Сабақта қолданылатын



Pdf көрінісі
бет58/104
Дата12.03.2023
өлшемі0,96 Mb.
#73464
түріСабақ
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   104
204. «Миға шабуыл» 
Қойылған проблеманы оқушылардың шығармашылық белсенділігіне 
сүйене отырып шешуге бағытталған, оқушыларға проблеманы шешуге жауап 
нұсқасын таңдауға еркіндік беріліп, оны шешудің неғұрлым көп жолдарын 
көрсетуге негізделген. Кейін ең жақсы идеялар, шешімдер таңдалынып 
алынады. Берілген сұраққа әр оқушы жауап бере алады. Маңыздысы – айтылған 
көзқарасқа баға қоймау керек, барлық жауап қабылданады және әр пікір тақтаға 
немесе қағазға жазылғаны дұрыс. Қатысушылар олардан негіздеме немесе 
түсініктеме талап етілмейтінін түсінулері тиіс. 
 
205. «Минуттық шешім» 
Оқушылар сабақ немесе тарау кезінде оқылған аса маңызды тармақтарды 
(пайдалы, мағынасы бар) анықтайды.  
 
 
 
206. «Миыңның суретін сал» 
Оқушылар мидың суретін дәптерге салады да, оны сабақ кезінде 
меңгерген білімдерін білдіретін сөздермен толтырады. 
207. «Мозаика» 
«Мозаиканың» басымдылығы - оның топтық жұмыс істеу үшін
құрылымдауы, ол сондай-ақ сөйлеуге және тыңдауға мүмкіндік береді.  
• Мұғалім барлық сыныпты кішкентай топтарға бөледі (топта шамамен төрт 
оқушыдан). Мұғалімнің мұндай бастамасы барлық топтарда гендерлік теңдік 
сақтап, барлық сыныптың мүмкіндіктері мен қарым-қатынасын көрсетуге 
арналған.
•Барлық бастапқы топқа жалпы тапсырма беріледі. Үлестірме материал 
ұсынылған. Оқуға арналған материал күрделі емес, әрі көлемі шағын. Егер топта
төрт оқушы болса, онда топқа арналған негізгі тапсырманың ішінде төрт сұрақ
немесе тапсырма беріледі. Әр топта сұрақтар мен тапсырмаларды оқушылар 
өздері бөледі.
 
208. «Молекулалар» 


35 
Жүргізуші қатысушыларға енді олардың атомдар екенін айтады. Содан 
соң «10 атомнан молекулаға бірігіңдер!» деген пәрмен береді. Осылайша, атом 
санын азайта береді. Айтылған санға біріге алмағандар ойыннан шығып 
отырады. Соңында қалған екі атом жеңімпаз атанады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет