Психокоррекция на каз



Pdf көрінісі
бет18/59
Дата18.04.2023
өлшемі1,22 Mb.
#84040
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   59
Байланысты:
тренингтік бағдарламалар

Мини-лекция. Ес 
Психологтардың айтуынша, есте сактаудың 3 этапы бар. 
Төмендегі əріптер катарына караңыз
П В Ц В З С И 
Əріптерге тағы бір рет қарап шығыңыз. Əріптердің формасы есіңізде қандай 
да бір із қалдыратынын байқайсыз. Бұл із бір сəтке немесе бірнеше секундқа 
ғана созылса да, ол сіздің есте сақтау процесіңізде роль ойнайды. Сіз көріп, 
естіп, сезінгеніңізден кейін қыска мерзімді қабылдауыңзда орын алады. 
Бейнелік қабылдауыңызда ол-ұзақ, ал дыбыстық қабылдауда-ұзағырақ, 
саналы түрде бірнеше секундқа ғана созылуы мүмкін. Бұл қабылдаудың 
жалғасуы сенсорлы регистрация деп аталады. Сенсорлы регистрация 
қабылдаудың үздіксіздігін қамтамасыз етеді-көзімізді ашып жұмғанша, əлем 
ғажайып болып кетпейді. 
Енді əріптерге тағы қарап, оларды есіңізде жаңғыртып, алдымен дыбыстарды 
қайталап, содан кейін əріптердің формасын елестетіңіз. Осыны қайталай 
отырып, сіз қыска мерзімді есіңізді қолданасыз. Қыска мерзімді ес біздің 


санамыздың «алдыңғы шеңберінде» тұрады. Сенсорлы регистрацияға 
қарағанда, қысқа мерзімді ес қалауымызға байланысты қалыптасады. 
Ұзак мерзімді ес, күмəнсіз, ес жүйесінің ең маңызды компоненті болып 
табылады. Бұны нақты есте сақтаулардың ұзақ мерзімді қоймасы деуге болады 
(сіздің ең алғаш велосипедке отыруыңыз, мекен-жайыңыз, тіл білуіңіз) жəне 
əртүрлі абстрактілі түсініктер, мысалы, өмір құндылықтарының жүйесі. Ұзак 
мерзімді ессіз біз нағыз осы шақтың жеңіл ғана үстінде ғана тұрар едік. 
Қандай да бір ақпараттың есіңізде сақталуы үшін ол 3 этаптан өтуі тиіс. 
Алайда кейбір ақпараттар қыска мерзімді естен ұзақ мерзімге өтіп кетуі 
мүмкін. Мысалы, сіздің эмоционалды күйіңізге үлкен əсер ететін, алайда ол 
жағдай көп жағдайда бола бермейді. Есті дамыту үшін ең алдымен, ақпаратты 
қыска мерзімді естен ұзак мерзімді еске жеткізе білу керек. Сөзді, есімді, 
сандарды есте сақтау үшін сол ақпаратты қыска мерзімді есте кодқа түсіру 
керек. Мұны əртүрлі əдістермен жасауға болады. Ақпараты тереңнен 
ойласаңыз, сол ақпаратқа қатысты ассоциация жеңіл түрде қалыптасады. Есті 
шаблондармен, бейнелермен, ассоцияциялармен əрлесеңіз, ол соншалықты 
бай, жылдам əрекетті бола түседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет