Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет106/123
Дата28.07.2023
өлшемі1,34 Mb.
#104870
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   123
Байланысты:
1. Қызыл жебе - I кітап Шерхан Мұртаза (8 сынып)

Қызыл жебе 
Судья жақтырмай қалды. Рысқұлдан рақмет күтіп тұр еді, 
бірақ айыпталушы илікпеді. Қайта талап қойып тұр.
– Ол соттың ісі емес. Бірақ тілегіңді губернатордың назарына 
салайық. Ал Жоғары мәртебелінің атына арыздануыңа болады,
деді сот самарқау ғана. Өзінше істі бір әділ шештім бе деген 
сенімде еді, бірақ Рысқұлдан ықылас танымай, іші жиырылып 
қалды.
* * *
Түрмеге апарарда айдауылдар, сырттағы баспалдақтан түсе 
бере Рысқұлдың аяғын қайта кісендеді. Талыстай еменде бүкшиіп 
отырған шоң мұрын Ахат ағасы:
– Не болды, Рысқұл-ау? Не болды? – деп қалтаңдап тұра 
берді.
– Он жыл, Ахат! Он жыл, атасына нәлет! Қатырғыға айдайды. 
Сен әлі кетпеп пе едің? Не бар отыра беріп? Қайт ауылға.
– Бізде ауыл бар ма, қарағым-ау, ауыл қайда, топалаң тиіп, 
топырағы суырылды ғой ауылыңның. Сені әкеткенше осы қаланы 
айналақтап, жүре тұрамын, қарағым.
– Анадағы Петербор орысына тағы хат жаздыр. Кім біледі, 
жандалбаса ғой. Мүмкін, бір себебі тиюі. Досың Рысқұл он 
жылға сотталды, Сібір айдалатын болды де.
– Қайдам, қарағым, ана жолғы хаттан хабар болмады ма? 
Әлгі ноғай алдады ма, кім біледі. Тағы барып көрейін. Тұрарды 
бір көрсем деймін.
Тұрарды көргің келсе, үлкен шіркеудің алдынан тос. 
Сондағы мектепке түрме бастықтың баласын күймемен алып 
барады. Сонда жолығарсың.
– Мә, қарағым, мынау менің тапқаным. Тұрарға апарып 
бер, –деп Ахат Рысқұлға бір түйіншек ұсына беріп еді, айдауыл 
жұлып алып, түйіншекті шешіп қарады: ішінде бір қалта талқан, 
бір уыс құрт, қағазға оралған қораз кәмпит бар екен. Қауіпті 
зат таппаған айдауыл түйіншекті Рысқұлға ұсына берді. Екі 
айдауыл, бір тұтқын бағанағы трашпенкеге отырып, түрмеге 
беттеді. Трашпенке келесі көшеге түсіп, көрінбей кеткенше, Ахат 
арттарынан үздіге қарап көп тұрды.
* * *


217
Қызыл жебе
Губернатор фон Таубе округтік соттың шешіміне қанағаттанбай 
қалды. Адъютанты арқылы судьяны шақыртты. Қасқабас судья 
хабар алысымен бір минут кідірмей, «Рысқұл ісін» құшақтап 
губернатордың алдына жеткен.
– Құрметті Алексей Иванович, управительді өлтіруші 
бұзыққа бүйрегіңіз сонша бұрғаны қалай? – деп фон Таубе бірден 
алқымға қол салды. – Қай уақыттан бері империя жаулары сіздің 
рақымыңызға ие болатын болған?
Ғафу етіңіз, Жоғары мәртебелім, – деп Кузьмин әңгімені 
аяңмен бастады. – Біздің сот, яғни ұлы патшаның соты, әділет 
принципін ұстанады. Гуманизм деген бар. Одан аттап кете 
алмайсың. Киргиз Рысқұлды кісі өлтіргені үшін маңдайынан 
ешкім сипамайды. Бірақ барлық аргумент Саймасайға қарсы. 
Егер управительдер халыққа жазықсыз жәбір көрсете берсе, 
халықтың наразылығы күшейеді. Одан сайып келгенде, 
империяға зиян шаш етектен, Жоғары мәртебелім. Өртті өршітіп 
алып өшіріп әлек болғаннан гөрі, оны тұтатпау әлдеқайда тиімді. 
Ал Саймасай жатқан жыланның құйрығын өзі басқан. Іспен 
танысқан боларсыз, басқа қиянаттарын былай қойғанда, «Қызыл 
Жебе» дейтін бәйге атының өліміндегі сойқанды ғана еске 
алыңызшы. Сұмдық қой. Тағылық қой барып тұрған...
Губернатордың бір қызығы ат болушы еді. Жақсы ат ұстап, 
саяхатқа шығуды ұнататын. Ерегіске бола ерен жүйрікті 
бауыздатып жіберген управительдің қылығына оның да ызасы 
келді. Ал болыстың адамға жасаған қиянаты көп деген уәж оның 
құлағына кірген жоқ.
– Тағылық дегенді тауып айттыңыз. Управительдердің 
арызын ғана еске алыңызшы. Енді олар не дейді? Олар өлім 
жазасын талап етіп еді, ал сіз небары он жыл бердіңіз. Мұны 
қалай түсіндіреміз оларға?
Қасқабас судьяның көзі императордың суретіне түсті. Оның 
үкімін император да құптамай тұрғандай суық қарайды.
– Он жыл каторга жабайы киргиз үшін оңай жаза емес, 
Жоғары мәртебелім. Енді ол қайтып Жетісуға оралмайды, бұған 
сеніңіз.


218


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет