сұрақ Ақуыздардың толық емес құрамын растау үшін қандай түсті реакцияларды қолдануға болады?


)Протеинкиназалар қандай класқа, кіші класқа жатады? Бұл ферменттердің құрылымдық ерекшеліктері. Киназ активаторлары. Аллостериялық ферменттер дегеніміз не?



бет33/56
Дата05.01.2023
өлшемі106,84 Kb.
#60417
түріҚұрамы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   56
Байланысты:
БХ

2)Протеинкиназалар қандай класқа, кіші класқа жатады? Бұл ферменттердің құрылымдық ерекшеліктері. Киназ активаторлары. Аллостериялық ферменттер дегеніміз не?
Протеинкиназалар – трансферазалар класы,фосфотрансферазалар немесе киназалар тобына жатады.
Фосфотрансферазалар немесе киназалар – фосфор қышқылының қалдығын бір қосылыстан екінші бір қосылысқа тасымалдау реакциясын катализдейтін ферменттер тобы. Олар бір компонентті болып келеді,көпшілігінің төртіншілік құрылымы бар,яғни бірнеше суббірліктен тұрады.Сонымен қатар фосфотрансферазалардың аллостерикалық орталығы бар,сондықтан метаболизмде лимиттеуші роль атқарады.Фосфотрансферазалардың aктивтенуі үшін магний ионы қажет. Белгілі бір затқа фосфор қышқылын қосу реакциясы фосфорлану деп аталады. Бұл реакцияларда субстраттың құрылымы өзгеріп,ол активтенеді де реакцияға түсуге қабілеттілігі артады, сондықтан фосфотрансферазаларды киназалар деп атайды.Фосфор қышқылының қалдығы макроэргиялық байланысты сақтап тасымалданса, реакция – қайтымды,ал егер байланыс сақталмаса – қайтымсыз болып табылады.
Аллостерикалық орталық - ферменттің эффекторлармен әрекеттесетін белгілі бір бөлігі.Көп жағдайда аллостерикалық ферменттер метаболизм процестеріне лимиттеуші рөл атқарады.Бізде рибонуклеозиддифосфатредуктаза мен пируват –УДФ-N-ацетилглюкозаминтрансферазадан басқа барлық аллостерикалық ферменттер бірнеше мономерлерден тұрады.Олардың әрбір суббірлігін протомерлер деп атайды. Аллостерикалық ферменттер дегеніміз метаболиттік каталитикалық орталық болып табылмайтын, учаскедегі ковалентті емес байланысу процесінде каталитикалық белсенділіктің өзгеруімен сипатталатын реттеуші ферменттер. Аллостерикалық реттеушілігі бар ферменттерді кинетикасын зерттеу арқылы білуге болады, ол ферменттер Михаэлис-Ментен заңына бағынбайды және субстрат концентрациясына реакция жылдамдығының тәуелділігі өздеріне тән S тәрізді қисық сызықпен сипатталады. Аллостерикалық ферменттердің кооперативтік қасиеті болады, реттелуі қайтымды. Аллостерикалық ферменттер берілген метаболиттік жолдың негізгі шешушіреакцияларын катализдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет