Сәйкестікті бағалау қағидалары 1-тарау. Жалпы қағидалар


-параграф. Өнімнің сәйкестігін растау схемасын таңдау



бет4/30
Дата15.12.2022
өлшемі126,66 Kb.
#57502
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
?@028;0 kz 07.04.21

3-параграф. Өнімнің сәйкестігін растау схемасын таңдау



  1. Сәйкестікті растау схемасын өтініш беруші ӨҚҚ-мен бірлесіп айқындайды.

  2. Сертификаттау кезінде өнімнің техникалық регламенттерде және стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін қажетті дәлелдеуді қамтамасыз ететін сәйкестікті растау схемасы пайдаланылады.

  3. Өнімді сертификаттау схемалары осы Қағидаларға 3-қосымшада белгіленген.

Осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген 9 және 10-өнімді сертификаттау схемалары бойынша сертификаттау өнімнің техникалық регламенттердің және (немесе) стандарттау жөніндегі құжаттардың белгіленген талаптарына сәйкестігін тікелей немесе жанама растайтын өтінім мен құжаттар негізінде жүргізіледі.
Өтінімге қоса беріледі:

  1. бұрын жүргізілген Өнімді сынау хаттамалары;

  2. өнімге немесе пайдаланылатын шикізатқа, материалдарға, жиынтықтаушы бұйымдарға, сапа менеджменті жүйесіне бұрын алынған қолданыстағы сертификаттар;

  3. уәкілетті мемлекеттік органдар берген өнімдердің белгіленген талаптарға сәйкестігін тікелей немесе жанама растайтын қорытындылар, анықтамалар мен құжаттар (болған кезде) қоса беріледі.



4-параграф. Өнімді сәйкестендіру және сынау үшін үлгілерді іріктеу



  1. Үлгілерді іріктеу алдында өнімді сәйкестендіру жүргізіледі.

Өнімді, қызметті сәйкестендіру – белгілі бір өнімді айырым белгілері бойынша бір мәнді тануды қамтамасыз ететін рәсім.
Сертификаттау кезінде өнімді сәйкестендіруді СРО стандарттау жөніндегі құжатқа және осы Қағидаларына сәйкес бір мезгілде үлгілерді іріктей отырып, өтініш беруші ұсынған Құжаттаманы талдау негізінде жүзеге асырады.
Көзбен шолып қарау негізінде сәйкестендіру мүмкін болмайтын өнім үшін техникалық регламенттерде және стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген сәйкестендіру көрсеткіштері бойынша өнімге сынақ жүргізіледі.

  1. Сәйкестендіру кезінде тексеріледі:

мәлімделген өнімді техникалық регламенттердің, стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына жатқызудың дұрыстығы;
өнімнің таңбалануының (жазуларының) техникалық регламенттердің, стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкестігі;
өнімнің таңбалауда (жазуларда) және техникалық құжаттамада (паспортта, пайдалану жөніндегі нұсқаулықта, өнімнің сәйкестігін тікелей немесе жанама растайтын құжаттарда) көрсетілген ақпаратқа сәйкестігі);
өнімнің мәлімделген партияға және дайындаушыға тиесілігі.

  1. Өнім партиясын сәйкестендіру кезінде қосымша партияның мөлшері, артикулдар мен модельдер, қаптама түрі (бар болса) және ілеспе құжаттарда келтірілген өзге де ақпарат тексеріледі.

Сәйкестендіру нәтижелері СРО-ның арнайы құжатында (қорытындыда, сәйкестендіру хаттамасында) көрсетіледі немесе үлгілерді іріктеу актісіне енгізіледі.

  1. Үлгілердің саны, оларды іріктеу тәртібі, сәйкестендіру және сақтау қағидалары осы Қағидаларға, техникалық регламенттерге, осы өнімді сертификаттау жөніндегі құжаттарға және сынақ әдістемелеріне сәйкес белгіленеді.

  2. Сынақтар үшін үлгілерді іріктеуді СРО немесе оның тапсырмасы бойынша аккредиттелген зертхана немесе өтініш беруші СРО-мен келісім бойынша тағайындаған сарапшы-аудиторды қамтитын комиссия жүзеге асырады.

  3. Үлгілерді іріктеу осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үлгілерді іріктеу актісімен ресімделеді

  4. Іріктелген үлгілер өтініш берушінің қатысуымен буып-түйіледі, пломбаланады (егер бұл мүмкін болса) және өнім үлгілерін іріктеу актісі мен сәйкестікті растау рәсімін жүргізуге өтінім бойынша шешімді қоса бере отырып зертханаға жіберіледі.

  5. Стандарттау жөніндегі құжаттарда көзделген жағдайларда өнімнің бақылау үлгілерін өнімнің жарамдылық мерзімі немесе сертификаттың қолданылу мерзімі ішінде сақтау жүзеге асырылады. Өнім үлгілерін сақтаудың нақты мерзімдері осы өнімге арналған стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет