Байланысты: Қалыпты физиология(@kaz medical students)
Қарашық рефлексі. Қарашық деп нұрлы қабықтың ортасында
орналасқан тесікті айтады. Ол арқылы тек орталық жарықтың сәулесі
бұзылмай өтіп, торлы қабықта заттардың айқын бейнесі жасалады. Нұрлы
қабықшаның бұлшықеттері көз қарашығының көлемін өзгертеді және
онымен қатар көздің ішіне түсетін жарықтың мөлшерін реттейді. Күндізгі
жарықта көз қарашығының тиімді диаметрі 2,4 мм болады. Қараңғыда көздің
қарашығы ұлғаяды (7,5 мм). Егер көзді жарықта жұмып,содан кейін қайтадан
ашса, қараңғыда үлкейген көз қарашығы тез тарылады. Бұл қарашық рефлексі деп аталады.