Совет–Хан Єаббасов


ТҮЙІНІ: Педагогика мен психологияның ІУ‑ші негізі (Балбөбек кезеңі)



бет177/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   294
ТҮЙІНІ:

  1. Педагогика мен психологияның ІУ‑ші негізі (Балбөбек кезеңі);

  2. Психика,екіжасардың тәрбиесі, тән саулығы, жан саулығы;

  3. Балбөбектің тәуліктік тынысы, ұйқысы, тазалығы, психика ерекшелігі, ойын мазмұны, тәрбие жемісі;

  4. Үш жасардың тәрбиесі, өзіндік сипаты, өсуі, ақыл‑есі, имандылық тәлімі, еңбекке баулу, сұлулыққа сүйсіну;

  5. Үш жасардың тәуліктік режимі, тәрбие сабақтары, суреттер мен кітап,ерекшеліктері, ұйқысы;

  6. Бөбекке тән сзім көріністері, үрдіс қылықтары,таңырқағыш таным, аңғырт сезім‑асқақ келеді, ұл‑әкесіне, қыз‑шешесіне еліктейді, таным шексіздігі, балабақшаға неше жаста апарған дұрыс,балбөбек – ясли;

  7. «Имани гүл» ‑ Фараби ден Абайға дейін,даналықтың тегі;

  8. Жаңа деректер: Жүрек тәрбиесімен туған бөбектің қылығы, адам тәрбиесініңжаңа үлгісінен бір үзік сыр,жаңа ілімнің өмірдегі көрінісі, ұрық тазалығы, құрсақтағы тәрбие,мінәжат, табиғат әсерлері, кітап оқу, кино көру,т.б.;

  9. Жас босанған ананың күнделігі,тұңғышымен дидарласу,туғанына тоғыз күн, 1-2-3-ай, т.б.;

  10. Педагогика мен психологиясының ІУ‑ші негізіндегі

этнопедагогикалық сипаттар.


ТАПСЫРМАЛАР МЕН СҰРАҚТАР:


Жоғарыдағы тақырыптарды игеру.
Ж Е Т І Н Ш І Т А Р А У
Қалайда ақылға – азықты көбірек беруге тырысқан жөн”
Л.Толстой.


&1. ПЕДАГОГИКА МЕН ПСИХОЛОГИЯНЫҢ БЕСІНШІ НЕГІЗІ
(НЕМЕСЕ СӘБИЛІК КЕЗЕҢ)

Бәрінен де өзіңді-өзің алдау оңай”


Демосфен.


Аңғарт\ғыш та, Бұл физиологиялық кезеңге, баланың 4 пен 7 жас
алғыр шақ. аралығындағы өзіне тән ерекшеліктері аса мол,
адуынды да алғыр шағы екенін ешуақытта естен шығармау шарт. Өйткені, бала осы жастарында айналасында болып жатқан құбылыстарды жіті аңғарып, көргені мен сезгендерін зердесіне қаттай жазып ала қоятын зеректігімен сыйпатталады. Сәбилік кезеңінің дәл осы бір қасиеттерін тәрбие жүйелеріне нышанды түрде пайдаланбауымыздан, қатты зиян да қасірет те шегіп жүрміз. Бала осы жасында байқағаны мен аңғарғанын ұмытпақ түгіл, тіпті ғұмыр бойы ұстанар өнегесі мен тәліміне айналады. Әсіресе, ана тілінің құдіретімен ата-баба зердесімен табысып, жан мен тәнді үндестіре тәрбиелеудің үлгісіне айналдыру қажет. Өйткені, кез-келген халықтың ана тілі – тек ұлттық белгісі ғана емес – тіпті, оның негізгі қызметі ұрпақты тегімен табыстырып қана қоймай, ықылым замандарда өткен ата-бабаларының зердесімен қауыштырады. Сондықтан, ана тілінің қадір-қасиетін жан-тәнімен сүю арқылы, ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық дәстүрлердің не бір күрделі де қиын сәттерін жасқанбай, қайта лапылдап тұрған жас жүректі алаулата түсіп, оларды бала қырандай баулып – жыраулыққа да – термешілдікке де – қиялшылдыққа да – күйшілікке де – тіпті салыстырмалы таным мен логикалық ойлауға да, ‑ батыл түрде тәрбиелеудің қажеттігін талап етеміз. Сонымен бірге бұл кезеңде, баланы жан-жақты жетілдірумен қоса, әртүрлі әдістермен тәрбиені тереңдете және дамыта жүргізуді басты шартқа айналдыру керек. Егер адам тәрбиесі біздер ұсынып отырған жаңа көзқарасты басшылыққа алып, ұрық тазалығы мен құрсақтағы тәрбиені дұрыс жетілдірсе, сәбидің алғырлығына төтеп берер еш қиындық жоқ. Тек мұндай балаларды арнайы ұйымдастырылған лицейлік мектептерде оқытуды ұлттық байлық ретінде қараған жөн. Ондай мектептер, тек әлемдік үлгімен ғана жұмыс істеуі шарт. Бірақ, тағы да көшірмелі күйге ұрынбай, - “қайта жаңа көзқарастың жемісін біздерден келіп үйренсін” – деген мақсатты берік ұстану керек. Себебі, шын мәніндегі дарыны мен талантын қастерлей білетін халық қана адамзат қауымының мақтанышына айналып, арқауы берік алтын қорға өз үлестерін қоса алады.
Адам ағзасындағы жетіле дами сұрыпталған тектік қасиеттері мен барлық болмыстарында, сонау жер бетіндегі тіршіліктің жарты миллиард жылдарға созылатын түпкі тегінен даритын, былайша айтқанда, күллі тіршіліктің әрбір сатысынан мирас етілген сипаттар мен қасиеттердің мол екендігі белгілі. Бірақ, осыншама құдіреттің көздері де қайнары ашылмаған тұмадай тынып, дұрыс жүргізілмейтін тәрбие тәсілдерінің салдарынан, мидың астыңғы қабаттарында булыққан күйі қала береді. Біздер ұсынып отырған адам тәрбиесінің жаңа көзқарасы осы құдіреттің кілтін ұсынады.
Осынау, телегей теңіз тереңдікте жатқан шын асылдың мысалы ретінде, өмірде жиі кездесетін мынау бір жағдайды еске түсіріп көрелікші! Мәселен, шырт ұйқыда жатқан кез-келген адамның өзіне қажет уақытты дәл сезініп, өзінен-өзі ояна алатынын бәріміз де жақсы білеміз. Оны өмірде әрқайсымыз-ақ басымыздан өткіздік. Алайда парапсихологияны әлі де әумәсірлік деп түсінетін зерттеушілер оны адам жаратылысының филогенетикалық зердесі екеніне, мән де маңыз да бергілері келмейді. Тастай қатып қалған жаттанды ұғымдарынан бұрылғылары жоқ. Осы құбылыстардың өзін де, сол баяғы ескі әуенмен кездейсоқ нәрсенің қатарына қоса салады. Алайда, бұл адам болмысы мен ми қабаттарының игерілмей жатқан игілігі екендігімен санаспайды. Міне, осы тектес өмірлік деректерге сүйене отырып, бала миының қатпарларына қаттай жазылып қалған ата-баба зерделерімен табысудың қажеттігін түсінетін мезгіл жетті. Оның да ашу жолдары кибернетикалық код тәрізді, тек тәрбие тәсілдерінің ішінде орналасқан. Ендеше, адам болмысындағы осы қазынаның сырын ашуға ұмтылыс жасамай болмайды.
Біздің сіздерге айтқалы отырған уақиғамыз, қиял


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет