Сәйкестікті бағалау қағидалары 1-тарау. Жалпы қағидалар


-параграф. Өндіріс жағдайын талдау



бет6/30
Дата15.12.2022
өлшемі126,66 Kb.
#57502
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
?@028;0 kz 07.04.21

6-параграф. Өндіріс жағдайын талдау



  1. Растау схемасына байланысты өнім өндірісінің жай-күйіне талдау жүргізіледі.

  2. Өндірістің жай-күйін талдау шығарылатын өнімнің белгіленген талаптарға тұрақты сәйкестігін қамтамасыз ету үшін дайындаушыда қажетті жағдайлардың болуын анықтау мақсатында жүргізіледі.

  3. Өндіріс жағдайын талдау жұмыстары мыналарды қамтиды:

  1. өтініш берушіден бастапқы құжаттарды сұрату және алу;

  2. өндірісті тексеру бағдарламасын жасау және бекіту;

  3. өтініш берушімен тексеру мерзімдері мен шарттарын келісу;

  4. өндіріс орнында тексеруді жүзеге асыру;

  5. тексеру нәтижелерін ресімдеу;

  6. тексеру бойынша шешім қабылдау.

  1. Тексеру бағдарламасы Техникалық регламенттерде, стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген талаптар шегінде өнімнің қауіпсіздігіне әсер ететін өндірістің әртүрлі аспектілері бойынша тапсырмаларды қамтиды.

  2. Өндіріс жағдайын талдау кезінде мыналар тексеріледі:

  1. стандарттау жөніндегі құжаттар мен техникалық құжаттардың болуы, оларды өзектендіру;

  2. білікті персоналдың болуы;

  3. технологиялық процесті сақтау және оны метрологиялық қамтамасыз етудің жай-күйі болып табылады;

  4. кіру, қабылдау бақылау және кезеңдік сынақтар жүйесінің болуы;

  5. жабдықтар мен сынау құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесінің болуы;

  6. шикізатпен және материалдармен қамтамасыз етілуі;

  7. сертификатталатын өнім сапасының тұрақтылығы;

  8. сақтау шарттарының болуы;

  9. шағымдарды есепке алу мен талдаудың болуы.

  1. Өндірістің жай-күйін талдау нәтижелері еркін нысандағы актімен ресімделеді, онда жүргізілген талдау нәтижелері келтіріледі, анықталған сәйкессіздіктер белгіленеді және өтініш берушінің (Дайындаушының) техникалық регламенттердің, стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкес келетін өнім шығарудың тұрақтылығын қамтамасыз ету қабілеті туралы тұжырымдары тұжырымдалады және өтініш берушіге жіберіледі. Актіде сертификатталған өнімді бақылау кезінде жұмыстардың мазмұны бойынша ұсынымдар келтіруге жол беріледі.

  2. Тексеру нәтижелері теріс болған жағдайда, таңдалған растау схемасы бойынша мәлімделген өнімді сертификаттау жөніндегі жұмыс тоқтатылады, бұл туралы СРО күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде өтініш берушіні және техникалық реттеудің ақпараттық жүйесіндегі уәкілетті органды хабардар етеді және нәтижелерді өндірістің жай-күйін талдауды жібереді.

Анықталған кемшіліктерді жойғаннан немесе растаудың өзге схемасын таңдағаннан кейін өтініш беруші сертификаттауға жаңа өтінім береді.

  1. Өтініш берушіде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Техникалық реттеу жүйесі шеңберінде берілген немесе танылатын сертификатталатын өнімді өндіруге сапа менеджменті жүйесіне сәйкестік сертификаты болған жағдайда, өндірістің жай-күйіне талдау жүргізілмейді.

  2. Өндірістің жай-күйіне жүргізілген талдау немесе менеджмент жүйесін сертификаттау туралы мәліметтер (құжаттар) өнімге арналған сертификатта көрсетіледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет