Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


Использованной литературы



Pdf көрінісі
бет209/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   225
Использованной литературы: 
1. Сигуан М., Макки У. Образование и двуязычие. – М.: Педагогика, 1990.
2. 
Мурзалинова А. Ж. Методические основы формирования функциональной грамотности учащихся 
казахов при обучении русскому языку в 10-11 классах школы нового типа. – Алматы, 2002. 
Тұрахмет А.
Болашақ университеті 
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАҒЫ
СҰРАҚ ҚОЮ ТӘСІЛІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Аңдатпа. «Жақсы сұрақ – кең ауқымды ойланып, барлық мүмкін жауаптарын іздестіруге бағыттайтын 
ойландыратын сұрақ» деген тұжырым сұрақ арқылы баладан өз деңгейінше жаңа ақпарат алуға 
болатындығын, сұрақты дұрыс қою арқылы оқушылардың білгендерін нақтылай түсуге, сұрақ қою арқылы 
досына мейіріммен жауап беру бағытын өзгертуге және сұрақ арқылы өзінің «балалық менін» көзқарасын 
білдіруге болады. Дұрыс қойылған сұрақ жауабын табуға бастама болады. Бастауыш сынып мұғалімі 
оқушылардың танымдық ойлау деңгейлерін олардың сұрақ қою қабілеттерінен де байқай отырып, сабақта 
оқушылардың тақырыпқа қатысты тиімді әрі жақсы сұрақтар қоя білуінің өзі олардың сыни ойлай білгенін 
көрсететіндігі нақтыланады.


321 
Сабақта оқушылардың сыни ойлауын дамыту олардың ашық сұрақ қоя білуі, алғалы жатқан мәліметке 
назар аудара отырып, біршама (бастауыш оқушысы үшін жақсы көрсеткіш) талдау жасай алуы, өз ой-пікірін 
жәй айтып қана қоймай, оны дәлелдеп, өз қатарларымен көзқарасын өзгертуге деген әрекеттері екенін де 
ескеру керек.
Түйін сөздер: сабақ, сыни ойлау, сұрақ, түр, қолданыс. 
 
 
Бастауыш сыныпта сұрақ қою, оны түсіну дәрежесін бағалау және оқушылардың жауабына 
қарай әрекет ету мұғалімнің кәсіби шеберлігін қажет етеді. Осы орайда Э. К. Врагг және Г. 
Браун өздерінің зерттеулерінде мұғалімдердің оқушыларға сұрақ қоюда жіберетін келесі 
қателіктерді анықтаған: 
Мысалы, тәжірибеде мұғалім бірден көп сұрақ қояды; сұрақтар қояды және оларға 
өзбетінше жауап береді; оқушыларға ойлануға уақыт бермейді; сұрақты ең ақылды және 
өздері жақсы көретін оқушыларға қояды; тек ер балалардан/қыз балалардан немесе нақты бір 
оқушылардан сұрайды (тым ерте күрделі сұрақты қояды); дұрыс емес жүйеліліктер, мысалы, 
балалар өз жауаптарын құру үшін жеткілікті ақпарат алғанға дейін ерте сатыдағы өте қиын 
сұрақтарды қояды; орынсыз сұрақтар (тақырыпқа қатысы жоқ сұрақтарды) қояды; бір және 
сол типтегі сұрақтарды қою, мысалы, балаларды тек еске түсіруге ниеттендіретін сұрақтар 
(олардың білетіндері) – бір үлгідегі сұрақтарды жиі қояды; ойлауды дамыту үшін мәселелік, 
ой туындататын сұрақтарды пайдаланбайды; оқушылардың жауап беру ниетін басатын немесе 
дәлелденбейтін қауіпті сұрақтарды қояды (сұрақтарды қорқыту түрінде қояды); сұрақтарға 
көңіл аудармайды (мысалы, қарқын/екпіннің өзгеру есебінен); дұрыс жауаптарды анықтау 
тізбегін құруда қателіктерге/жолсыздықтарға назар салмайды; сұрақ үлгісіндегі өзгерістерді 
атамайды; мәнін тексеру үшін жауаптарды пайдаланбайды; жауаптардың салдарын 
көрсетпейді; жауаптардың жетілуін қадағаламайды; жауаптардың түзетулерін жасамайды; 
дұрыс жауап беру әрекеті кезінде жауаптарда сөз астарын көрмейді. [1, 89] 
Мұғалімдердің аталған қателіктерді жібермей, төменгі деңдейдегі сұрақтарды емес, Блум 
таксономиясы бойынша жоғары деңгейдегі ойлауды қажет ететін бағалы ашық сұрақтарды 
көбірек қою арқылы бастауышта оқушыларды белсенді әңгімеге тартып, сыни ойлауын 
дамытуы табысты сабақты қамтамасыз етеді.
Қазіргі ғарыштап дамып жатқан өзгермелі әлемде балаларды тек танымдық әрекеттер ғана 
өмірге бейімдей алады.
Орыс психологы В. М. Снетков «Жақсы сұрақ – кең ауқымды ойланып, барлық мүмкін 
жауаптарын іздестіруге бағыттайтын ойландыратын сұрақ» деген тұжырым жасайды және 
сұрақтардың төмендегідей қызметтерін атап көрсетеді: сұрақ арқылы баладан өз деңгейінше 
жаңа ақпарат алуға болады; сұрақты дұрыс қою арқылы оқушылардың білгендерін нақтылай 
түсуге болады; сұрақ қою арқылы досына мейіріммен жауап беру бағытын өзгертуге болады; 
сұрақ арқылы өзінің «балалық менін» көзқарасын білдіруге болады; дұрыс қойылған сұрақ 
жауабын табуға бастама болады.
Бастауыш сынып мұғалімі оқушылардың танымдық ойлау деңгейлерін олардың сұрақ қою 
қабілеттерінен де байқайды. Сабақта оқушылардың тақырыпқа қатысты тиімді әрі жақсы 
сұрақтар қоя білуі олардың сыни ойлай білгенін көрсетеді. [2, 78] 
Сабақта оқушылардың сыни ойлауын дамыту олардың ашық сұрақ қоя білуі, алғалы 
жатқан мәліметке назар аудара отырып, біршама (бастауыш оқушысы үшін жақсы көрсеткіш) 
талдау жасай алуы, өз ой-пікірін жәй айтып қана қоймай, оны дәлелдеп, өз қатарларымен 
көзқарасын өзгертуге деген әрекеттері екенін де ескеру керек. Мысалы, Біз сыныпта не үшін 
сұрақ қоямыз? Тиімді сұрақтар қандай болады? Жақсы сұрақ дегеніміз не? Сіздің 
сыныбыңызда сұрақтардың көбін кім қояды? Неліктен? Сұрақ қою және оларға жауап беру 
үдерісіне барлық оқушыларды қалай тартасыз? Сұрақ қоюға және оларға жауап беруге 
ынталандыру үшін Сіз сыныпта қандай әдіс-тәсілдерді пайдаланасыз? 
Бастауыш сыныпта тиімді сұрақтарды сипаттайтын не?
Жақсы қойылған сұрақтар – мақсатты бағытталған және оқуға ықпал етеді. Мұғалімдер қай 
жерден қиындық шығуы мүмкін екендігін көре білуі керек, сондай-ақ оқуға ықпал ететін 
жетектеуші сұрақтар немесе мысалдар дайын болу керек. Мұғалімнің қате жауаптарға 


322 
қатысты әрекеті оқушының сенімін жоғалтпай, ынтасын дамытуда шешуші мәнге ие. Қате 
жауаптар оқытудың нақты мүмкіндігі ретінде қабылдануы керек.
Сұрақтардың түрлері 
Бастауыштағы жабық сұрақтар оқушылардың жадын және өз пікірлерін қалай 
жеткізетіндігін анықтау үшін пайдалы. Әдетте, олардың бір ғана «дұрыс» жауабы болады.
Жабық сұрақтар «мұғалім нені ойлап тұрғанын тап» ойынына әкеліп соғуы мүмкін. Дұрыс 
емес жауаптардың оқушыны көптің алдында кемсіту қаупі бар және олар «мазасызданып», 
кейбір оқушылардың сабаққа белсенді қатысуына кері әсерін тигізетіні анық.
– Ашық сұрақтардың бірнеше жауабы болады және олар оқушылардың ойлау дағдысын 
дамытуға септігін тигізеді. Жақсы дайындалған сұрақтар оқушылардың алдында түсінгені мен 
қазіргі нақты мәселенің арасында байланыс орната отырып, оның оқу тәжірибесін байытады. 
Мұндай сұрақтар сондай-ақ мұғалімдерге оқушылардың білімі мен түсінігін тексеріп
шығармашылығын дамыту арқылы жаңа мазмұнда пайдалану үшін ақпаратты жинақтау 
қабілетін бағалауға мүмкіндік береді. [3, 67] 
Мысалы, Құр құсы туралы естеріңде не бар? Қалай ойлайсыңдар, ол қайда мекен етеді? 
Орман құсына жатқыза аламыз ба? 
Тиімді сұрақтарды қолдану стратегиялары 
– Екі немесе үш оқушыдан құрылған топтан, олардың қызығушылығын ынталандырып, 
өтілетін не өтілген тақырып бойынша сұраңыз.
– Алдымен оқушылардан өз жауаптарын талқылауды сұраңыз; ол ұялшақ оқушыларға 
жағдай жасайды және де көптеген оқушыларға «мен ойлаймын» дегеннен гөрі «біз ойлаймыз» 
деп айтқан әлдеқайда қолайлы.
Сабақтың басында, негізгі ұғымды айқындап, оқушыларды тарту үшін, ойды 
белсендендіретін сұрақ қойыңыз – оны сабақ немесе тақырып соңында қайта қоюға болады.
– Қалған оқушылардан жауапты бағалауды сұраңыз – қалғандары не ойлайды екен? Бұл 
жауапты толықтыруға көмектеседі және бірінші жауап берген балаға басқа ой аясында өз 
жауабын қайта қарауға мүмкіндік береді.
– Ойлану үшін уақыт беріңіз, содан кейін оқушыларға өз ойын өзгертуге немесе басқа 
жолмен жүруге мүмкіндік беріңіз. Сендер әлі... ойланып отыр екенсіңдер, өте жақсы?! Бұл 
оқушыларды ойлануға және жаңа ақпарат алуға итермелейді. Егер... болса не болады?  
– Жабық және ашық сұрақтар арасында, сондай-ақ мазмұнмен және үрдіспен байланысты 
сұрақтар арасында теңгерімді қамтамасыз етіңіз. Қарапайым түрдегі бірінші сұрақ, егер ол 
жақсы дайындалса, оқушыларды шынайы жаңалықтарға жетелейтін танымдық саяхатқа 
жетелейді.
– Айтарлықтай қарапайым, бірақ мүмкіндігінше сұрақтың неге бағытталғанына 
байланысты барынша айқын болатын дәйекті жақсы сұрақтар қорын дайындап алыңыз. Тағы 
не? Қалай? Егер олай болса, қалай? Сендер қалай ойлайсыңдар? түріндегі сұрақтар тізіміне 
қатысты икемді және мазмұнды болуға дайын болыңыз – бұлар қарапайым сұрақтарды кеңіте 
алатын мысалдар.
– Кез келген жауапқа оң баға беріңіз және сапалы жауаптарды міндетті түрде мақтаңыз.
– Дұрыс емес жауаптарды түзетпестен қалдыруға болмайды. Олардан кейін қосымша 
сәйкес сұрақтар болуы тиіс немесе оқушы өз жауабын қайта қарауға мүмкіндік алу үшін, «күту 
уақытын» беру керек.
– Сұрақтарды жеңілдету үшін сұрақты өзгертіңіз немесе басқаша етіп қойыңыз. [4, 56] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет