оңтүстiк Арал аймағында көшiп-қонып жүретiн түр кi тектес 
халық. Қазiр қарақалпақтар Өзбекстан Республикасының ау мағында тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет