ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы: ПӘннің ҚЫСҚаша сипаттамасы



бет13/28
Дата27.11.2023
өлшемі133,47 Kb.
#128850
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28
Магистрлік диссертация мазмұны:
1. Магистрлік диссертацияда белгілі мамандық бойынша ғылым мен тәжірибенің қазіргі заманғы ахуалына сәйкес келетін тақырып бойынша дербес ғылыми зерттеудің қорытындысы баяндалады.
2. Магистрлік диссертация мазмұны мына талаптарды қамтуы тиіс:
- зерттелетін тақырыптың ӛзектілігі мен жаңалығы;
- зерттеудің мақсаты мен міндеттері;
- дәлелденген авторлық кӛзқарастың көрініс табуы және зерттелетін мәселе бойынша теориялык және практикалық қорытындыларды әзірлеу;
- қорғалатын ережелердің ғылыми және практикалык мәні;
- автордың кол жеткізген нәтижелерінің анықтығы.
3. Магистрлік диссертация авторы жұмыстың мазмұнына жауап береді.
Магистрлік диссертация құрылымы
3.1 Магистрлік диссертация ғылыми зерттеудің мынадай кұрылымдық элементтерінен тұрады:
- титулдық беті (диссертацияның бірінші беті;
- мазмұны (беттері көрсетілуі тиіс,);
- қысқартулар, символдар мен шартты белгілердің тізбесі (қажет болған жағдайда);
- кіріспе;
- негізгі бөлім;
- қорытынды;
- пайдаланылған дереккөздер тізімі;
- қосымшалар (қажет болған жағдайда).
Диссертацияның кұрылымдық элементтеріне қойылатын талаптар:
1. Кіріспеде тақырыптың ӛзектілігі, оның мақсаты, міндеттері, зерттеу нысаны мен пәні, мәселенің практикалық кұндылығы және арнайы әдебиеттегі зерттелу деңгейі, зерттеудің ғылыми жаңалығы, сонымен қатар зерттеу әдістері міндетті түрде көрініс табуы тиіс. Кіріспеде диссертация тарауларының мазмұны қысқаша баяндалуы тиіс.
2. Диссертацияның негізгі белімінде орындалған жұмыстың мәні және негізгі нәтижелері толығымен қарастырылады. Жұмыстың негізгі бӛліміндегі тараулар (бӛлімдер) саны оның мазмұнымен (2-3 тарау) анықталады. Негізгі бӛлім тарауларының мазмұны диссертация тақырыбына сәйкес келуі керек, оны толык және жүйелі түрде ашып және кіріспеде айтылған міндеттерге жауап беруі тиіс. Әрбір тарау зерттелетін мәселе бойынша автордың ұстанымы және теориялык, практикалық тұжырымдар мен ұсыныстарды әзірлеумен аяқталуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет