Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет3/123
Дата28.07.2023
өлшемі1,34 Mb.
#104870
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   123
Байланысты:
1. Қызыл жебе - I кітап Шерхан Мұртаза (8 сынып)

Қызыл жебе
Собордағы жұрттың бәрі құдайына құлдық ұрып, әркім өз 
өтінішін іштей айтып, шағынып-жалбарынып жатқанда, Тұрар 
жалтақтап жан-жағына қарайды. Өзін әр бұрыштан аңдып жүрген 
Саймасайдың адамдары қазір де собордың бір жерінен сығалап 
қарап тұрғандай көрінеді. Соборда шоқынғандар арасында 
тұрғанын көрсе, саймасайлықтар:
– Рысқұл қарақшының баласы шоқынып кетіпті, шіркеуден 
көрдік, – деп жер дүниеге жария етер еді.
Осыны ойлауы мұң екен, Тұрар бұрынғыдан бетер 
дегбірсізденіп, тұра қашқысы келді. Приходькодан қорқады
керулі адамның көзқарасынан қорқады. «Неге керіп тастаған?» 
Әкесі Рысқұлдың Саймасайлар байлап тастап, жабыла сабағанда 
бір сәтке басы осылайша салбырап қалып еді. Тұрардың суретке 
тесіле қарап қалғанын көптен байқап тұрған Приходько:
– Иисус Христос. Құдіретті құдай, – деді.
«Құдайдың өзі осындай қорлыққа ұшыраса, өзге жұрт не 
болмақ? Түйені жел шайқаса, ешкіні аспаннан ізде – деген осы 
да».
– Мырза, мен аттарға бара тұрсам қайтеді?! Асау немелерді 
біреу-міреу үркітіп жүре ме? – деп сыбырлады Тұрар. Приходько 
бұрылмастан:
– Бара бер! – деп зілдене күңк етті.
Тұрар адамдардың ара-арасын зыта кеп жөнелді. Қара 
жамылған бір кемпір ашулы көзімен ата қарап:
– Ух, басурман, нехрист! – деп ысылдап қалды.
Тұрардың бұл кетісіне көрмеде тұрған құдай да, оның әулие 
апостолдары да, мінбедегі епископ та, собор толы діндарлар 
да риза емес сияқты көрінді. Тек собордан шыға келгенде 
табалдырықтан бастап, қақпаға дейін тізіліп тұрған қайыршылар 
ғана оған телміре қол созып, бастарын иіп, әдеттен айнымай 
тұр. Табалдырықтан қақпаға дейін желі байлам жер Тұрарға қыл 
көпірдің үстіндей, тозақ отының арасындай сезілген. Қалтасында 
ырымға қара бақыры жоқ, өзі жалшы баладан да қайыр-садақа 
дәмететін жандар болады екен. Құдайдың өз үйінде мұншама 
қайыршылық болар деп кім ойлаған?!
* * *


8
Қызыл жебе 
Арыстанның еміренуі өзінше. Тіпті туған баласына мейірі 
түскеннің өзінде түрі ашулы сияқты көрінеді. Біреудің 
еркелеткенін көтеретіні де, көтермейтіні де белгісіз. Жалынан 
сипасаң күдірейе түседі.
Бронниковке Рысқұлдың іші көпке дейін жылымай қойған. 
Бірақ осы бір орысты баласы жақсы көріп кеткен соң, бірте-бірте 
мұздай жүрек жібиін деді.
Әбден сыралғы болып, сенім артқан соң, бір күні Рысқұл 
Бронниковке:
– Әй, Ескендір, өстіп жата береміз бе? Қашсақ қайтеді? – 
деді.
Енді 
Бронников 
сезіктенетін 
сияқты. 
«Түрменің 
алпауыттарының тұзағы емес пе екен? Мені арандатпақшы-ау, 
сірә?!»
– Қайтіп? – дейді бұ да сыр тартпақ болып.
– Сен көп білетін бәлесің ғой. Айласын тап.
– Айла-амал жоқ, – деді Бронников камераның ішін көзімен 
тінтіп шығып. Бір ауық темір құрсаулы терезеге қадалып қалды. – 
Мүмкін емес. Болат ара керек. Ол бізде жоқ: ана білектей темірді 
сындыра алмайсың. Мынау болса тас. – Бронников жалпақ 
алақанымен суық сұр қабырғаны сипалап қойды.
Темір есіктің көздей тесігінің қақпағы көтеріліп, ар жақтан 
надзирательдің жалғыз жанары оқтаулы мылтықтай суық 
қадалды.
Надзирательдің жалғыз көзі сөніп қалғандай тайып кетті де, 
қақпақ қайта жабылды.
Иттің иісшілі-ай, – деді Рысқұл. – Дереу сезе қоюын 
қарашы. Біздің сөзімізді оған жеткізіп тұратын сайтаны бар ма, 
немене... Осы екеуміз өтірік төбелессек қайтеді, а? Сонда әлгі ит 
асығып есік ашады. Әй-шайға келтірмей аузын басып, дамбалын 
басына кигізіп, есіктен-ақ шығып кетпейміз бе?
– Мүмкін емес, – деді Бронников басын шайқап. – Бұлар 
ол айланы әлдеқашан есепке алып қойған. Біреу ішке кіргенде, 
екіншісі сыртта аңдып тұрады.
– Сен білмейсің ғой, мен бір рет бұл түрмеден қашып шыққам, 
– деді Рысқұл тыртығы көп тақыр басын алақанымен асықпай 


9


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет