Қызыл жебе
– Шоқындырғаны несі? Енді істемеген қорлығы сол еді.
Қолында өлейін! – деп Рысқұл дес бермеді.
– Тыныш! Бәрібір құр кіжінгеннен түк шығара алмайсың,
Рысқұл. Балаға кесірің тиіп кетеді құр бекер. Ойланайық. Сенен
поп жасамағы, әрине, иттік, Тұрар бауырым. Поптың үлкені –
Ғапон. Сол үлкен иттің кесірінен Питерде мыңдаған адамның
қаны төгілді. Сол үлкен иттің кесірінен, міне, мен елімнен,
отбасымнан айрылып, алыста, абақтыда жатырмын. Жоқ, Тұрар,
сен шіркеу оқуына түспейсің. Шоқынбайсың да. Бұл барып
тұрған масқарашылық. Отаршыл оңбағандардың жексұрын
саясаты. Ал бірақ мына арызды қанағаттандырмауы әбден
ықтимал. Ондай жағдайда, Рысқұл каторгаға кетіп, сен қалған
жағдайда, Приходьконың қармағынан құтылуға тырыс. Тұрар
бауырым, Пішпекке, не Әулие-Атаға барып, қалай да оқуға түсуге
тырыс. Сен өте жассың. Бірақ жағдай сені есейтті. Ерте есейдің,
бауырым. Бұл қалада қалма. Приходько оңбаған сенің санаңды
улап, өз халқының жауы етіп баулымақ. О, залым ит! Алданба,
Тұрар!
Әлгі арызға жауап көп кешіккен жоқ. Облыстық басқарма
Верный полицмейстрі арқылы мына мәнді жауап қайтарды:
«
Верный полицмейстріне
Облыстық басқарма
Верный
түрмесінде
жатқан
каторжник
Рысқұл
Жылқайдаровқа мынаны хабарлауыңызды тапсырады. Оның
арызы қанағаттандырылмайды. Ереженің 120-шы статьясына
сай, жасы он төртке жетпеген балалар каторгаға ата-анасымен
бірге айдалуға жатпайды.Осы жауапты хабарлағаныңыз
туралы Рысқұл Жылқайдаровқа қол қойдырып, қағазды полиция
Басқармасында сақтаңыз
Вице-губернатор Осташкин
31 мамыр 1906 жыл. № 8465»
1906 жылдың маусым айының тамылжыған таңында Рысқұл
камерасының құлпы соңғы рет салдырлады. Рысқұл өзіне жыл
жарым мерзім мекен болған тас зынданмен қоштасты. Ол соңғы
рет айқыш-ұйқыш сом темірді терезеге қарады. Қуқыл аспанның
250
Қызыл жебе
қиығы көрінді. Беторамалдың көлеміндей ғана қиық. Ізбайша
тігіп берген шашақсыз орамалдай. Аспанның алақандай көлемін
көріп, Ізбайша есіне түскенде, Рысқұлдың бүйрегі бір бүлк етті.
Тым болмаса, қоштаса да алмай қалатын болды. Енді қайтып
тірідей көрісуге тағдыр жаза ма, жоқ па, белгісіз.
Қоштасып, арыздасып қалу керек-ақ еді. Құдай қос көрмеді.
Ізбайша жазды деген тілхатқа Рысқұл сенген жоқ. Жүрегі құрғыр
ит қапқандай қапалы. Суынар, суалар кезі болса да жүректегі
сезімді сылып алып тастауға ешкімнің әлі келмейді екен.
Ізбайша мен Түйметайдан көз жазғалы екі жылға жақындады.
Олардан айырылу қиын да болса, уақыт өткен сайын бет-жүзі,
елесі көмескілене берген.
Ал Тұрардың жөні бір басқа. Түрмеге түскеннен бастап, түн
баласы өзімен бірге болған ұлының иісі әкенің жан дүниесіне
қылышпен қырып жусаң да кетпестей болып сіңіп қалған. Енді
сол Тұрармен айырылысатын қиямет-қайым азабы азынап тұр.
Бүгін түні бойы ол баласын бауырына қысып жатты. Амал
жетсе, Рысқұл өзінің көкірегін жарып жіберіп, жалғыз жәдігерін
қалталы қасқыр сияқты кеудесіне жасырып, алыс сапарға өзімен
бірге ала кетер еді, оған айла жоқ.
Түні бойы көз ілмей, қиянаттан мұздаған жүрегін жылытқысы
келгендей, Тұрардың ыссы басын кеудесіне қысып жатты. Бұл
түні оған өткен-кеткен хикаяны айтып, мазалаған жоқ. Айтар
әңгіме айтылып болған. Рысқұлдың керсоқпақ, кескілескен қиын
өмірі баласының басында үлкен бір кітап болып жазулы жатыр.
Рысқұл оқымаған жан болғанмен, көкірегі ояу адам еді. Түрменің
ұзақ түндерінде баласын ұйқыдан қысып отырып айтқан сырлары
зая кетпес. Тұрар енді бір жиырма жылдан кейін ұлы жазушымен
дос болып, өз әкесінің басынан өткен шытырман шындықты
оған, арман ағысындай етіп айтып берер. Содан барып «Қараш-
Қараш» туар...
Рысқұлдың есіне, Саймасайды атар алдында, бір түп бұта
басында отырған кішкентай шымшық түсе кетті. Қар суырған
ызғырық жел қос қанатын кеулеп, жүнін қобыратқан сол шымшық
тырмысып бұтадан тырнағын айырмай қасарысып қалып еді.
251
Достарыңызбен бөлісу: |