Сәйкестікті бағалау қағидалары 1-тарау. Жалпы қағидалар


-параграф. Өтінімді беру және қарау



бет3/30
Дата15.12.2022
өлшемі126,66 Kb.
#57502
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
?@028;0 kz 07.04.21

2-параграф. Өтінімді беру және қарау



  1. Өтінім беруші СРО-ға өтінім берген кезде құрамы мен мазмұны осы өнімге арналған техникалық регламенттерде және (немесе) стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленетін үлгіге (үлгілерге) барлық қажетті техникалық құжаттаманы ұсынады.

  2. Өнімді сертификаттауды жүргізу үшін өтініш беруші СРО-ға келесі ақпарат пен құжаттардан тұратын өтінімді жібереді:

  1. сериялық өндіріс өнімдері үшін:

техникалық құжаттаманы және (немесе) жобалық және (немесе) конструкторлық және (немесе) технологиялық және (немесе) пайдалану;
оларға сәйкес өнім дайындалатын стандарттар немесе стандарттау саласындағы өзге де құжаттар тізімі;
оған сәйкес өнім дайындалған құжат (құжаттар) (ұйым стандарты, техникалық шарттар немесе өзге құжат) (болған жағдайда);
сапа менеджменті жүйесінің сәйкестік сертификаты, егер оның күші өнімді дайындауға қолданылатын болса (бар болса немесе растау схемасымен талап етілсе);
сапа менеджменті жүйесінің аудиті туралы есеп және енгізілген сапа менеджменті жүйесінің сертификаттау кезінде расталатын талаптарға сәйкес келетін өнімнің тұрақты шығарылымын қамтамасыз ету қабілетін растайтын ақпарат (егер растау схемасымен талап етілсе);
сыни компоненттердің, материалдардың, жинақтаушы бұйымдардың немесе бұйымның құрамдас бөліктерінің сәйкестік сертификаты (болған жағдайда);
Қазақстан Республикасына жеткізілетін өнімнің техникалық регламенттердің немесе стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуді және мұндай өнімнің көрсетілген талаптарға сәйкес келмегені үшін жауапкершілікті көздейтін шетелдік дайындаушымен жасалған шарт (сериялық шығарылатын өнім үшін);
өнімнің сәйкестігін жанама растайтын өтініш берушінің таңдауы бойынша өзге де құжаттар;

  1. өнімнің (бірлі-жарым бұйымның) партиясы үшін):

техникалық құжаттаманы және (немесе) жобалық және (немесе) конструкторлық және (немесе) технологиялық және (немесе) пайдалану;
оған сәйкес өнім дайындалған құжат (құжаттар) (ұйым стандарты, техникалық шарттар немесе өзге құжат) (болған жағдайда);
бірлі-жарым бұйымды немесе өнім партиясын, оның ішінде оның мөлшерін сәйкестендіретін шарт және тауарға ілеспе құжаттар;
дайындаушы жүргізген сынақ хаттамалары (бар болса);
шетелдік СРО берген сәйкестік сертификаттары (болған жағдайда);
өнімнің сәйкестігін жанама растайтын өтініш берушінің таңдауы бойынша өзге де құжаттар.

  1. Іске асырылатын сертификаттау схемасына байланысты өтініш беруші ӨҚҚ-ға өнімді әзірлеу және өндіріске қою кезінде бұрын жүргізілген сынақ хаттамаларын немесе аккредиттелген зертханалар орындаған сынақтар туралы құжаттарды ұсынады.

  2. Өтініш беруші СРО-ға өнімнің белгілі бір түрлері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген болса, өз құзыреті шегінде уәкілетті мемлекеттік органдар берген өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы құжаттарды ұсынады (қажет болған жағдайда).

  3. СРО өтінімді қарайды және өтініш беруші мен өнім туралы ақпарат сертификаттауды жүргізу үшін жеткілікті екендігіне сендіру үшін ұсынылған құжаттарға талдау жүргізеді.

  4. СРО оны алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіні техникалық реттеудің ақпараттық жүйесіндегі өзінің шешімі туралы хабардар етеді.

  5. Құжаттарды талдау нәтижелері оң болған кезде СРО өтінім берушіні өтінім бойынша қабылданған шешім туралы хабардар етеді және техникалық реттеудің ақпараттық жүйесіне сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған шарттың (бұдан әрі – шарт) жобасын жібереді.

  6. Сертификаттау жөніндегі СРО, егер ол Құзыретті болмаса немесе сертификаттау бойынша қажетті іс-әрекеттерді жүргізуге мүмкіндігі болмаса, сертификаттауды жүргізуден бас тартады.

  7. Өтінім бойынша шешімде СРО өтініш берушіні сертификаттау жүргізілетін түпкілікті бекітілген растау схемасы және осы объектіні сертификаттаудың белгіленген тәртібіне негізделген сертификаттаудың барлық негізгі шарттары, қажетті техникалық құжаттардың тізбесі, тексерілетін көрсеткіштердің тізбесі, зертхананың атауы, сондай-ақ инспекциялық бақылау шарттары туралы хабардар етеді.

  8. Егер өтініш беруші СРО ұсынған сәйкестікті растау рәсімдерінің талаптарымен келіскен жағдайда, электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде шарт жасалады.

  9. Өтінімге мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәліметтер мен құжаттар қоса беріледі.

  10. Өтінімде өтінім беруші ұсынған ақпарат өнімнің сәйкестігін растау үшін жеткіліксіз болған жағдайда СРО сәйкестікті тікелей немесе жанама растайтын мынадай құжаттардың бірін: сынақ хаттамаларын, дайындаушы зауыттың сапа паспорттарын, менеджмент жүйесіне арналған сертификаттарды, мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, ветеринариялық сертификатты, фитосанитариялық сертификатты, өрт қауіпсіздігі сертификатын, оларға балама құжаттарды сұратады немесе өтінім берушіге осы өнімге сәйкес келетін басқа растау схемасы бойынша өнімді сертификаттауды ұсынады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет