С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009



Pdf көрінісі
бет5/162
Дата06.01.2022
өлшемі7,49 Mb.
#14221
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   162

§ 34.
    
XVI—XVII ғасырдың бірінші жартысындағы Африка
           мемлекеттері ............................................................................353
ҚОРЫТЫНДЫ ....................................................................................376
БІЛІМІН ТЕКСЕРУГЕ АРНАЛҒАН ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ .............381
КІРІСПЕ
Орта ғасырлардағы Азия жəне Африка тарихы Қытай, Жапония, 
Индия,  Индонезия,  Египет,  Закавказье  т.б.  елдердің  тарихын 
қамтиды.  Бұл  елдердің  орта  ғасырлардағы  тарихын  оқуға  өткен 
ғасырдың 90- жылдарына дейін жете мəн берілмеді, отандық тарих 
ғылымында əлі күнге дейін жеткілікті дəрежеде зерттелмей келе 
жатыр. Оған пролетариат көсемі В. И. Лениннің Азия жəне Африка 
елдері туралы теріс пікірі де себеп болса керек. Ол кезінде Оңтүстік 
шығысқа қарай қолын сілтеп тұрып: «Қараңызшы, жартылай жабай-
ылар жайлаған ел; өңгені былай қойғанда бұларда өнер де жоқ»,— 
деген еді.
Сөйтіп, кеңестік тарихта Азия, Африка халықтарынан үйренетін 
еш нəрсе жоқ деген теріс пікір қалыптасқан болуы керек. Шынында 
да солай ма? Тарих ол көзқарастың мүлдем қате екенін көрсетеді. 
Керісінше, тарих, өркениет Шығыстан, яғни, Азия мен Африка құр-
лықтарынан басталады. Ең алғашқы əлеуметтік жəне саяси инсти-
туттар Шығыста қалыптасты. Өркениеті Таяу Шығыс өркениетінен 
үлгі алған ежелгі Рим зиялылары құрметпен «ЕХ ОRІЕNТЕ LUХ» 
— «Шапағат Шығыстан туады» деген.
Неолиттің Шығыста, яғни Азия-Африка құрлықтарында бас-
талғаны ежелгі дүние тарихынан белгілі. Ондағы əсіресе егіншілік-
пен (Ніл, Қос Өзен, Таяу Шығыс) айналысу — отырықшылық-
молшылық пен тұрақтылық негізі болды. Өндірістің өркендеуі 
урбанистикалық өркениеттің қалыптасуын қамтамасыз етті.
Адамзаттың өркениеті, оның тарихы дегеніміз — өндірістің, 
мəдениеттің тарихы. Адамдардың шаруашылығының, мəдениетінің 
тарихы Таяу Шығыста шамамен он мың жыл бұрын орын алған 
неолиттік революциядан басталғаны мəлім. Барлық халықаралық 
діндер Шығыста өмірге келді. Ортағасырларда дүниені дүр сіл-
кіндіріп,  адамзатты  жаңа  екпінмен  алға  ұмтылуға  мəжбүр  еткен 
ғұндар мен арабтар, түріктер мен моңғолдар азиялықтар екені де 
дау туғызбайды.
Азия мен Африка құрлықтарының көптеген елдерінде сонау атам 
заманнан бері тарихи білімдерге үлкен мəн беріп келген. Шығыста өз 
елдерінің, көрші елдердің тарихы жайлы көптеген көлемді еңбектер 


6
7
өмірге келді. Шығыстың Орта ғасырлық тарихшылары орыстар мен 
батыс еуропа халықтары туралы мəліметтерді өте мұқият жинаған.
Тарих ғылымына, əсіресе Қытайда жете мəн берілді. Онда тек 
алуан түрлі тарихи материалдар жинаумен ғана шектелмей, көп 
томдық  шығармалар  жазылды.  Көптеген  жылнамалар  мен  тарихи 
еңбектер Жапония мен Кореяда да жазылды. Араб, парсы жəне Орта 
Азия тарихшыларының еңбектері дүние жүзіне белгілі болды. Тек 
Ибн аль-Асир, Ибн-Халдун, Бируни, Рашид-ад-Диннің аттарын ата-
са да жеткілікті.
Ал Азия-Африка елдерінің орта ғасырлардағы саяси-мəдени 
жетістіктерін атап өту үшін көп уақыт керек. Шағын ғана мысал: Тү-
рік халқы — əскери өнерде, парсылықтар — мемлекет басқару ісінде, 
Қытай халқы — қолөнерінде алдына жан салмады. Адамзатты атқа 
отырғызған, махаббаттың ұлан ғайыр сыр-қырларын пайымдаған 
да Азия халықтары болғандығы ежелгі дүние тарихынан белгілі.
Дегенмен  XVI  ғасырдан  бастап  Азияның  беделі  түсіп,  əлеу-
меттік-экономикалық даму жағынан артта қала бастады. ХV—ХVІ 
ғасырлардағы Ұлы географиялық ашулардың барысында кейбір  
Азия мен Африка елдері Батыс Еуропа мемлекеттерінің отарына 
айналды. Ол елдердің халықтары тəуелсіздігінен ғана емес, салт-
дəстүрінен, тілі мен дінінен де айырыла бастады. Қайсібір еркінен 
айрылған Азия мен Африка елдерінің экономикасы мен мəдениетінің 
дамуы тежелді. Қазақтың белгілі ақыны Б. Ысқақов:
О, Азия, ұлысың.
Ұлылығынды қайтейін,
Еуропаның құлысың,— деп жазды XX ғасырдың орта шенінде.
Азия  өткен  ғасырдың  елуінші  жылдарынан  бері  ғана  жан-
данып, кайта бас көтере бастады. Жапония өзінің алтын қоры 
жөнінен əлем мемлекеттерінің ең алдына шығып отырса, Араб 
елдері əлемдік мұнай қорының 60 %-на ие болып отыр. Азия мен 
Африка мемлекеттерінің болашағы зор екендігі ешқандай күмəн 
туғызбайды. Азия елдерінің көпшілігі Қазақстанмен тағдырлас. Осы 
жағдайлар Азия мен Африка елдерінің тарихын жете білу мəселесін 
күн тəртібіне қойып отыр.
Орта  ғасырлық  Азия  жəне  Африка  елдерінің  өзіне  тəн  ерек-
шеліктері де болды. Мысалы, Азияның табиғи жағдайы ерте за-
мандарда жасанды суғару жүйесін салу қажеттігін туғызды. 
Егіншілікпен айналысатын отырықшы халықтар өте үлкен суғару 
жүйесін салып, оны күтуге көп күш жұмсады. Сол себепті Азия 
жəне Африка халықтарының ұжымдық өмірге деген мұқтаждығы 
қалыптасты. Азия жəне Африка елдерінде феодалдық қоғамның 
орнауында да ерекшеліктер болды. Қайсыбір елде феодализм 
алғашқы қауымдық қоғамнан кейін өмірге келсе, енді бір елде ол 
құлдық қоғам негізінде қалыптасты. Индияда феодалдық қоғамның 
қалыптасуы өте баяу қарқынмен жүрді.
Жапонияда құлдық қоғам болған жоқ. Азия мен Африкадағы 
феодалдық қатынастардың дамуындағы тағы бір ерекшелік — 
үстем таптың жерге жеке емес, мемлекеттік меншік орнатуы болды. 
Қытайда, Корея мен Жапонияда, Иранда жер жəне суғару жүйелері 
негізінен мемлекет меншігі болды. Ал Индияда жер — княздар мен 
ұсақ патшалардың ғана меншігі еді. Жерге мемлекеттік меншік, 
əрине, жекелеген феодалдардың, монастырлар мен қауымдардың 
меншігін жоққа шығарған жоқ.
Қауым мүшелері мемлекеттен жерді иелене отырып, үкіметтің 
кіріптар  жұмыс  күші  болды.  Қиыр  Шығыста  шаруалар  мемлекет 
жерін уақытша ұстаушылар болып саналса, Ирак, Сирия, Египет 
жəне басқа елдерде мемлекеттен алған жерлері мұраға қалып отыра-
тын меншік болды. Жекелеген феодалдардан, монастырлардан үлес 
алған шаруалар сол феодалдар мен монастырлардың басыбайлы 
адамы болды.
Азия мен Африка елдерінде үш халықаралық діннің екеуі — 
буддизм мен ислам — кең өріс алды. Құлдық қоғамнан феодалдық 
қоғамға  өту,  əрине,  алға  жылжығандық,  жетілгендік  еді.  Жаңа 
өндірістік қатынастар өндіргіш күштердің сипаты мен оның даму 
деңгейіне сай келіп отырды.
Феодализмнің дамып, жетілуі əр елде əр түрлі уақытқа созыл-
ды. Таяу Шығыс пен Қытайда феодалдық қатынастар VIII ғасыр-
дың екінші жартысында толық үстемдік құрды, ал Жапонияда 
IX—X ғасырларда феодалдық қатынастар толық орнықты. Бұл 
орнығу өндіргіш күштердің онан əрі дамуымен, қолөнерінің ауыл 
шаруашылығынан бөлінуімен, қала шаруашылығының жетілуімен 
сипатталады.
Бұл кезеңде Қиыр Шығыс, Орта Азия жəне Таяу Шығыс елдері 
арасында құрғақта да, теңізде де байланыс қатынастары орнады. Бұл 
кезеңде, яғни XI—XII ғасырларда Азияның көптеген көшпелілер ме-
кендеген жерлерінде алғашқы қауымдық қоғам ыдырап, феодалдық 
қатынастар орнай бастады. Мысалы, Ауғанстан, Күрдістан, Иранның 
біраз аудандарының ХV—ХVІ ғасырлардағы Ұлы географиялық 
ашулардың барысында Батыспен қатынасы нығайды. Бұл қатынас 
Шығысқа да, Батысқа да пайдалы болды: бір-бірінен көрді, білді, 


8
9
үйренді,  тəжірибе  алмасты.  Бірақ,  Батыс  Еуропа  мемлекеттерінің 
отарлық саясатының Азия-Африка елдері үшін пайдасынан зияны 
басым болды.
Ұсынылып отырған оқулықта бұл мəселелерге талдау жасал-
ған, сөйтіп студенттердің ортағасырлық Азия мен Африка тарихын 
меңгеруіне, ондағы феодалдық қатынастардың қалыптасып, дамуын 
түсініп, ұғынуына көңіл бөлінген. Дегенмен оқулықта ортағасыр-
лық Азия мен Африка тарихы жан-жақты қамтылып, біржола толық 
көрініс тапты деуге болмайды. Қазақ тілінде жаңадан жарық көргелі 
отырған ортағасырлық Азия-Африка тарихының оқулығы келешек-
те əлі де болса толықтыра түсуді қажет етеді.
Ежелгі Шығыс тарихының заңды жалғасы болып табылатын 
ортағасырлық Азия жəне Африка тарихын жете меңгеру үшін қо-
сымша орыс тіліндегі мынадай оқулықтарды пайдалануға болады:
1. Васильев Л. С. История Востока: В 2-х томах, т. 1.— М.: Высшая 
школа, 1998.
2. История Востока. В шести томах, тт. 2, 3.— М.: «Восточная 
литература» РАН, 1995, 1999.
3. История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях.— 
М.: МГУ, 1987.
Сондай-ақ, əр тақырыпқа байланысты нақтылы əдебиеттер 
тізімі автордың «Орта ғасырлардағы Шығыс елдерінің тарихы. 
Семинар сабақтары» (Алматы, «Қазақ университеті»; 1999) деген 
оку құралында келтірілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет