Р. Т. Наралиева, М. Ш. Тойғанбекова, Сұлтанова Б. М. Оқу сауаттылығы



бет3/57
Дата15.08.2023
өлшемі9,38 Mb.
#105300
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57

Мәтін. Мәтінмен жұмыс


Мәтін дегеніміз – бір автордың жазба жұмысы, шығармасы немесе шығарманың үзіндісі. Мәтін өзара мағыналық байланыста болатын кемінде екі сөйлемнен немесе одан көп сөйлемдерден құралады. Мәтіндегі сөйлемдердің мазмұнындағы ақпарат ортақ бір тақырыптың аясында жазылады, оларға мағыналық сабақтастық пен тұтастық тән болады. Сөйлемдер тілімізге тән заңдылыққа бағынып, белгілі бір жүйемен, ретпен жазылады. Қажетті бір тұтас оқиғаны қамтиды, ой-пікірді қорытады, аяқтайды. Мәтін әр түрлі мазмұнға құрылады. Мәтінде сан алуан оқиғалар баяндалады, жаңалықтар хабарланады, құбылыстар мен үдерістер суреттеледі.
Мәтіннің мазмұнына сәйкес тақырыбы, аты болады. Мәтінге ат қою дегеніміз мәтіндегі айтылған ақпаратқа, оқиғаға байланысты ой-пікірдің түйіні, автордың айтқысы келетін негізгі ойы, басты пікіріне қатысты қысқаша атау. Мәтіннің тақырыбы мен онда баяндалатын негізгі ақпарат, оқиға, ой бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Кейде автор мәтінде баяндалып отырған оқиғаны толықтырып, ой-пікірді айқындай түсу мақсатымен негізгі ойдан ауытқып, шегініс жасайды, жаңа мәліметтерді баяндайды. Қосымша ой-пікір қосады, басқа оқиғаны суреттейді.
Әрбір бүтін (жаңа) ой-пікір, оқиға жаңа жолдан жазылады. Мәтіннің бұндай бөлігі абзац деп аталады.
Жалпы мәтінді мағыналық және грамматикалық байланыста бірізділікпен құрылған тілдік бірліктердің, синтаксистік тұтастығы мен сабақтастығы ретінде қарастыруға болады.
Мәтіннің негізгі белгілері:
а) мәтіннің тақырыптық тұтастығы;
ә)мәтін мазмұнындағы ақпараттың жеткізетін сөйлемдердің тізбегі брізіділігі;
б) мәтін бөліктерінің/абзацтарының өзара сабақтастығы;
в) күрделі синтаксистік тұтастық;
г)сөйлемдердің құрылымдық/структуралық байланыстары, т.б. болып табылады.
Мәтін сыртқы пішімі мен құрылымы, мазмұны автордың алдына қойған мақсатына тікелей байлынысты болады.
Мысалы, табиғаттың көрініс туралы мәтінге тіл құралының суреттеуі тән болса, ал басқа мәтінде бір оқиға жайлы айтылып, оның себептері мен салдары талқылануы мүмкін.
Мәтіндер тілдік жағдаятқа қарай ауызша немесе жазбаша болады.
Ауызша және жазбаша мәтіндердің бір-бірінен ерекшеленетін өзіндік өзгешеліктері және ортақ белгілері де бар.









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет