Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет41/80
Дата15.11.2023
өлшемі1,13 Mb.
#123987
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   80
катакомба
мәдени-тарихи қауымдастығымен өзара байланысқа түсуіне әкелді.
Катакомба мәдениеті шұңқырлықтарды біршама жерінен ығыстырып тастады. 
Едiлден Днепрге және Қырымнан Курскiге дейiнгi аралықты жайлаған 
катакомба қауымдастығы алты дербес мәдениеттен құралды. Оларды бiр 
мәдениетке бiрiктiрген жерлеу ғұрпындағы катакомбалық ортақ дәстүр мен 
ыдыстары, оның өрнектерінің жақындығы едi. Катакомба мәдениетiнiң қыш 
ыдыстары мойны цилиндр тәрiздес бүйiрi томпақ келедi. Құтыларының түбi 
тегiс, өрнегi шұнқыр тектес. Қабiр шұңқырларының бiр бүйiрiне қарай кәуленiп 
қазылуы (катакомба) мәдениеттiң археологиялық атауына арқау болған. 
Дегенмен, 
осы 
мәдениетке 
жататын 
обалардың 
астында 
жерлеу 
шұңқырларының басқа да түрлері кездеседі. Катакомба қауымдастығының 
шығу тегі туралы мәселе әлі шешімін таппаған. Басты қиындық оның 
құрамындағы мәдениеттердің арғы тегінің әртүрлілігінде. Катакомбалық 
ыдыстардың бүйірі томпақ, мойны ұзын цилиндр тәріздес, түбі тегіс. Өрнектері 
негізінен созылған бау (шнуровый) тәріздес.
Қоныстары өзен жағасындағы, айнала табиғи ормен қоршалған мүйістерде 
орналасқан. Өзен жағалаулары әрі мал жайылымы әрі егіс алабы ретінде 
пайдаланылған. Мал – шаруашылықтың басты түрі. Днепр өңірінде сиырдың
сүйектері, Дон аймағында қойдың сүйектері басым. Қоныстардың орнында 
жылқы мен балықтардың сүйектері де кездеседі. Қазбадан табылған орақ 
тістері, мүйізден жасалған кетпендер, дән үгіткіштер секілді құралдар 
қауымдастық өмірінде егіншіліктің де өзіндік орын алғанын аңғартады.


Ресейдің Ростов облысындағы катакомбалардың бірінен төрт дөңгелекті үлкен 
арба табылған. Жерлеу заттарынан қоғамдағы мүлік теңсіздігі байқалатындығы 
айтылады. 
Едiл мен Уралдың аралығында б. з. д. 2- мыңжылдықтың жартысынан 1- 
мыңжылдықтың 
басында 
қалыптасқан 
мәдени-тарихи 
қауымдастық 
археологияда қима (
сұрыпты)
мәдениет деген шартты атқа ие болды. Анықтап 
айтқанда бұл мәдениеттiң жерлеу қабiрлерi шұңқырдың iшiне қима 
бөренелерден салынған қабiрлерден тұрады. Кейде қарапайым шұңқырға 
жерленген мәйіттер де кездеседі. Қима мәдениеті өкілдері ежелгі шұңқыр 
тайпаларының кейінгі ұрпақтарынан тараған деген пікір бар. Бұл мәдениеттiң 
қыш ыдыстары түбi тегiс, көбiне құты тәрiздес келедi. Бiрсыпыра ыдыстары 
цилиндр тәрiздес. Қималықтар қола өндіруге түсті металлды алғашында 
Кавказдан, кейіннен Уралдан, Орта Азия мен Қазақстаннан әкелінген деп
есептейді. Қола қорыту ісі қауымдық қолөнері аясында оқшауланып
мамандана бастағаны байқалады. Қоладан жасалған бұйымдардың барлығы 
жабық екі жақты қалыптарда құйылған. Мәдениеттің жерлеу ескерткіштерінен 
қалыптар мен балқыту құралдары жиі кездеседі. Қоладан жасалған заттар өте 
көп және әр алуан. Әсiресе, қола қанжарлар мен түтiк ұңғысы қуыс найзалар. 
Найзалардың осындай түрi Карпаттан Алтайға дейiнгi аралықта кең таралған.
Қима мәдениеті дәурен құрған тұста кельт деп аталатын қола балтаның түрi 
пайда болды. Қола ғасырында кельттер бүкiл Еуропаға таралғаны белгiлi. 
Үйлері кейде 150 шаршы метрді қамтитын жартылай жертөлелер. Олардың 
қабырғалары бөренелермен нығайтылған. Үйдің ішінде бірнеше ошақ болады. 
Әсте бірнеше жұп отбасы бірге тұрса керек. Жерлеу қабірлеріндегі қималарды 
қиюластыру тәжірибесіне қарап, олар ағаш үй де сала білген деп шамалауға 
болады.
Қола ғасырында металдан жасалған еңбек құралдары мен бұйымдар жоғары 
бағаланған. Сондықтан тайпа көсемдері мен ру ақсүйектері оларды артық дүние 
ретінде жинауды әдетке айналдырған. Бұндай құбылысты сирек те болса 
кездесіп тұратын көмбелер құрамынан байқауға болады. Еділдің бойындағы 
Хвалынскі қаласының маңынан табылған көмбе заттары осындай қорытынды 
жасауға мүмкіндік береді. Көптеген қола құралдардың қалыпқа құйған кездегі 
қырлары сол күйінде сақталған. Яғни тұрмыста қолданылмаған, артық дүние 
ретінде жиналған. Мүлiк теңсiздiгiнiң б.з.д. 2-мыңжылдықтың екiншi 
жартысынан бастап қалыптаса бастағанын осындай көмбе материалдары 
көрсетедi. Одесса облысындағы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет