5. Сөйлемдерді ақпарат ауқымына, осыған сәйкес құрамдық мөлшеріне қарай топтау.
Сөйлемдер грамматикалық жағынан екі негізді (екі бас мүшелі) және бір негізді (бір бас мүшелі) болады.
Бір негізді жай сөйлемдер бір ғана бас мүше баяндауышпен құрылып, субьекті-жақтық мән басқа бір тұрлаусыз мүше арқылы көрініп, не жақтық мән байқалмайды.
Құрылымында субьекті мәнінің берілуіне сәйкес:
Белгілі жақты
Белгісіз жақты
Жалпылама жақты
Жақсыз (жанама)
Хабарлы сөйлемнің грамматикалық белгілері:
1. баяндауыштары, көбіне ашық рай формалы етістіктер (не осы формаға сипаттас жұмсалатын есімдер)
Ғалым С.Аманжолов хабарлы сөйлемдерді баяндауыш тұлғасына қарай сегіз түрге жіктейді (қимыл, сын, сан, мекен, мақсат, анықтама, себеп, тақырып хабарлы).
Бұйрықты сөйлем біреуге бұйыру, тілек-өтініш ету мақсатында айтылады. Бұл сөйлемдердің баяндауышы етістіктің бұйрық рай тұлғасынан және бұйрық рай тұлғасына –шы, -ші жұрнағының үстелуі арқылы жасалады.
Бұндай сөйлемдер сөйлеушінің түрлі көңіл-күйін білдіріп, ерекше әуенмен айтылады.
Сұрау есімдіктері, сұрау мәнді шылаулар арқылы жасалып, жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемдерді сұраулы сөйлем деп атаймыз.