Әдеби материалдармен танысу әдістері. (10 сағат) Тақырып бойынша библиографиялық тізім құрастыру.Кітапханадағы жұмыс: кітапхана жүйесімен, электронды каталогтармен, библиографиялық материалдарды дұрыс пайдалану әдістерімен танысу.
Әртүрлі қызмет атқаратын элементтермен танысу. (10 сағат) Тақырыпша. Аннотация. Мазмұны. Алғысөз.Түйін.Анықтамалық материал т.б.
Жарияланған материалдармен танысу. (10 сағат) Таңдап алынған тақырыптың негізгі мәселелері бойынша мәліметтер алу.Мазмұны тұрғысынан жақын материалды іздеу.
Өз жұмысының тақырыбы бойынша «жинақталған мәліметтер банкін» жасау.
ақпараттар жинау, реттеу (алған білімдерін есепке алу);
алынған материалдарды жинақтау, талдау (белгілі әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, материалдарды жинақтау);
есеп беруге дайындау (негізгі түсініктерге анықтама беру, зерттеу нәтижесі бойынша хабарлама дайындау);
баяндама (зерттеу нәтижелерін баяндау, сұрақтарға жауап беру).
Тақырып проблеманың сипатын ашып береді.
Зерттеу тақырыбы түрліше болуы мүмкін.Ең бастысы, өзіне қызықты болуы мүмкін.
Тақырыптарды негізгі үш топқа бөлуге болады:
қиялға негізделген құбылыстарға бағытталған фантастикалық тақырып;
түрлі қайнаркөзден алынған деректермен, материалдармен танысу жұмыстарына бағытталған теоретикалық тақырыптар;
Болжам – бұл әлі айқындалмаған, логикалық дәлелденбеген және тәжірибеден өтпеген білім. Болжам шындық та, жалған да болуы мүмкін емес, ол тек ғана анықталмаған құбылыс.Егер болжам теорияға айналмаса, жалғанға айналады.Болжамдағы басты талап нақты материалдармен келісілуі тиіс.