в) Функцияның таблицамен берілуі. Аргументтің бірнеше мәндеріне сәйкес функция мәндерін таблица түргінде жазу функцияның таблицалық берілуі деп аталады. Таблицалық тәсілдің қолайлы жағы – айнымалы
-тің таблицадағы әрбір мәніне функцияның сәйкес келетін мәнін ешқандай өлшеу немесе есептеу амалдарын қолданбай – ақ бірден таблицадан табуға болады. Табиғат құбылыстарындағы кейбір функциялық тәуелділікті іздегенде таблицалық тәсіл жиі қолданылады.
Функциялардың ең негізгі кластары
Элементар функциялар деп аталып жүрген функциялардың кейбір кластарын атап кетейік.
. Бүтін және бөлшек рационал функциялар.
әріпіне қатысты алғанда бүтін түрде жазылатын көпмүшелік:
(- тұрақтылар) бүтін рационал функция деп аталады.
Осындай екі көпмүшеліктің қатынасы:
бөлшек рационал функция деп аталады. Бұл өрнек, - тің өрнек бөлімін нольге айналдыратын мәндерінен басқа, барлығында анықталған.
. Дәрежелік функция:
түріндегі функция солай аталады, мұнда - кез келген тұрақты сан. бүтін болғанда рационал сан шығады. бөлшек болғанда радикал шығады. Мысалы, - натурал сан болсын және
;
бұл функция тақ болғанда - тің тек теріс мәндерінде ғана анықталады. Ақырында, егер иррационал сан болса, онда деп ұйғарамыз(мәні болғанда ғана алынады).
. Көрсеткіштік функция, яғни
түріндегі функция, (бірге тең емес) оң сан; кез келген заттық мәнді қабылдайды.
. Логарифмдік функция, яғни
түріндегі функция, мұнда да жоғарыдағыдай (бірге тең емес) оң сан; тек оң мәндерді қабылдайды.
. Тригонометриялық функциялар:
Егер тригонометриялық функциялар аргументтерін бұрыш өлшемі ретінде қарастыратын болса, онда ол бұрыштар әрдайым радиандармен өрнектелетіндігін әр уақытта есте сақтау өте маңызды. пен үшін аргументтің
түріндегі мәндері қарастырылмайды, ал пен үшін
(- бүтін сан)
мәндері қарастырылмайды.
Кейде, әсіресе техникалық мәселелерде, төменгі функцияларға назар аударылады:
. Гиперболалық функциялар. Мына функциялар осылай аталады:
(гиперболалық синус, косинус, тангенс, котангенс,...), болғанда тек -тің ғана мәні болмайды, ал қалған жағдайларда - тің барлық мәндері үшін бұл көрсетілген функциялар анықталған. Бұл функциялар тригонометриялық функциялармен ұқсас.
Мысалы, төмендегі формулалар дұрыс (таңбаларына зейін сал!)
болғанда дербес жадайда:
Мысалы бұл формулалардың біріншісі оңай тексерілетін теңбе – теңдікке келіп тіреледі:
Қалғандары да осылайша тексеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |