Т. Н. Ермекова, М.Ә. Жүнісова ТҮркі тілдерін тарихи дәуірлеу



Pdf көрінісі
бет21/38
Дата18.04.2022
өлшемі0,88 Mb.
#31299
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38
Әдебиеттер
1. Қосымова Г. Тарихи атаулар этимологиясы. 2007. 
2. Шарапатұлы Ш. Жалпы тіл білімі, Қ., 2006.  
3. 
Қордабаев Т. Түркология және қазақ тіл білімі.
 А., Санат, 1998.  
4. Исаев С. Қазақ әдеби тілінің тарихы. А., Ана тілі 1996. 
5. Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы, А., Ана тілі, 1993.  
6. Қосымова Г. Тіл тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері. А., 
2011. 
7. Языки мира. Тюркские языки. Бишкек. 1997. 
 


 
59 
ІІ БӨЛІМ. АЛТАЙ ДӘУІРІ 
 
Тіл тарихындағы Алтай және хун дәуірі 
 
1. Орал-Алтай тіл бірлестігі туралы көзқарастар. 
2. Алтай тілдер семьясы. 
3. Түркі тілдерінің қалыптасуындағы Хун дәуірі. 
4. Тенишев Э.Р. Алтай тілдері. 
 
1. Орал-Алтай тіл бірлестігі туралы көзқарастар. Орал-
Алтай  тілдері  –  тіл  білімінің  орал  (фин,  угор,  самоди)  және 
алтай  (түркі,  моңғол,  тұңғыс-маньчжур,  жапон,  корей)  тобы 
тілдерінің  шығу  тегін  зерттейтін  саласы.  Ф.Страленберг  Орал-
Алтай тілдерінің шығу тегі бір деген тұжырым ұсынып, бұл тіл 
білімінде  «Орал  –  Алтай  теориясы»  деп  аталды. ХVIII  ғасырда 
пайда  болған  бұл  теорияны  қолдаушы  ғалымдар  (В.Шотт, 
Ф.Видеман,  М.А.  Кастрен,  О.Бетлингк,  Г.Винклер,  В.Томсен, 
М.Рясянен,  Д.Фокош  –  Фукус,  Дж.Киекбаев,  Б.Базылхан,  т.б.) 
Орал-Алтай  тілдерінің  кейбір  фонетикалық,  грамматикалық, 
лексикалық ұқсастықтарын ескере отырып, бұл тілдердің шығу 
тегі бір деп тұжырымдап, оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс 
топтарына  бөледі.  Орал-Алтай  тілдерінің  теориясына  қарсы 
ғалымдар  (В.Котвич,  Дж.Клоусон,  А.М.  Щербак,  т.б.)  бұл  топ 
тілдерінде  кездесетін  түбір  сөздердің  ұқсастығын,  кейбір  грам-
матикалық  тұлғалардың  сәйкестігін  осы  тілдердің  ұзақ  уақыт 
өзара  тарихи  қарым-қатынаста  болуының  нәтижесі  деп  есеп-
тейді.  Орал-Алтай  тілдерінің  туыстық  ортақтығын  қолдайтын 
ғалым  Б.Базылханның  пікірінше,  бұл  тілдерде  әуелі  жалпылық 
ортақ  элемент  (V,  CV  типті  түбір  морфема)  қалыптасты  да, 
эволюциялық  даму  барысында  жекелік  элементтер  (дыбыстар, 
сөздер,  морфологиялық,  синтаксистік  өзгеше  тұлғалар)  пайда 
болды.  Орал-Алтай  тілдері  эволюциялық  дамудың  «ым  тіл  дә-
уірін», «келте сөз дәуірін», «күрделі сөз дәуірін» бастан кешіріп, 
қазіргі дербес тілдер деңгейіне жетті.  «Ым тіл дәуірінің» басты 
сипаты  бұл  тілде  сөйлескен  адамдардың  өзара  қарым-қаты-
насында  қазіргі  бір,  екі  буынды  түбір  сөздердің,  яғни  алғашқы 
сөздік қордың болмауымен айқындалады. Тек V, CV тұлғасында 


 
60 
дыбыстау  арқылы,  оған  бас  изеу,  қол  бұлғау  секілді  дене  қоз-
ғалысын сәйкестендіру негізінде түсініскен. V, CV тұлғасындағы 
тіл дыбысының саны 140-тай деп көрсетеді ғалым. Бұл екі түрлі 
тіл  дыбысы  Орал-Алтай  тілдерінде  қазірге  дейін  сөз  басында 
сақталған,  оларды  түбір  морфема  деп  атап,  Орал-Алтай  тілде-
рінің  алғашқы  ортақ  түбір  элементі  деуге  болады.  Келте  сөз 
дәуірінде бір, екі буынды түбір сөздер туындап, алғашқы сөздік 
қор жасалды. Мұндай сөздер жұрнақ - жалғаусыз, келте сөйлем 
түрінде қолданылды. Күрделі сөз дәуірі – Орал-Алтай тілдерінің 
дербес  тілдерге  толық  жіктеліп,  «бір-бірінен  алыстаған  дәуір» 
ретінде  тұжырымдалады.  Орал-Алтай  тілдерінің  туыстығы  әлі 
де  зерттей  түсуді  қажет етеді.  Тіл  ғылымында    Орал-Алтай  тіл 
бірлестігіне қарсы пікірлер де бар.  
2.Алтай тілдер семьясы.   
Алтай тілдер семьясы: 
1. Түркі-моңғол тармағы    
2. Тұңғыс-манчжур тармағы     
3. Жапон-корей тармағы 
 
1.1. Түркі тілдері:  
Батыс Ғұн 
Шығыс Ғұн 
 
Батыс Ғұн: 
Бұлғар тобы 
Оғыз тобы 
Қыпшақ тобы 
Қарлұқ тобы 
 
Шығыс Ғұн: 
1. Ұйғыр-оғыз тобы 
2. Қырғыз-қыпшақ тобы 
 
1.2. Моңғол тілдері: 
Ойрат-моңғол 
Бурят 
Моңғол 


 
61 
Халха-моңғол 
2.1. Тұңғыс тілдері: 
1. Эвенка 
2. Нанай-гольд 
 
2.2. Манчжұр тілдері: 
1. Манчжұр 
2. Чжурчжень  
 
3.1. Жапон тілі 
3.2. Корей тілі 
 
Осы күнгі түркі тілдерінің тарихын өте ертеден басталған 
деп  жүрміз.  Бірақ  ертерек  кездерде,  біздің  жыл  санау 
дәуірімізден  әлденеше  ғасыр  бұрын  өмір  сүрген  тайпалар 
одақтары  туралы,  олардың  құрамы  хақында  бізге  келіп  жеткен 
тарихи  мәліметтер  өте  аз.  Мысалы,  біздің  заманымызға  дейінгі 
VІІ-ІV  ғасырларда  жасаған  сақтар,  Орта  Азия  мен  қазіргі 
Қазақстан  даласын  жайлаған.  Бірақ  сол  сақ  тайпаларының  тілі 
жайында біздің білетініміз мардымсыз. 
Тек  қана  «бізге  жеткен  жалқы  есімдерді,  грек,  қытай 
тарихшылары  қалдырған  кейбір  тайпа аттары  мен  жер  аттарын 
талдау»  арқылы  «Қазақстан  территориясын  мекендеген  сақ 
тайпаларының  солтүстік  тобы  түркі  тілдес  болған  да,  оңтүстік 
тобы  иран  тілдес  болған»  деп  есептеуге  болады.  «Оңтүстік 
топқа»  жататын  сақтар  ол  кезде  Қаратау  мен  Арал    теңізінің 
аралығын, Яксарт (Сырдария) өзенінің көбінесе төменгі ағысын 
мекендеген. 
Сақтардың кейін жасаған ірі тайпалық одақтарының бірі – 
үйсіндер  мен қаңлылар. Үйсін  тайпаларының  одағы  Балқаштан 
Ыстықкөлге дейін, Таластан Шуға дейін, қазіргі Жетісу өлкесін 
жайлаған  да,  қаңлылар  тайпаларының  одағы  Қаратау  өңірі  мен 
Сырдарияның  орта  саласында  болған.  Бұлар  түркі  тілінде 
сөйлеген.  
Түркі  тілдерінің  жалпы  даму  кезеңдерін  Н.А.Баскаков 
өзінің  университеттер  үшін  арнайы  жазған  оқулық  кітабында 
(1962 ж., 1970 ж.қайта басылып шыққан) алты дәуірге бөледі: 1) 


 
62 
Алтай  дәуірі;  2)  Хун  дәуірі  (б.з.д.  V  ғасырына  дейін);  3)  Түркі 
тілдерінің  көне  дәуірі  (V-Хғ.);  4)  Түркі  халықтарының  орта 
дәуірі  (Х-ХVғ.);  5)  Түркі  тілдерінің  жаңа  дәуірі  (ХV-ХХғ.);       
6) Түркі тілдерінің соңғы дәуірі. Бұл айтылған дәуірлерге қатыс-
ты қысқаша мыналарды айтуға болады. 
1.  Алтай  дәуірі    туралы  ғылымда  жөнді  мәлімет  жоқ.  Ол 
дәуірдің  қашан  басталып,  қай  кезде  аяқталғаны  әзірге  белгісіз. 
Бірен-саран  жорамалдарға  қарағанда,  орал-алтай  тілдері  деп 
аталып  жүрген  тілдер  тобы  міне  осы  кезде  орал  тілдері  (фин-
угор, самодий тілдері) мен алтай тілдеріне бөлінген тәрізді. Кей-
бір зерттеушілер мысалы, Н.А.Баскаков бұл кезеңді алтай тілде-
рінің өзі де, түркі-моңғол тілдері мен тунгус-маньчжур тілдері 
болып,  өзара  екіге  жарылып,  бөліне  бастаған  дәуір  еді  деп  та-
ниды. 
 «Орал-алтай тілдері»  туралы теорияның о баста негізін 
салушы – ХVІІІ ғасырда өмір сүрген Ф.Страленберг. Оның жо-
лын қуушы ХІХ ғасырдың зерттеушілері – В.Шотт, М.Кастрен, 
О.Бетлинг, В.Томсен, И.Гомбоц, Г.Винклег, О.Доннер, В.Прело 
болды.  Алтай  тілдерінің  өзара  туыстас  тілдер  екендігін  теріске 
шығаратын, яғни Ф.Страленберг теориясына қарсы келетін зерт-
теушілер  де  бар.  Олар  –  Дж.Клоусон,  А.М.Щербак  т.б.  Венгер 
ғалымдары  Ю.Немет  угор  тілдері  мен  түркі  тілдері  өзара  туыс 
тілдер  болу  керек  деп  қараса,  Л.Лигети  алтай  тілдерін    тұтас 
алып,  олардың  туыс  тілдер  екендігін  дәлелдеу  керек  деп  есеп-
тейді.  А.Кононов,  Н.Баскаков,  Г.Санжеев,  Е.Убрятова  сияқты 
совет  мамандары  алтай  тілдерінің  туысқандық  қатынасы 
жайындағы  теорияның  негізін  қалаушы  –  Р.Рамстед.  Ол  алтай 
тілдерін  угор-фин  тілдері  ғана  емес,  үндіеуропа  тілдерімен  де 
тарихи    байланысты  деп  қарайды.  Бұл  пікір  угро-фин  тілдері 
үндіеуропа  тілдерімен  бір  тектес  деп  қарайтын  Виклунд, 
Андерсен, Мункачи, Педерсен, Коллендер, Итконен тәрізді зерт-
теушілердің  ойына  дәл  келеді.  Орал-алтай  тілдерінің  туысқан-
дығы  туралы  мәселе  осындай  толғаныстар  үстінде.  Башқұрдың 
мемлекеттік  университетінде  оқылып  жүрген  «Орал-алтай  тілі 
біліміне кіріспе» деп аталатын курстың бағдарламасында  да бұл 
мәселе осылайша баяндалады. 


 
63 
2.Хун  дәуірі  біздің  жыл  санауымызға  дейін  ІІІ  ғасырдан 
бастап, б.з. V ғасырына дейінгі уақытты қамтиды. Ол кезде Хун 
империясы  Орталық  Азиядан  Шығыс  Еуропаға  дейін  созылған 
кең атрапты түгел алып жатқан да, ондағы түркі, моңғол, тунгус, 
маньчжур  тайпаларын  өзара  біріктіріп,  бірге  билеген.  Б.з.  ба-
сында  (І  ғасырда)  Хун  одағы  екі  топқа  жарылып,  бірі  Шығыс 
Хун мемлекетінің батыс жақ шекарасы Сыр бойына дейін жет-
кен. Екі топтың екеуінде де түркі тайпалары билеп отырған бір-
неше тайпалық одақтар болған. Демек олар түркіше сөйлеген. 
Түркі тілінің дамуындағы алтай дәуірі мерзім жағынан әлі 
анықталмаған, ғалымдардың арасында дау туғызып келе жатқан 
мәселелердің  бірі  дедік.  Осындай  туыстық  белгілер  түркі-
моңғол тілдерінің арасында да бар және олар фонетика жүйесін-
де де, лексика мен грамматика құрамында да кездесетіндігін ес-
кере  келіп,  бір  топ  ғалымдар  түркі  тілдері  өз  алдына  бөлініп 
шыққанға  дейін  алтай  тілдері  семьясынан:  1)  түркі-моңғол  тіл-
дері; 2) тұңғыс-манчжур тілдері; 3) жапон-корей тілдері бөлініп 
шықты  деген  гипотезаны  ортаға  салады.  Ал  Х.Винклер, 
С.М.Широкогоров, 
Б.Коллиндер, 
М.Рясянен, 
Д.Шинор, 
А.Дильачар  сияқты  ғалымдар  тіпті  алтай  тіл  бірлестігінен  де 
арыға барып, орал-алтай тіл бірлестігі теориясын ұсынады. 
Бұл  жоба  бойынша,  бір  кездерде,  хронологиялық  мерзімі 
анықталмаған  дәуірде  орал  тілдері  мен  алтай  тілдері 
генеологиялық жағынан туыстас болған. 
Алтай  тілі  теориясын  қолдаушылардың барлығын  да    бір 
ізді 
пікірде деуге болмайды. Бір топ
 алтаистер (Б.Я.Владимирцев, 
Е.Д.Поливанов,  Н.Н.Поппе,  Г.И.Рамстедт  т.б.)  алтай  тілдерін 
тегі  бір  туыс  тілдер  деп  санаса,  екінші  бір  топ  алтаистер 
(В.Л.Котвич,  Л.Лигети,  Дж.Клоусен  т.б.)  алтай  тілдеріндегі  ұқ-
састық типологиялық ұқсастық деп санайды. Кеңес тілшілерінің 
ішінен  алтай  теориясына  өз  үлестерін қосып,  түрліше  пікір  ай-
тып келе жатқан кеңес ғалымдары: Н.А.Баскаков, Г.Д.Санжеев, 
Дж.Киекбаев, 
Ш.Ш.Сарыбаев, 
В.И.Цинциус, 
О.П.Суник, 
К.А.Новикова, И.В.Кормушин, Д.М.Насилов т.б. КСРО - да бұл 
теорияға байланысты Н.А.Баскаков, Дж.Киекбаев т.б.   еңбекте-
рінен басқа 4 арнаулы жинақ жарық көрді: 1. Проблема общнос-
ти алтайских языков. Л., 1971; 2. Очерки сравнительной лекси-


 
64 
кологии  алтайских  языков.  Л.,  1972;  3.  Очерки  сравнительной 
морфологии  алтайских  языков.  Л.,  1978;  4.  Исследования  в  об-
ласти этимологии алтайских языков. Л., 1979.  
Сонымен  алтай  тілдерінің  туыстығы  туралы  пікірді  жи-
нақтап,  екі  топқа  бөлуге  болады.  Бір  топ  ғалымдар 
Г.И.Рамстедтің  пікіріне    қосылып,  алтай  семьясына  енетін  тіл-
дердің  (түркі-моңғол,  тұңғыс-маньчжур,  корей-жапон)  генеоло-
гиялық  туыстығын  мойындайды.  Олар  (В.Владимирцев, 
Е.Д.Поливанов, 
Н.Н.Поппе, 
Н.А.Баскаков, 
О.П.Суник, 
І.Кеңесбаев,  Ш.Ш.Сарыбаев  т.б.)  алтай  тілдері  бір  негізден 
тараған,  сондықтан  да  ортақ  негізді  мойындайды    десе,  екінші 
бір топ ғалымдар В.А.Котвичтің пікіріне сүйеніп, о баста өзара 
көрші  орналасқан  тілдер,  генеологиялық  жағынан  туыстығы 
болмаса  да,  талай  ғасыр  бойы  араласу  негізінде  жаңа  қасиетке 
ие  болған  дейді.  Сондықтан  да  олар  (Л.Лигети,  Г.Д.Санжеев, 
Т.А.Бертагаев  т.б.)  алтай  тілдеріндегі  ұқсастық  генеологиялық 
негізде  емес,  кірме  материалдар  негізінде  қалыптасқан  деп 
тұжырады.  
Түркі тілдерінің қалыптасуындағы Хун дәуірі.  Хун дәуірі 
алтай  дәуірімен  ұштасып,  байланысып  жатады  да,  біздің  эра-
мызға дейінгі ІІІ ғасыр мен біздің заманымыздың V ғасыры ара-
лығын  қамтиды.  Алтай  дәуіріндегі  тайпалар  туралы  бізде  еш-
қандай  тарихи  мәлімет,  жазба  деректер  жоқ,  дегенмен    біздің 
заманымызға дейінгі дәуірде, Орталық Азия мен Оңтүстік Сібір 
өлкелерінде жасаған түркі, моңғол және тұңғыс-манчжур тайпа-
ларының  басын  біріктіріп  тұрған  Хунну  империясы  болған. 
Тарих беттерінде бұл дәуір жайында жарияланған еңбектер мы-
налар:  1.  Гумилев  А.Н.  Хунну.  М.,  160;  2.  Древние  тюрки.  М., 
1967;  3.  Поиски  вымышленного  царства.  М.,  1970;  4.  Хунны  в 
Китае. М., 1974]. Сонымен қатар хундар туралы алғашқы және 
біршама  толық  мәлімет  б.з.б.    ІІ  ғасырда  өмір  сүрген  Сам 
Цянның «Тарихи ескерткіш» кітабында келтірілгені белгілі.  
Г.И.Рамстедт  көне  алтай  тілі  б.з.б.  ІІ  ғасырда  күйреді 
дейді.  Алтай  ата  тілдік  бірлігінің  жойылуы  В.Котвичтің  дәлел-
деуінше,  б.з.б.  І  ғасыр  басына  келіп  тіреледі.  Л.Лигетидің  ай-
туынша,  алтай  ата  тілі  б.з.б.  ІІ-ІІІ  ғасырларда,  В.М.Иллич-
Свитичтің 
ойынша, 
алтай 
бірлестігі 
ностратикалық 


 
65 
макросемьяларға  кіретін  басқа  бес  тілдік  бірлестіктерден  ерте-
ректе құлаған. 
Қазіргі  зерттеулер  нәтижесінде  О.П.Суник  ата  тілінің  құ-
лауын  б.з.д.  Х  ғасырға  телиді,  ал  ата  тілдердің  маманы 
С.А.Старостин б.з.д. VІІІ ғасырға тән дегенді ұсынады. 
      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет