Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет42/80
Дата15.11.2023
өлшемі1,13 Mb.
#123987
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   80
Бородино
селосының маңынан табылған қола 
заттардың тағы бір көмбесi осыған айқын дәлел. Көмбе 17 бұйымнан тұрады. 
Солардың iшiнде күмiстен жасалған найзаның екi ұшы мен әсем жасалған 
нефрит балта бар. Оның ұңғысы сап өткiзiлетiндей етiп тесiлген және мұқият 
өңделген. Олардың көпшiлiгi өздерiнiң жасалу дәстүрi жағынан Алдыңғы Азия 
мәдениетiне өте жақын. Көмбеден табылған асыл металлдар мен құнды 
тастардан жасалған заттар оның тайпа көсемiнiң меншiгi болғанын көрсетедi. 


Мамандар көмбе құрамындағы нефрит балта биліктің символы есептелетін аса 
таяқтың басы болуы мүмкiн дейді. Бұл б. з. д. 2-мыңжылдықтың ортасында 
билiк рәмiздерi қалыптасқанын бiлдiредi. 
Қима мәдениетінің негізін үй маңындағы және жартылай көшпелі 
шаруашылық құрады. Мал құрамында сиыр мен жылқының үлесі басым. Мініс 
көлігіне қолданылған ауыздық секілді әбзелдер табылған. Егіншіліктің де 
біртіндеп дамып келе жатқаны байқалады. Қоладан жасалған бірқатар егіншілік 
құралдары белгілі. Мамандар қима мәдениетінің соңғы сатысында пайда болған 
еңбек құралдары осыдан кейінгі скифтердің құралдарымен ұқсас екендігін 
айтады.
МЕРЗIМДЕЛУ 
Ежелгі шұңқыр мәдениетi – б.з.д. 3-мыңжылдықтар аралығы. 
Катакомба мәдениетi – б.з.д. ХХ –ХІІІ ғасырлар аралығы. 
Қима мәдениет – б.з.д. ХV – VІІІ ғасырлар аралығы. 
Әдебиеттер 
 
Березанская С.С. Северная Украина в эпоху бронзы. – Киев, 1982. 
Мельников В.И. Особые виды погребении катакомбной общности. – М., 1991. 
Обыдёнов М.Ф., Обыдёнова Г.Г. Севере-восточная периферия срубной культурно-
исторической общности. – Самара, 1992. 
Поселения срубной культуры. – Воронеж, 1989. 
Смирнов К.Ф., Кузьмина Е.Е. Происхождение индоиранцев в свете новейших 
археологических открытий. – М., 1977. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет