Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет121/123
Дата28.07.2023
өлшемі1,34 Mb.
#104870
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   123
Байланысты:
1. Қызыл жебе - I кітап Шерхан Мұртаза (8 сынып)

Қызыл жебе
ниеттен жақсылық тілеп тұрмын. Құдайға сенсең, құдай сенің 
тілеуіңді береді. Басқаның шарапаты шамалы. Құдайға сен, бала!
– Тұрарка, кел, тез оқиықшы Закон Божийді. – Періште 
пейілдес бейкүнә қыз кішкентай досының тұйықтан шығар жолы 
табылғандай, тез-тез Закон Божийді оқыса, Тұрардың әкесі тез-
тез түрмеден босанатындай қуанып, сеніп қалды.
Алтын түстес әдемі шашы толқынданып, ақсары жүзі албырап, 
шашыратқы гүл көздері жәудіреп, бар ынта-ықыласымен 
жанашыр болған періште пішіндес қыздың мына бір қызба 
әрекетіне Тұрар да нанып қалғандай.
Баланың илігейін дегенін көрген Приходько жүзі жылып, түкіс 
қабағы жадырап:
– Молодцы, – деп бөлмеден шығып бара жатты.
Приходько – патша тәртібінің құлақкесті құлы. Ал оның 
пәруана түсінігі бойынша, шіркеу патша тағының ең сенімді 
сақшысы. Патшаға қарсы қастандық пиғыл жайлаған адамдар 
шіркеуге бармайтындардың, құдайға нанбайтындардың 
арасынан шығады. Олардың жүрегіне дию-шайтан ұялаған. Ал 
қазақтың қаршадай баласын, әм зерек баласын христиан дінінің 
насихатшысы етіп баули алса, онда оның қазақтарға деген 
ықпалы орыс попының ықпалынан он есе, жүз есе пәрменді 
болмақ. Татарлардың бірсыпырасы, якут-сахалар, тіпті алыстағы 
жапондардың едәуірі христиан дініне кіріп, шоқындырылды 
емес пе? А неге қазақтарды шоқындырмасқа? Бұларды қашанғы 
мылтықтың күшімен, найзаның ұшымен ұстап тұрарсың. Бұл 
да керек, әрине. А дінге, қасиетті православие дініне кіргізсең, 
уысыңда ұстау оңайырақ. Осы саясатты ояз болып, губернатор 
болып, түбегейлі қолға алмайтыны өкінішті. Ничего, православие 
шіркеуінің адал пәруанасы Приходько мырза түбінен ойлайды.
Осындай ойдың толғағында тебіренген Приходько өз 
бөлмесінің төрінде тұрған иконның алдына барып қайта-қайта 
шоқынды. Икондағы құдай-ананың қолындағы нәресте оның 
көзіне Тұрар болып елестей берді. Приходько шошып кетіп, 
қайтадан жұлқынып шоқына берді.
* * *


248
Қызыл жебе 
Тұрар кешкі апақ-сапақта камерасына қайтып келгенде, 
камерада әкесімен бірге отырған Бронниковты көріп, әрі 
таңданып, әрі қуанып қалды.
– О, Саша ағай, сіз бізге қайтып келдіңіз бе?
– Иә, Тұрар, сағындым сендерді. Бірақ мені қазір әкетеді. 
Сен жоқта көкең екеуміздің бітірген шаруамыз мынау, – деп 
Тұрардың қолына бір парақ қағазды ұстата берді. Тұрар қағазды 
өлеусіреген шырағданның әлсіз жарығына тосып тұрып, ежелеп 
оқи бастады.
«Жетісу губернаторына Верный түрмесінде жатқан 
каторжник Рысқұл Жылқайдаровтан
Арыз
Алдағы маусым айында келесі этаппен каторгаға 
айдалмақшымын. Осы себепті Сізден құлдық ұра өтінемін, 
балам Тұрарды өзіммен бірге ала кетуге рұқсат етіңіз. 25 мамыр 
1906 жыл. Верный қаласы. Сауатсыз Рысқұл Жылқайдаров үшін 
қол қоюшы
Александр Бронников».
Бала сілейіп тұрып қалды. Жанындай көретін адамнан, туған 
әкесінен айырылатын кез мұнша таяп қалғаны қатты шошытты.
– Мені олар жібермейді, көке, – деп әкесінің мойнын 
құшақтады.
– Оны қайдан білесің? – деп Бронников баланың иығынан 
тартты.
– Приходько айтты. Ол мені шоқындырмақшы. Шіркеу 
оқуына түсіремін дейді. Сонда әкеңді каторгадан босатып ала 
аласың дейді. Әкең арызданғанмен бәрібір сені оған қосып 
жібере алмаймыз деді.
– А, залым! – деп Бронников шекелеп отырып өз тізесін өзі 
дәу жұдырығымен бір ұрды. – Сенен поп тәрбиелеп шығармақшы 
екен ғой.
– Не дейді? – деп Рысқұл қос қолымен жер тіреп сілкіне 
түрегелді.
– Тыныш! – деп басу айтты Бронников.


249


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет