кейін барлық қатысушылар бір-бірлеріне көзқарастармен алғыс айтады, ал
жүргізуші сабақты аяқтайды.
10 ТРЕНИНГ
Жаттығу
Сəлемдесумен алмасу-адам жылылығымен алмасу. Адамды кезіктіре отырып,
біз ол адамның бет-бейнесімен, сол адамнын біздің ортамызда болғандығы
үшін қуанамыз. Əрине, біз өз сезімдерімізді шынайы білдіретін болсак, осылай
болады. Келіңіздер, əртүрлі сəлемдесу əдістерін таңдап, өзімізге əсері мол
түрін анықтап алайық. Ол үшін қатысушыларға екі топқа болініп, екі қадам
алшақтықта топқа бөлінуі қажет. Жүргізуші нұсқауы бойынша қатысушылар
бір-біріне жақындап, түрлі сəлемдесулерімен алмасады. Ол қарапайым қол
алысу, құшақтасу, төс қағысу, реверанс, немесе жай ғана көзқарас болуы
мүмкін. Сəлемдерімен алмасқаннан кейін қатысушылар алмасып, оңға қарай
жылжиды. Өтініш, сəлемдеріңізбен алмасыңыздар. Жақсы. Ал қазір
серіктестеріңізбен алмасыңыздар. Жарайсындар. Ал енді сəлемдесуімізді
жаңа серіктеспен, жаңа формада жүргіземіз. Жаңа серіктесіңізге қандай
сəлемдесу жарасатынын ойланыңыз. Рақмет. Мүмкін жүргізуші ең керемет
сəлемдесуге конкурс ұйымдастырар? Кім жеңеді? Іске кірісіңіздер!
Қорытындылап, ойынды аяқтаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: