Оқулық Сараптамашыға ескерту!



бет28/123
Дата03.12.2023
өлшемі13,22 Mb.
#132872
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   123
10-сурет. Бидайдың бір жұп белгілерінің тұқым қуалауы


Бақылау сұрақтары:

  1. Мендель ашқан жаңалықтардың мазмұны неде?

  2. Қарапайым бір белгінің тұқым қуалау заңдылығы қандай?

  3. Доминанттылық деген не? Доминанттылықтың салыстырмалы сипаты неден көрінеді?

  4. Белгінің доминантты немесе рецессивті екені қалай анықталады?

  5. Аллель, гомозиготалы, гетерозиготалы, доминантты, рецессивті, локус, гамета, зигота, фенотип, генотип сияқты терминдерді түсіндіріңдер.

  6. Мендель қалайша гендердің жұптылығы туралы қорытындыға келді?

  7. Рецессивті белгінің гибридте өзгермеуін және жоғалып кетпеуін қалайша дәлелдеуге болады?

  8. Тетрадалық анализдің мәні неде?



5-жұмыс


Тақырыбы: Генетикалық зерттеулердің негізгі нысаны ретінде дрозофиламен жұмыс


Мақсаты: Студенттерді дрозофиланың сыртқы құрылысымен, мутантты түрлерімен таныстырып, суретін салу, еркек және ұрғашы шыбындардың ерекшеліктерін көрсетіп, оларды айыра білу. Олардың зертханалық жағдайда дамуымен таныстыру.
Қажетті құрал - жабдықтар: қалыпты шыбындардың линиясы, шағылыстыру үшін алынған линиялы шыбындар. МБС-1 микроскоптары, марилкалар, эфир, пластинкалар, мақта, кисталар, қорегі бар пробиркалар, тущь, оқушы қаламдары. Бұл жабдықтар шыбындармен жасалатын барлық жұмыстарға қажет.
Тапсырмалар:

  1. Қалыпты шыбындарды сыртқы құрылысы жағынан ажырату.

  2. Шыбындардың аталығын және аналығын ажырату.

  3. Моногибридті шағылыстыруға тәжірибе қою. Есептер шығару.

Тапсырмаға түсініктеме:
Дрозофила – генетикалық анализ жасауға барлық жағынан ең қолайлы объектілердің бірі. Дрозофиланы қолдану нәтижесінде, мысалы, тұқым қуалау-шылықтың хромосомалық теориясы, жыныс генетикасы және жыныстық баланс, тағы сол сияқты генетиканың көптеген нақты мәселелері шешіліп ашылды. (11- сурет)
Зертханалық жағдайда және қолайлы температурада (24–25 С0) дрозофиланың барлық даму циклі 9–10 күн ішінде өтеді. Осы жағдайлардағы оның сатыларыны ұзақтығы: жұмыртқа – 20 сағат, личинка – 4 күн, қуыршақ – 4 күн маңайында. Сонымен өзінің өмір циклінде дрозофила толық метаморфозадан өтеді. Өсу жағдайларын (мысалы, температураны) өзгерту арқылы оның дамуын баяулатуға немесе жылдамдатуға болатынын атап кету керек. Төмен температура дамуды баяулатады, ал жоғары температура оны жеделдетеді, ал мұны тәжірибелер жағдайында пайдалануға болады. Қуыршақтан жарып шыққан ұрғашылары бір тәулік ішінде ұрықтануға 8–10 сағат бойы қабілетсіз келеді. Шағылыстыруға тек ұрықтанбаған ұрғашылары ғана пайдаланылады. Өйткені ұрғашыларының ұрық қабылдау жолында сперма бірнеше тәулік сақталуы мүмкін.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет