Т о п о н о м І / ik r ЖӘне этимология қазақ тіл білімінің антологиясы а. Әбдірахманов Топономика жэне этимология Павлодар 2010



Pdf көрінісі
бет107/144
Дата19.12.2022
өлшемі7,05 Mb.
#58216
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   144
Байланысты:
Топонимика және этимология

Маңғышлақ//Маңқыстау 
топонимінің 
этимологиясын 
А. Вамбери мың+қышлақ деп қарады. Ал Ғ. Мүсабаев. кейбір 
түркі (түрікмен) тілдерінде қойды маң деп атауына байланысты 
бұл атау маң (қой)+қыстау//қышлақ деген сөздерден жасалған 
деп түжырымдады (А. Вамбери. Путешествие по Средней Азии. 
СПб., 1865, 160 беті; Ғ. Мүсабаев, Маңғыстау сөзінің семанти- 
касы. «Қазақ ССР Ғылым академиясының Хабарлары», 1946, 
4/29/ шығуы).
Маңқыстау атауының этимологиясы туралы Қ. Өмірәлиев те 
жазды. Ол былай дейді. «Маңғыс сөзіне екі түрлі талдау жасауға
151


болады. Бірінші. Ертеде маңғыс деп аталатын кесіртке типтес 
етқоректі жыртқыш аң болған. Ал монгол ертектерінде бұл 
сөз қазактың жеті басты аждаһасы орнына жүрген... бұл кезде 
жолда күтпеген жерден тоқсан бес басты жыртқыш маңғыс... 
кездеседі (Сб.: «Тюрко-монгольское языкознание и фолькло­
ристика. М., 1960, стр. 233). Сол сияқты маға деп шүбар жы- 
ланды атаған (С. Малов. Памятники древнетюрксой письмен­
ности. 1951, стр. 398). Сонда маңғышлақ/Умаңғыстау дегендегі 
-лақ пен -тау қосымшасына екі тұрғыдан қарауға болады: 
-лақ, -тақ. -тау қосымшасы (қыстақ-қыстау, жайлақ-жайлау) 
мекендікті білдірген. Айталық «қүшлак-кұстар болатын жер» 
(М. Қашғарий. Девону... Ташкент, I том, 432 беті). Демек, 
маңғыстақ (маңғыс+тау), маңғыш+лақ - маңғыс болатын жер 
деген сөз. Немесе «лақ» о баста так (тау) сөзінің түбірге үяндап 
жалғануынан келіп өзгеріске түскен маң-ғыш+тақ>маңғыш 
+лақ>маңғыс+тақ>маңғыс +тау.
Екінші. Маңғыстау дегендегі ічаңғыс сөзін маңғлай - маң- 
дай сөзімен бір төркіндес деп қарауға болады. Маң үйғыр 
тілінде жүру (С. Е. Малов, Язык желтых уйгуров, 1959, стр. 
75), яғни маң - ілгері, алға жүру; ал маңғлай (мандай) - ілгері, 
шығыңқы деген мағынада. Тіпті қазақша мандайы қасқа ат 
пен итті маңқасқа деп те атайды. Демек, бүл маң етістігі мен 
маңдай сөзі түбірлес екеніне дау жоқ.
Егер «Маң-маң басқан сары атан,
Маңғыстап шығар өріске»
(Махамбет).
Дегендегі маңғыс+та+п сөзінің де жоғарғы екі сөзбен 
бірлігін ескерсек, онда маң, маңғы (лай), маңғыс+та сөздері 
-«ілгері, шығыңқы» магынасындағы сөздер. Сонда Маңгыстау 
сөзі ілгері, сұқпа, сүгыңқы, кіріңкі тау, яғни түбек тау дегенмен 
мағыналас болмак» (Қ. Өмірәлиев. «Қазақстан мектебі» журна­
лы. № 3, 1963, 80-81 беттері).
152


Автордың 
келтірген 
екі 
жорамаларының 
екіншісі 
көңілге қонбайды. Өйткені, мүнда сөз түбірінің маң бөлімі 
түсіндірілгенімен 
келесі 
ғыс+тау 
бөлімдері 
ойдағыдай 
ашылмаған. Сондықтан біз оған тоқталмаймыз.
Қ. Өмірәлиевтің Маңғыстау топонимінің этимологиясын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет