Сабақтың тақырыбы: Тиімді қарым-қатынас жасау қағидалары. Қарым-қатынас жасаудың вербальді және вербальді емес тәсілдері



бет2/9
Дата01.03.2022
өлшемі100,71 Kb.
#26748
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Сабақты қамтамасыз ету

  1. Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, плакаттар

  2. Тарату материалдары: тақырып бойынша материалдар

  3. Техникалық оқу құралдары: мультимедиялық құрал

  4. Иллюстрациялық материал: Microsoft Power Point

  5. Негізгі оқулық: С. Жұмасова - "Психология негізі"

Қ.Б Жарықбаев - "Жалпы психология"

Сабақ мазмұны:

Ұйымдастыру кезеңі - 5мин

Оқушыларды түгелдеу, аудиторияның сабаққа дайындығын тексеру, мақсатымен таныстыру.



Жаңа сабақтың барысы: Арнайы дайындалған слайд бойынша жаңа сабақты түсіндіру

Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин

Қарым - қатынас психологиясы жөнінде не ұқтыңдар? "ББҰ" әдісі бойынша жаңа сабақты қорытындылау



Білдім

Білгім келеді?

Үйрендім










Үйге тапсырма беру - 5мин

1. Қарым-қатынас туралы жалпы ұғым түсінік жазу
2. Қарым-қатынастың түрлерiне мысалдар құрастыру

Негізгі оқулық: С. Жұмасова - "Психология негізі"

Қ.Б Жарықбаев - "Жалпы психология



Тиімді қарым-қатынас жасау қағидалары. Қарым-қатынас жасаудың вербальді және вербальді емес тәсілдері.

Жоспар:

  1. Қарым - қатынас дегеніміз не?

  2. Қарым-қатынастың вербальды және вербальды емес тәсілдер: кинесика, проксемика, такесика, паралингвистика.

  3. Қарым-қатынас деңгейлері,

  4. контактты әрекеттесудің түрлері, коммуникативті ықпал.

Қарым – қатынас дегеніміз біріккен іс- әрекет қажеттілігін туғызатын, адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі көп жоспарлы үрдіс. Адамдардың танымдық хабарлар алмасуы, өзара түсінісуі, бір – бірін қабылдауы

Қарым – қатынас - тұлғаның қалыптасуының ең маңызды факторларының бірі болып табылады. Ежелгі Греция мен Ежелгі Римде қарым – қатынас мәселесі шешендік өнер, эвристика және диалектика саласында зерттелді. И.А.Зимняяның айтуынша қарым – қатынас XX ғасырдағы жаңа мәселе. Қазіргі кезде қарым -қатынас мәселесі философия, әлеуметтану, әлеуметтік лингвистика, психолингвистика, әлеуметтік психология, жалпы психология, педагогика, педагогикалық психология салаларында зерттелуде. Қарым– қатынастың тұлғаның дамуындағы маңызды орнын психологтар В.Г.Ананьев, А.А.Бодалев, Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Б.Ф.Ломова, А.Р.Лурья, В.Н.Мясищев, А.В.Петровский зерттеген.

Кіші мектеп жасында қарым-қатынастың балалардың жеке тұлға ретінде дамуында алатын орнына, рөліне және қарым-қатынастың даму ерекшелігін анықтауға арналған зерттеулер ғылыми негізін А.В. Запорожец, Д.Б. Эльконин, Л.И. Божович, Х.Т. Шерьязданова және т.б. қалаған.

Оқушылардың қарым-қатынас проблемасының әртүрлі аспектілерін Л.С. Выготский, Б.Г. Ананьев, Е.И. Головаха, А.Б.Добрович, А.А. Бодалев, И.С. Кон, Л.А. Петровская, В.В.Столин, Н.И. Шеврандин, Л.Д. Стрляренко, Қ.А. Айдарбеков, Т.М. Шалғынбаев т.б. ғалымдар зерттеген. Қарым-қатынастың бұзылу себептерін анықтап, оны түзету жолдарын ұсынғандар Э. Берн, Дж.Морено, Д. Карнегин.

А.Н.Леонтьев ic-әрекеттің кай түрі болмасын қарым-қатынаспен кабаттас болады деп түсіндіреді. Ол іс-әрекетті қарым-қатынастың қажетті шарты ретінде қарастырады.

Ал отандық ғалым С.М.Жақыпов бүтіндей оку-тәрбие үрдісінің тиімділігін анықтайтын факторлардың бipi және оқытушы мен оқушының арасындагы өзара әрекеттестік деп бірлескен диалогтық, танымдық, іс-әрекеттік тиіміділігінің критерийі деп көрсетеді. Мұнда өзара әрекеттестік, карым-катынас мәселесі шешілгенде танымдық іс-әрекетті калыптастыру үрдісіне жетекшілік жасауға мүмкіншілік пайда болатындығы дәлелденеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет