Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет13/123
Дата28.07.2023
өлшемі1,34 Mb.
#104870
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   123
Байланысты:
1. Қызыл жебе - I кітап Шерхан Мұртаза (8 сынып)

Қызыл жебе
– Е, болыс-еке, аттан түс. Келіп қалыпсың, шақырып келтіре 
алмайтын қадірлі қонақсың. Лашық қой демесең, бұл үйдің түтіні 
түзу, ниеті адал. Мейман бол.
– Әй, батыр-еке-ай. Мен түскен жерге ауыртпалық түседі. 
Маған соятын қара қойды жеп қойған шығарсың.
– Е, жоқ іздеп жүрмін де, болыс-еке. Бәсе, неғып мені 
сағынып қалды деп едім-ау. Ералының жазығы жоқ. Мен тартып 
әкеттім. Мына бала сүзектен тұрды. Соған қара қойдың қалжасы 
керек деген соң, ақысы мойнымда кетпес, бір тоқтыға бола 
мазасын алмайын, болыстың алдына барып деп, қойшыдан сәлем 
айтқанмын. Айып менен... қарызыңнан құтылармын.
– Ой батыр-ай, ер мойнында қыл арқан шірімес. Соны қойшы. 
Ал енді келген шаруам, өзіңмен оңаша әңгімем бар.
Бірі аттылы, бірі жаяу, былайырақ сай қабағына қарай аяңдай 
берді.
Болыстың бұл оңаша әңгімесінің мәнісіне түсінбеген старшын 
мен шабармандар аңтарылып, Рысқұлдың есігінің алдында 
тұрып қалды. Тұрар болса оларға бір, сай қабағына қарай кеткен 
әкесі мен болысқа бір қарап жалтақтайды. Басқа бала болса, өз 
үйіме мұншама лауазымды адамдардың келгеніне мақтанар еді. 
Тұрар қайта іштей тітіркеніп тұр. Әйтеуір, осы келістің тегін 
емес, жақсылық емес екенін әлдеқалай сәби сезіммен аңғарады.
– Әй, шешеңді!.. Шешең қайда? – деді ат үстінде ерігіп тұрған 
Таубай старшын.
– Оның шешесінде нең бар? – деп екіншісі күлді.
– Мұның шешесі жас қой, білмеуші ме едің? Ізбайша сұлу 
ғой кәдімгі. Мына қызғалақтың өз шешесі Қалипа марқұм қайтыс 
болған соң, Рысқұлға болыстың ықтиярынсыз қосылған Iзбайша 
ғой.
Бала боржық сарыға жауап берген жоқ.
– Дегенмен, өзі көкжал ғой бұл кірме. Әйтпесе үрерге иті жоқ, 
сығарға биті жоқ, кедей неме, біреудің айттырайын деп жүрген 
Ізбайшасын қағып кеткен жоқ па? – деп боржық сары старшын 
тынбады.


28
Қызыл жебе 
Нәресте естіп тұр-ау, шешеден жетім баланың жүрегіне дақ 
түседі-ау деген не ойына кіріп-шықпайды. Астын-үстін сапырып 
тұр. Жанындағы шабарман:
– «Әй, ауылнай, қойсаңшы. Бала тыңдап тұр ғой», – дейін 
деп еді, әкіреңбай немеден қорықты. Бір ерегіссе, қоқыраңдап 
қоймайтын ұр да жықтың өзі. Болыстың полицейі сияқты, үстінде 
формасы, мықынында наганы жоқ, әйтпесе нағыз полицейдің өзі. 
Соларға еліктейді.
Ізбайша жортпаш Түйметайды қолынан жетектеп ауылдас 
отырған Ахат қарияның үйіне кетіп еді. Ахаттың кемпірі аз 
ауыл Тау-Шілмембеттің қатын-қалашын асарға шақырып киіз 
бастырып жатқан. Рысқұл кепесінің алдында болыс бастаған 
бір топ аттылының тұрғанын бүкіл ауыл көріп отыр. Бәрі де 
үйлерінің іргесінен баспалап қарайды. Босқын болып, үрейден 
үркек тартқан ауыл «Бұл қалай?» деп үрпиісіп қалған. Ешкінің 
қылшығынан бұзауға бұйда есіп отырған жалбыр қас Ахат та, 
киіз пісіріп, білектерін сыбанған қатындар да, олардың тасасына 
тығылған балалар да әлдебір сұмдықты күтіп, демдерін іштерінен 
алып, қаққан қазықтай состиып тұрысып қалып еді.
Шілденің аптабында күзгі желтоқсанның қара суығы 
қалтыратқан жүдеу ағаш басындағы селкеу жапырақтай аз ауыл 
болыстың зәуде нөкерлетіп келуінен әрі-сәрі.
«Салық жинап жүр ме?» – деді Ахат амалы таусылып. – 
«Әлденеден жазықты болып қалдық па?»
Ахат – Тау-Шілмембеттің ақсақалы, ақылгөйі. Түу 
Түлкібастан ауа көшкелі, одан кеткен қадірлі қариясы. Қу 
кедейліктің бұғалығынан қанша бұлқынып құтыла алмай 
қойса да, еңсесі түспес, есірік те емес, шап-шақ қана, аршыған 
жұмыртқадай әдемі шал. Шаруасы шінжәу болса да, мұнтаздай 
таза киініп, аппақ сақалын дөңгелентіп күнде шырпып жүретін 
тақуа тақылеттес адам. Шоң мұрын. Қасы жалбырап көзіне түсіп 
тұрады. Қысы-жазы қырау басқан тәрізді. Оны жұрт нышанға 
жорып, Ахатты өздерінше әулиедей көреді. Тәңіріден басқаға 
табынбай, басын тауға да, тасқа да ұрып жүрген Рысқұлдың өзі 
Ахаттың айтқанына тақ тұрады. Ахат та батыр інісінің жанын 
ұғып, бетін жөнсіз қақпайлай бермес еді.


29


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет