Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


 - БӚЛІМ  БІЛІМДЕРДІ ҦСЫНУ ҤШІН СЕМАНТИКАЛЫҚ ЖЕЛІЛЕР



Pdf көрінісі
бет41/76
Дата15.11.2023
өлшемі2,02 Mb.
#122505
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   76
7 - БӚЛІМ 
БІЛІМДЕРДІ ҦСЫНУ ҤШІН СЕМАНТИКАЛЫҚ ЖЕЛІЛЕР 
 
«Семантикалық (мағыналық) желі» деген ұғым 1968-1969 жылдары 
Р.Куиллиан (Ross Quillian) жұмыстарында пайда болды. Бұл үшін доғалармен 
(графтар) қосылған түйіндері бар графикалық сызбалар пайдаланылады. 
Семантикалық желілер теориясында граф-ағаштар мен қатар, циклдық және 
толық байланысқан графтар қарастырылады. Одан басқа, мүмкін болатын 
арақатынастар типтері жеке және ерекше түрде зерттелінеді (дәстүрлі: АКО 
— a kind of, ISA, has part және кейбір жаңалар). 
Алдымен семантикалық желілер табиғи тілдерді талдау үшін және 
адамның ақыл-есінің психологиялық моделін құру үшін жасалынған 
болатын. Бұл кезеңде сӛйлемде бейнебір «орталық тақырып» бар деп 
есептелетін, 
осыны 
пайдаланып 
машина 
сӛйлемнің 
мағынасын 
(семантикасын) «түсіну» мүмкін (
7.1-сурет
). 
7.1-сурет
. «Жазғытұрымғы күні патша нӛкерін ертіп, орманға атпен серуендеуге шықты» 
Семантика
– белгілер мен объектілер арасындағы қатынастарды 
қоятын ғылым, яғни белгілердің мағынасын анықтайтың ғылым. 
Семантикалық желі
– бұл бағытталған граф, оның шыңдары – ұғымдар, ал 
доғалары – олардың арасындағы қатынастар.
Адамның ақыл-есінің құрылысын және логикалық шығарудың 
ұйымдастыруының теориялық қағидаларын иерархиялық желіге негіздеп, 
Р.Куиллиан А.Колинзбен (Allan Collins) бірге 1969-1970 жылдары 
тәжірибелік түрде тексеріп шығарды. Осындай желі үшін мынадай 
қатынастар сипатты: класс – класс элементі; қасиет – мәні. Егер «кеме», 
«мұхит лайнеры» және басқа түйіндерде ішкі құрылысы жоқ деп есептесек, 
онда 
7.2-суреттегі
желіні иерархиялық емес, қарапайым желі деп атауға 
болады. Класс элементінің мысалдары 
7.2 - 7.4-суреттерде
кӛрсетілген. 


66 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет