Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет120/123
Дата28.07.2023
өлшемі1,34 Mb.
#104870
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   123
Байланысты:
1. Қызыл жебе - I кітап Шерхан Мұртаза (8 сынып)

Қызыл жебе
Туда, где синеют морские края,
Туда, где гуляем лишь ветер... да я!..».
– Тұра тұршы, Наташа! – Тұрар қараторы жүзіне қан 
шапшығандай күреңітіп. – Ол менің көкемді қайдан біледі?
– Кім? – деді Наташа түкке түсінбей, шашыраңқы гүліндей 
көгілдір көздері таңдана кең ашылып.
– Пушкин. Мынау жазып отырғаны менің көкем той. Жуан 
темір тордың ар жағында, дымқыл түнекте отырған менің көкем. 
Ол темір торға мұңая қарағанда:
«Әттең, қанат бітіп, мына тесіктен ұшып шығып, ақбас 
шыңдарға, тек самал ескен кең дүниеге кетсек», – дегендей 
болып отырады.
– Ой, Тұрарка! – деп күліп жіберді Наташа. Үні ботақанның 
мойнындағы күміс қоныраудай сыңғырлайды. – Пушкинді 
алдақашан атып өлтірген. Ол сенің көкеңді қайдан білед?
– Жоқ, Наташа. Мынау менің көкем туралы, – деп Тұрар 
көнбеді. Көнгісі де, сенгісі де келмеді. Пушкин оның санасына 
пайғамбар болып енді.
– Енді көкемді алысқа-алысқа алып кетеді. Ол жақта жаз 
болмайтын көрінеді. Шанаға ит жегіп жүреді екен. Ақ аюы 
болады екен. Ал, менің көкемнің жыртық шекпенінен басқа киімі 
де жоқ, – деп мұңайды кенет.
Наташа өзінің кішкентай досын аяп кетті. Оның қам көңілін 
немен көтерерін білмей, қайтіп қана көмектесерін білмей 
қиналды. Жүгіріп асүйге барып, ішіне алма салып пісірген аппақ 
нан әкеліп:
– Мә, Тұрарка, – деді.
Тұрар нанды қағазға орап қалтасына салды.
– Жесеңші, – деді Наташа көкшіл көздері мейірленіп.
– Көкеме апарып беремін. Мүмкін, оны таяуда әкететін 
шығар. Жолға азығы да жоқ.
– Бишара Тұрарка, – деп Наташа баланың қап-қара шашынан 
сипап қойды.
Кенет Наташа бөлмесіне Приходько мырзаның өзі кіріп келді. 
Қорқып кеткен Тұрар орнынан ұшып тұрды. Ұрлық қылған 
адамдай, қалтасындағы нанды сипалады.


246
Қызыл жебе 
– А, Наташенька, шефке алған шәкіртіңнің табысы қалай? Не 
оқып отырсыңдар?
– Пушкинді, папа, – деді Наташа жарқылдап.
Приходько қабағы түйіліп, тұнжырап қалды.
– Құдай заңын оқыт оған демеп пе едім? Закон Божий, ол 
сабақтан өзің де нашар үлгеріп жүрсің, Наташенька. Жақсы емес.
– Мейлі, папа, үйретейін. Өзім де үйренейін. Міне, қазір 
отырайық, – деп Наташа Закон Божий кітабын іздеп бәйек бола 
қалды. – Бір тілек айтсам, орындайсың ба, папа? Орындасаң, 
айтқаныңның бәрін-бәрін істейін.
– Ол не, айта ғой, қызым, – деді Приходько Наташаның 
ықыласына риза болғандай қабағы ашылып.
– Тұрардың әкесін каторгаға айдатпай-ақ қойшы. Осында 
бола берсін, сонда Тұрар да бізбен бірге болады. Екеуміз Закон 
Божий оқимыз. Жарай ма, папа?
Періште бейнелі нәзік қыз папасының бұғы мойнынан 
құшақтап, оның сақал басқан топырақ түстес бетіне мөлие 
қарады. Әкесі қызының қолын мойнынан босатып:
– Қызым, мұндай әңгімеге араласпа. Бұл бала-шаға 
араласатын іс емес. Тұрардың әкесі сотталған адам. Оған менің 
пәрменім жүрмейді. Мен әлгінде оған жолығып қайттым. 
Тұрарды өзіммен бірге ала кетемін деп жоғары жаққа арыз 
бермекші. Онысынан түк те шықпайды. Өйткені жасы он төртке 
жетпеген баланың ссылкаға айдалушының соңынан ілесуіне заң 
жоқ. Бірақ әкесі кетсе де, Тұрар біздің үйде тұра береді. Солай 
ма, Тұрарка? Мүмкін, оқуға түсіп кетерсің. Саған құдай әкеңнің 
жолын бермесін. Құдай жолын қалап ал. Қор болмайсың. Оқып, 
адам болып, патшаға адал қызмет етсең, бәлкім, кейін әкеңді 
айдаудан босаттырып аларсың. Сен өте зерек баласың. Әйтпесе, 
сені үйге кіргізбес те едім. Ал құдай берген қабілетті қор етпеу 
керек. Аздап сауатың ашылған соң, егер айтқанымды бұлжытпай 
орындап жүрсең, Духовная семинарияға түсіремін. Сонда жабайы 
басурмандарды шын құдай жолына бастайтын сен боласың. 
Әне, адасқан әкеңе сонда қол ұшын бере аласың. Әкеңді жақсы 
көретінің рас болатын болса, оған көмектесіп, оны шыңыраудан 
шығарып алудың бірден-бір жолы осы. Ойлан. Мен саған шын 


247


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет