35
4 Бӛлім Шығыстың ежелгі және қазіргі заман қоғамындағы
діндері
4.1 Екісу халықтарының діндері
Екісу – әлеуметтік-географиялық кеңістік, екі ҥлкен ӛзен – Тигр және
Евфрат оның орталықтары болып табылады. Дәл осы жерде шалғайды
мекендегі серіктері – билеушілер мен бір мезгілде жоғарғы абыздар
басқарған ауылдармен қоршалған ең алғашқы
қала-мемлекеттері пайда
болды. Билеуші-абыз қҧдай деп танылмады және табыну нысанына
айналмады.
Екісу халықтары дініне политеизм, яғни, кӛп қҧдайға табынушылық
тән болды. Қҧдайлардың кӛп болғаны соншалықты,
абыздардың
мамандандырылуы да іске асты, олардың әрқайсысы арнайы ғибадатханада
тек бір қҧдайға ғана «қызмет кӛрсетті». Олардың арасында қақтығыстар
болмады, сондықтан да политеизм барлық мемлекеттік қҧрылымдарда
бейбітшілік тҥрде ӛмір сҥрді (Шумер, Ассирия, Вавилон және т.б.).
Біздің заманымызға дейін сақталған және мағынасы ашылған
мәтіндер, сонымен қатар, археологиялық зерттеулер арқылы табылған
заттар қҧдайларға антропоморфты, яғни, адам
тәрізді бейне тән болғанын
мәлімдейді. Ең бастылары - Ан (Аспан қҧдайы) және Киден (Жердің әйел
қҧдайы) тҧратын ерлі-зайыптылар болып табылды. Осы екі қҧдай басқа
қҧдайлардың туындауына себепші болды, осылайша, ӛз кезегінде олар да
тҧқым таратты, нәтижесінде – қҧдайлардың саны кӛбейді.
Қҧдайларға мәңгілік ӛмір дарыған, ал адамдарға ӛлім тән.
Ӛлгендердің енші жері – жер бетіне қайтып оралуға жолы жоқ ӛлгендердің
жер асты патшалығы. Қҧдайлар ӛледі, бірақ олар басқа қҧдайлардың
кӛмегімен жаңадан туып, ӛмірге қайта келе алады.
Екісу
халықтарының аңыздары жердің, жануарлар мен ӛсімдік
әлемінің, ең бастысы, адамның шығу тегі туралы сҧрақтарға ӛздігінше
жауап береді. Біз бҧл аңыздардан ақиқаттың ғылыми тҥсінігінің пайда
болғанын кӛреміз. Және бҧл кездейсоқтық емес, шумерлік-аккадтық-
вавилондық ӛркениет кӛптеген жетістіктерге жетті –
олардың ішінде,
доңғалақтарды, арбаларды, желкенді кемелерді, мыс пен қаладан жасалған
заттарды ойлап табу, металлдарды дәнекерлеу, тасты қашау, кҥрделі
ирригациялық қҧрылыс және т.б. бар. Олардың астрономия,
математика,
медицина және жазба әдебиеті, егіншілік кҥнтізбесі саласындағы білімдері
таң қалдырады.
Космогониялық сюжеттер туралы айтатын болсақ, олар ӛзіне тән
қасиеттермен ерекшеленеді – жер дӛңгелек жазықтық, ал аспан заттық
кҥмбез ретінде сипатталады, әлемді Ме заңдары басқарады.
Дҥниенің басшысы қҧдайлар
болып табылады, олар адамдар сияқты
ҥйленіп, бала туады, жанжалдасады, жақсы кӛреді, қызғанады. Адам
қҧдайларға табыну ҥшін дҥниеге келеді, ол жер бетінде уақытша ӛмір
сҥреді және оның ӛмірі қайғыға толы болады.
36
Сонымен қатар, Екісу халықтарының аңыздарында адамды қҧлға, ӛлі
жаратылысқа, тағдырдың ойыншығына айналдыратын заңдарды жеңуге
тырысатын «қҧдайлар тәрізді» қаһарман-адамдарды (Адап, Этап,
Гильгамеш) пір тҧтуға қатысты мысалдар кӛп кездеседі. Бҧл
талпыныстар
сәтсіздікпен аяқталады, ӛйткені адамның кҥші қҧдайлардың қҧдіретімен
салыстыруға келмейді.
Екісу халықтарының діндерінде «ақ дақтар» кӛп, дегенмен, осы
заманға дейін жеткен материалдар Тигр және Евфрат алқаптарындағы
ежелгі қоғамдардың экономикалық, саяси, қҧқықтық
және рухани
мәдениеттерінің жоғары дәрежеде дамығаны жӛнінде мәлімдейді. Б.з.д. IV-
II ғғ. пайда болған бҧл мәдениеттің белгілері Библия беттерінде сақталған
(су таскыны туралы, елді мекендердің атаулары).
Қазіргі заманғы дін ілімінің ҧстанымына қарай, қарастырылып
отырған дін пҧтқа табынушылық ретінде бағаланады және шынайы емес,
онда шындықтың сәулелері елес тҥрінде қалды.
Достарыңызбен бөлісу: