Оқулық «гэотар-медиа»



Pdf көрінісі
бет5/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   315
 
 
ҚҰРСАҚІШІЛІК ДАМУ ЭТАПЫ 
 
 
Құрсақішілік даму этапы орта есеппен 280 күнге (40 апта) созылады 
және бастапқы, эмбриональды және фетальды (ұрықтық) кезеңдерден 
тұрады (1-1 кесте). 
Кесте 1-1.
Пренатальді даму кезеңдері 
Даму кезеңі 
Кезең ұзақтығы 
Негізгі үрдістер 
Бастапқы 
Алғашқы 2 апта 
Ұрықтану, бөлшектену, 
имплантация 
Эмбриональды 
3-8 апта 
Гаструляция, органогенез 
Фетальды (ұрықтық) 
Жүктілік соңына 
дейін 
Плацентация 
 
Бастапқы кезең (ұрықтанудан 2 аптаға дейін) 
Овуляциядан кейін 1-ші тәулікте ұрықтану пайда болады. Ұрықтанған 
ұрық жасуша жатыр түтігі бойымен жылжып, 4-ші тәулікте жатыр ішіне 
түседі. Осында бөлшектену жүреді және мөлдір қабық ішінде тұрақтайтын 
жасушалар тобы - морула қалыптасады, осыдан кейін жасушалар арасы 
сұйықтыққа толған саңылаулары бар шар тәріздес бластоцисталар пайда 
болады. 5,5-6 тәуліктен соң ұрықтанған бластоцист эндометриге 
имплантацияланады. 2-ші апта соңында гаструляция басталады - 
біріншілік шараналық қабаттар қалыптасады және жасушаларда қозғалу 
қабілеті пайда болады. 
 



Эмбриональды кезең (3 – 8 апта) 
Бұл кезең тіндердің жоғарғы қарқынынды дифференциалдануымен 
және соңында барлық басты ағзалар мен жүйелердің рудименттері 
қалыптасуымен ерекшеленеді. Эмбрионалды кезеңнің соңында эмбрион 
массасы 9-10 г, ал дене ұзындығы – 5 см болады. Жүкті әйелдің әртүрлі 
аурулары және залалды әдеттері, ұрықтың гендік және хромосомдық 
ауытқулары, олардың өліміне немесе өздігінен түсік тастауына әкеледі. 
Құрсақішілік өмірдің жағымсыздығы, инфекциялық агенттердің (қызамық 
вирусы, цитомегаловирусы, микоплазма және т. б.) әсері, ұрық тінінің 
дифференциалдануын бұзуы мүмкін, сондықтан туа бітетін ақаулар 
қалыптасуын тудырады.
Эмбрионның және ұрықтың пайда болу уақытысы және қозғалыс 
белсенділігінің сипаты бойынша мәлімет 1-2 кестеде берілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет