Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім министрлігі


тақырып. Оқудың тҥрлері мен сапалары



бет29/97
Дата05.06.2023
өлшемі0,55 Mb.
#98990
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   97

тақырып. Оқудың тҥрлері мен сапалары


Оқудың екі тҥрі бар: дауыстап оқу, іштен оқу. Оқудың бҧл екі тҥрі де бастауыш сыныпта қолданылып, дамытылады.
Сауат ашу кезеңінде дауыстап оқу жҥзеге асырылады, ӛйткені балаларға іштен оқытсақ, оның оқу деңгейін тексере алмаймыз. Дауыстап оқыту арқылы оқуға енді тәсіліп отырған Оқушылардың Оқу сапасын дҧрыс, яғни тҥсініп, мәнерлеп оқуын, оқуға шапшандығын байқауға болады.
Әліппеден кейінгі кезең материалдарын оқыту кезеңіндеіштен оқуға дағдыландыра бастаймыз. Іштен оқуға ҥйретудің маңызы зор. Тек дауыстап оқуға ҥйренген бала мектептің негізгі білім жҥйесіне кӛшкен кезде кӛп қиыншылыққа кездеседі. Біріншіден, оқушы сабаққа дайындалу ҥшін жеке ӛзі ғана болуы керек. Дауыстап оқып отырса, қалған оқушыларға зияны тиеді. Оқу залдарында сабаққа дайындалу қиынға тҥседі. Екіншіден, оқу шапшаңдығы дамымайды. Дауыстап оқығаннан гӛрі іштей оқу жылдамдығы артады. Мысалы: 2-сыныпта дауыстап оқығанда, оқу шапшаңдығы минутына 35-50 сӛз болса, іштен оқығанда, оқу шапшаңдығы 45-60 сӛз болады. 3-сыныпта дауыстап оқығанда, минутына 60-75 сӛз болса, іштей оқығанда 80-100 болады. 2,3,4 сыныптарда оқудың екі тҥрі де қабаттаса жҥргізіледі. 3,4 сыныпта дауыстап оқудан гӛрі іштей оқуға баса назар аударған жӛн. Оқушыларғажаңа материалды ӛздігінен іштей оқып тҥсіну қиын. Сондықтан тексті іштен Оқуға тапсырмас бҧрын саналы, тҥсініп оқуға дайындық жҥ-мыстары жҥргізіледі. Жаңа тексті алдымен дауыстап оқытып, содан соң ғана іштен оқуға нҧсқау беруге болады.
Оқушының іштен оқуға қаншалықты тәсілгенін байқау ҥшін, тҥсінуге жеңіл материалдарды іштен оқуға беріп, оқып шыққан соң, әр тҥрлі әдіс- тәсілмен тҥсінігін байқау жҧмыстарын жҥргізген дҧрыс. Мҧғалім оқудың бҧл екі тҥрін де іске асыру кезінде оқу сапаларына назар аударуы керек. Оқу сапаларына жататындар: дҧрыс оқу, тҥсініп оқу, мәнерлеп оқу, шапшаң оқу.
Мәтінді дҧрыс оқу жеке сейлемді дҧрыс оқудан тҧрады. Дҧрыс оқу ҥшін оқушылар тӛмендегідей талаптарды орындауы керек: 1. Сӛзді оқығанда әріптеп оқымай, буындап, буындарды жалғастырып Оқу, ша-на-лар, то-қу.

  1. Оқып тҧрған сӛздің алдынан не артынан, не ортасына артық дыбыс қоспай, не тҥсірмей оқу, ҧқсас дыбыспен ауыстырмай оқу. 3. Бір дыбысты не буынды ҧзақ созып, не екі рет айтпау аа-на, баа- ла, а-на-на, ба-ба-ла, т.б. 4. Бір сӛз орнына екінші бір сӛзді, /мағынасына сәйкес келетін/ айтпау, сӛйлем соңындағы сӛзді, буынды жҧтып қоймау. 5. Ҧсақ дыбыстарды, тілі келмейтін дыбыстарды ауыстырмау.

Сауат ашу кезеңінде Оқушылар Бҧл талаптарды орындамай, оқу кезінде кӛптеген қателер жібереді. Сондықтан мҧғалім оқудың қалған сапаларын жҥзеге асырып, оқудағдысын жетілдіру ҥшін, Оқу сапасының негізі болып табылатын дҧрыс оқу тҥріне баса назар аудару керек. Егер бала оқуға ҥйрету кезінде қате оқыса, мҧғалім дереу дҧрыс оқуға ҥйрету керек. Бҧл жҧмыстарды тӛмендегіше топтап кӛрсетуге болады. 1. Әр оқушының оқу дағдысын мҧғалімнің жеке есепке алып, сол бойынша жҧмыс жҥргізуі. 2. Қате оқыған сӛзін оқыту, сӛзді дҧрыс оқымағанына кӛз жеткізу. Мысалы, тон деген сӛзді оңн деп оқыса, сан мен сандық ҧғымды қарапайым тілмен тҥсіндіріп, кеспе әріп, буынмен жҧмыс жасату / ба-бал-ала, доп-топ, ас-аш/.

  1. Сӛздің, сӛйлемнің мағынасын тҥсіндіру арқылы дҧрыс оқуға ҥйрету. 4. Ҧқсас дыбыстарды артикуляциялық жаттығулар арқылы дҧрыс дыбыстауға ҥйрету. Мысалы, ш дыбысы тіл алдынан жасалса, с дыбысы тістін бір- біріне тиюінен жасалады. 5. Жаңылтпаштар айтқызып, тілін сындыру. 6. Орфоэпиялық талаптарға сай оқыту. 7. Оқушының ӛзіндік

ерекшеліктерімен санасу, /кӛзі нашар, қҧлағы нашар еститін, қабылдауы тӛмен/ олармен жеке жҧмыс тҥрін ойластыру. 8. Мәтіндегі сӛздің мағынасына қарай лайықты дауыс ырғағын, интонациясын сақтап оқуға ҥйрету. Дҧрыс оқымаса, мҧғалім дҧрыс оқып беріп, оқушыға қайталаттырады, немесе жақсы оқитын оқушыға оқыттырады.
Оқудың сапалық қасиетінің екінші бір тҥрі - тҥсініп оқу. Тҥсініп оқу дегеніміз - оқушыға оқыған сӛз не сӛйлемнің мағынасын, ондағы айтылған ойды дҧрыс тҥсініп, оны екінші бӛлімдегі айтылған оймен байланыстыруы. Сондай-ақ, тҧтас мәтіндегі негізгі ойды айырып, оған ӛзінің кӛзқарасын білдіру.
Тҥсініп оқу дҧрыс оқу сапасы арқылы іске асады. Егер бала оқыған материалын дҧрыс оқымаса, онда айтылғалы тҧрған ойды аңғармай, сӛйлемдер арасындағы логикалық, психологиялық байланысты дҧрыс қабылдай алмайды.
Егер оқушы оқыған материалдарының мазмҧнын саналы тҥрде меңгермесе, оқушыда белгілі бір икемділік, ӛмір, зат, қҧбылыс табиғат, адам, олардың іс-әрекеті туралы ӛзіндік кӛзқарасы болмайды. Мҧндай жағдайда оқу сабағы ӛзінің алдында тҧрған негізгі мақсат-міндетін де шешпейді, сондықтан, бастауыш сынып мҧғалімі дҧрыс оқыта отырып, оқығанын тҥсіну, саналы меңгерту жҧмыстарында ерекше мән беруі керек.
Ӛз бетінше мәтінді оқы, оның мазмҧнын ӛз сӛзімен айтып беру - бастауыш сынып балалары ҥшін қиынға соғады. Бҧған қарағанда, олар ауызша айтылған әңгімені тез қабылдап, ӛз сӛздерімен жеткізе алатынын байқатады. Ӛйткені ауызша айтылған сӛзді қабылдауда бала ҥннің, дауыс ырғағының қалай естілетініне кӛңіл бӛледі. Айтылудағы дауыс интонациясы мәтін мазмҧнын дҧрыс тҥсінуге кӛмектеседі.
Мәтінді ӛз бетінше оқығанда оқудың тҥрі мен техникасын /сапасын/ жақсы меңгерген, сӛздік қоры мол бала тез тҥсініп, тҥсінігін айтуы мҥмкін. Ал керісінше жағдайда мҧндай іс-әрекет жҥзеге аспайды.
Оқушы оқығанын саналы тҥрде тҥсініп, толық қабылдауы ҥшін мҧғалімге кӛптеген жҧмыс тҥрлерін ойластырып, әдіс-тәсілдерді іріктеуіне тура келеді. Мҧндай жҧмыс тҥрлерін шамамен тӛмендегідей бағытта топтап кӛрсетуге болады:

    1. Оқытылатын мәтінге байланысты мҧғалімнің ӛз дайындығы.

      1. Оқушыға оқытылатын мӛтіннің қашан оқытыл-тынын, оның мазмҧнын, ондағы айтылатын негізгі идеялық ойды мҧғалімнің кҥні бҧрын толық білуі.

      2. Оқу материалының кӛлемін, ауыр-жеңілдігін, ӛткен материалмен байланыстылығын ескеріп, саналы тҥрде тҥсініп оқуға итермелейтін әдіс- тәсілдерді іріктеуі.

      3. Мәтінде кездесетін тҥсініксіз сӛздер мен образды ой оралымдарын бала лексиконына ендіру, мағынасын тҥсіндіру жҧмыстарын ойластыруы.

      4. Ҧзақ мәтіндерді бӛлімдерге бӛліп, ат қоюы. Шығарманық идеялық мазмҧнына сәйкес қорытынды ой дайындауы.

    2. Мәтінді тҥсініп қабылдауы ҥшін оқушылармен жҥргізілетін жҧмыстар:

      1. Оқытылатын мәтінге дайындық ретінде алдын ала экскурсияға шығару, әр тҥрлі тәжірибе жасату.

      2. Ӛтілетін тақырып мазмҧнын толықтыратындай қосымша сыныптан тыс оқу материалдарын беру, оқыту.

      3. Жҧмбақтар, мақал-мәтелдер, тақырыптың суреттер іздету.

      4. Ән, табиғаттану, бейнелеу ӛнері сабақтарында ӛті-летін мӛтіндерге сәйкес жҧмыстар жасату. /Материал осы пәндермен байланысты болатын жағдайда/. Мысалы, Наурыз мерекесі немесе, 8-наурыз мерекесі қарсаңында осы тақырыпта алдын ала әндер ҥйрету, жыл мезгілдеріне байланысты суреттер жинату.

    3. Жаңа материалды тҥсініп қабылдау ҥшін сабақ ҥстінде жҥргізілетін жҧмыстар:

  1. Кіріспе әңгіме.

  2. Мҧғалімнің мәтінді тҧтас баяндауы не оқып беруі.

  3. Сӛздік жҧмысы.

  4. Бӛлім-бӛлім бойынша оқушыларға дауыстатып оқыту.

  5. Сҧрақ-жауап арқылы не тҥсінгендерін, қалай тҥ-сінгендерін байқау.

  6. Іштен оқу.

  7. Қажетті жағдайда оқудың басқа тҥрлерін іске асыру. Мысалы: рӛлге бӛліп оқу, теріп оқу, бӛлімге бӛліп оқу.

  8. Тҥсінгендері бойынша бӛлімге ат қою, мазмҧндық сурет салу, мазмҧнына сәйкес мақал-мәтел айту.

  9. Осы әңгімеге қҧсас, идеялық ойын аша тҥсетін қосымша әңгімеге ӛлең, т.б. айту.

  10. Мәтінді қалай қабылдағанын байқау, алған білімін білікке айналдыруға бағытталған қорытынды әңгімеге ӛткізу.

Осындай жҧмыс тҥрлері ӛз жҥйесін тауып жҥргізілгенде ғана бала оқу материалын толық тҥсініп, ӛзінің бойына рухани азық алмақ.
Бастауыш сынып оқушыларын дҧрыс оқуға ҥйрету ҥшін қойылатын талаптың бірі - мәнерлеп оқу. Дауыс интонациясын сақтап оқығанда ғана бала дҧрыс оқиды әрі оқығанын тҥсінеді. Бҧдан шығатын қорытынды: оқудың сапалары бірімен-бірі тығыз байланысты, бірін-бірі толықтырып отырады. Тҥсініп оқу ҥшін дҧрыс оқу керек. Мәнерлеп оқу ҥшін оқып отырғанын тҥсіну керек. Мәнерлі оқылмаса, дҧрыс оқыды дей алмаймыз. Еңдеше бастауыш сыныпта мәнерлеп оқуға ҥйрету сауат ашу кезеңінен басталады. Сауат ашу кезеңінің дайындық сатысынан бастап сӛйлеуге ҥйретеміз. Ал оның басты ҥлгісі - мҧғалімнің ӛзінің дауыс интонациясы. Мәнерлеп оқу дегеніміз - дҧрыс оқу, сонымен бірге дауыс интонациясы арқылы сӛйлем не мәтіндегі негізгі ойды жеткізу, мазмҧндық ой екпінін қоя білу, кейіпкер кӛңіл-кҥйін сезіне оқу. Екінші сӛзбен айтқанда, қарапайым сӛйлеу тіліне жақын, еркін оқу, дауысты қҧбылтып, тындаушысына әсерлі етіп жеткізу.
Баланы мәнерлеп оқуға ҥйрету ҥшін мҧғалімнің ӛзі мәнерлеп оқу техникасын жетік біліп, оның оқушыларына меңгерте алатындай дәрежеде болуы керек.
Кӛркем шығарманы мәнеріне келтіріп, әсерлі оқу ҥшін ең алдымен дыбыстау мҥшелерінің қызметіне, әр дыбыстың жасалуына, естілуіне, оқылуына баса назар аударып, тҥрлі жаттығулар жасатып отырған жӛн. Оқудың, сӛйлеудің мәнерлі болуы дҧрыс, еркін дем алуға байланысты. Оқу процесінде ауаны керегінше жҧтып, сыртқа бірден сарқып шығармай, ерікті тҥрде дем алып, орынды пайдалана білсек, бҧл мәнерлі оқудың негізгі қҧралы болмақ.
Мәнерлі оқуда дауыстың маңызы зор. Дауыс сӛйлеу мҥшелері мен ауанық бір-біріне соқтығысуымен жасалады. Соның ішінде дауыстың ажыратылуы дауыс шымылдырығына тікелей байланысты. Дауыс шымылдырығында пайдйболған ҥн қуыс мҥшелері арқылы ӛткенде әр тҥрлі реңге ие болады. Сӛйлеу мҥшелерінің физиологиялық қҧрылысында кемшіліктер болмаса, дауыс таза, кҥшті шығады. Ал сӛйлеу мҥшелерін кҥтпей, суыққа шалдырса, дауыс қырылдап, дауыс шықпай немесе міңгірлеп, тҥсініксіз болуы мҥмкін.
Әр адамның ӛз дауысы болады, ӛйткені әр адамның ӛзінше анатомиялық, физиологиялық ерекшеліктері бар.
Дауыстың ӛзіндік сапасы болады, олар: дауыс кҥші, қарқыны, тембр.
Сӛйлеу, не оқу кезінде дауыс кҥші бірде жоғары, бірде тӛмен болады.
Мысалы: Қҧмырсқа мен қара қоңыз бір сыныпта оқып жҥр.
Қҧмырсқа кҥн сайын бес алып, қоңыздың кҥнделігі екіге тола берді деген сӛйлемдерде кӛтеріңкі дауыспен оқылатын сӛздер - бір сыныпта, кҥн сайын, екіге, ал жай, тӛмендеп оқылатын сӛздер - оқып жҥрді, алып, тола берді, артынша бір қалыпта оқылатын сӛздер - қҧмырсқа мен қара қоңыз, қҧмырсқа бес, қоңыздың кҥнделігі.
Осы сӛздерді оқудағы дауыс қарқыны /темпі/ орташа болып келеді. Бҧл сӛйлемдерді тез оқуға болмайды.
Ал дауыстың тембрі /қҧбылуы/ тыңдаушыға әсер ететіндей болуы керек.
Қҧбылта оқу шығарманық мазмҧнын дҧрыс тҥсінгенде ғана іске аспақ.
Дауыстың қҧбылуын, әсіресе мысал жанрында берілген Кӛркем шығармаларды оқығанда анық байқауға болады. Мәнерлеп оқуда дикцияның мәні зор. Дикция сӛйлеудің тазалығы мен ашықтығы. Бастауыш сынып мҧғалімдерінің, дикциясы ашық, таза болуы керек, сӛйлеу тілінде мҥкіс болмауы керек. Ол ҥшін мҧғалім дыбыстардың жасалуының артикуляциясын жақсы біліп, сӛйлеу барысындаоны дҧрыс қолданып, оқушыларынан да соны талап етіп, тҥрлі артикуляциялық жаттығулар жасап отырғаны жӛн. Мәнерлеп оқуда дауыс ырғағы-интонацияның орны бӛлек. Кӛркем сӛз оқушы адамның шығармадағы кейіпкерлердің кӛңіл- кҥйі, ішкі сезімін, жандҥниесін тыңдаушыға сан алуан дауыс сазы арқылы жеткізуін интонация дейміз. Интонация дҧрыс болу ҥшін оның элементтерін дҧрыс, бір-бірімен ҧштастыра пайдалануымыз керек.
Олар дауыс кҥші, тембрі, екпін, пауза тҥрлері, сӛйлеу /мелодия/ нормативтік дауыс ырғағы.
Дауыстың кҥші, темпі /қарқын/, /тембрі/ туралы жоғарыда тҥсінік беріліп кетті. Енді қалған элементтеріне қысңаша тҥсінік берелік. Интонацияны сақтауда кіді-рістерді дҧрыс пайдаланудың маңызы зор. Кідірістер /пауза/ логикалық, психологиялық, грамматикалық болып 3-ке бӛлінеді. Әрбір сӛйлемде айтылатын ойға қазық болатын жеке сӛз, не сӛз тіркестері болады. Бҧл сӛздер сӛйлемдегі басқа сӛздер мен сӛз тіркестерінен кӛтеріңкі оқылып, тыңдаушының назарын ӛзіне аударады. Мҧндай сӛйлем ішіндегі мағына жағынан мәні басым сӛздерге логикалық екпін тҥсіріліп, логикалық кідіріс жасалып, мәнерлі оқылуы керек. Мысалы, Сҥлеймен деген патша кірпі мен қарғаға былай деп бҥйрың береді:
- Сен, қарға, бір кҥнде жер дҥниені аралап, жақсы сайрайтын қҧс тап.
/Қазақтың халық ертегісінен/.
Бҧл сӛйлемде логикалық кідіріс "Сҥлеймен деген патша", "сен, қарға", "бір кҥнде" деген сӛз тіркестерінен соң жасалады. Ӛйткені, ой екпіні осы тіркестерге тҥсіп тҧр.
Логикалық кідіріс жасап, ой екпінін дҧрыс білу ҥшін сӛйлем мағынасын, сӛйлемдегі сӛздердің бір-бірімен грамматикалық байланысын таба білу керек.
Психологиялық кідіріс текстің мазмҧн-мағынасын, ондағы кейіпкердің іс, әрекетіне, оның кӛңіл-кҥйінің қҧбылуына байланысты оқылады. Мәтінді оқығанда психологиялық кідіріс дҧрыс жасалса, тыңдаушы әрі қарай не болатынын тағатсыздана кҥтеді.

  • " Біраз сайрасам қайтеді ?.. " депті бҧлбҧл жалынып.

  • Жолбарыс:

  • "Мен саған сайрағанды кӛрсетейін", - деп ҧмтыла бергенде, бҧлбҧл пыр етіп ҥша жәнеліпті. / "Мақтаншақ жолбарыс"/.

Бҧл мысалда психологиялық кідірістер "сайрасам қайтеді", "жолбарыс", "сайрағанды кӛрсетейін" деген тіркестерден кейін қойылады.
Грамматикалық кідірістер - тыныс белгілеріне байланысты қойылатын кідірістер. Жазуда белгілі бір нормативті басшылыққа ала отырып, сӛйлемге тыныс белгілерін қоямыз. Тиісті тыныс белгілерін сӛйлемнің мән-мағынасына байланысты қою - сауаттылықтың негізі. Ал осы сӛздерді оқуда тыныс белгі қойылған жерге грамматикалық немесе нормативтік кідіріс жасау - мәнерлеп оқудың негізгі шарты. Әрбір тыныс белгіге кідіріс жасаудың ӛзіндік ерекшелігі бар. Хабарлы сӛйлемнің соңында қойылатын нҥкте кілт тоқтамай, сӛз соқындағы сӛз не тіркес бояу созылыққырай оқылады. Сол сияқты бастауыштан кейін қойылатын сызықшаға арнайы тоқталып, кідіріс жасалмаса, бастауыштың синтаксистік қызметінің ӛзгеріп кетуі мҥмкін. Ол - инженер Асыл. Ол инженер - Асыл. Бірінші сӛйлемде ол сӛзі бастауыш болса, екінші сӛйлемде анықтауыш қызметін атқарып тҧр.
Оқу саласының бір тҥрі - шапшаң оқу. Шапшаң оқуға ҥйрету сауат ашудың әліппе сатысының соңына таман жҥргізіле бастайды. Дҧрыс оқуға тәсілген бала біртіндеп шапшаңдықты қосып отыруы керек. Шапшаң оқу - қалай болса, солай тез оқу деген сӛз емес. Тҥсініп, мәнерлеп оқуды жҥзеге
асыра отырып оқу деген сӛз. Сондықтан да оқу бағдарламасында оқушылардың, оқу шапшан-дығына, икемділігіне қойылатын талаптың бірі

  • оқушылардың 1 минутта оқу жылдамдығының сӛз санымен берілуі. Мысалы: 1-сыныпта - 15-20 сӛз, 2-сыныпта -25-30 сӛз, 3-сыныпта - 60-75 сӛз, 4-сыныпта - 80-90 сӛз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет